Психолог сөз алып, келген ата-аналармен амандасып, өзін таныстырды. Тренинтің мақсатымен, міндеттерімен және бағдарламасымен таныстырды.
1.«Танысу» жаттығуы – ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиетті кезекпен айтып шықты.
2. Топқа бөлу – ата-аналар сол тұрған күйлерінде өздеріне ұсынылған 3 түсті стикердің біреуін таңдап, түстер бойынша топтарға бөлініп орындарына жайғасты.
3. Ой жинақтау бөлімінде 3 топқа 3 түрлі тапсырма берілді. Сол тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салады. Ойлануға берілген уақыт – 5 минут.
I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.
II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.
III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.
4. Ситуациялық сұрақтар– бөлімінде 10 ата-ана парақтарға жазылған ситуацияларды таңдап алды, алған ата-ана өзі сол ситуациядан қалай шығу жолын айтып берді.
5. «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» –ата-аналарға әр суретті салуға 5-10 сек.уақыт берілді(қосымша тіркелді).