Тақырыбы: «Ертегі терапиясын қолдану жолдары» Дайындаған: 3сво тобының студенті Ерболатова А. Жетекшісі: Ғалымова Р. М. Орал-2014 жыл Жоспар


Балалардың жас кезеңдеріне сай ертегі терапиясын қолдану



бет4/7
Дата11.12.2022
өлшемі101 Kb.
#56556
1   2   3   4   5   6   7
Балалардың жас кезеңдеріне сай ертегі терапиясын қолдану
техникасын үйрету
Жұмыстың кезеңдері:
I- кезең : Қыздыру
Мақсаты: қатысушылардың ертегі атмосферасына батуы.
Материалдар: музыкалық ойнатқыш, музыкалық жазбалар, тыныш, әуенді музыка.
Жаттығу "Ертегінің ауқымы" (тренинг -жаттығу құрастырушыларымен әзірленген)
Уақыты: 10-15 мин.
Нұсқау: "Ал, қане кішкене уақыттың ішінде ертегі әлеміне шомылайық. Сіздің әрқайсысыңыз әртүрлі ертегілер білесіз. Ал, енді сол ертегілердің ішіндегі барлығына танымал кейіпкерді әрқайсымыз атауымыз қажет. Кезекпен кезек ертегі кейіпкерлерін атайды.»
Жаттығудың келесі кезеңінде ертегідегі ең маңызды бөлігін атауды ұсынады.
Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Бұл жаттығуды орныдау сізге қиынға соқты ма?

  2. Сіз айтқан кейіпкерді басқа қатысушылар атап қойған жағдай кездестіме?

  3. Жаттығу барысында сіз таңдаған кейіпкерді басқа қатысушылар қолданбадыма немесе мүлдем аталмады ма?

  4. Ертегінің ішіндегі мәтінді еске түсіру қиын болды ма?

II – кезең: Негізгі қызмет
Мақсаты: ертегінің ертегіні қолдану арқылы өзін тану, шынайы жағдайлармен байланыстыру, шығармашылық қиялын дамыту, босаңсу, бірлескен дағдының жаттығуы.
Материалдар: музыкалық ойнатқыш; музыкалық жазбалар.
ЖАТТЫҒУ: "БАТЫР"
Мақсаты:балаларда креативтілікті дамыту, ертегіні арқылы жетістікке ұмтылу, өзін-өзі басқару.
Уақыт: 1 сағат.
Айтылмыш жаттығу 2 бөліктен құралады.
1 БӨЛІК. «ЕРТЕГІНІҢ БАТЫРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ»
Нұсқау: Ыңғайлы отырыңыз. Өздеріңізге жайлы және денеңізді бос отыруыңыз сұралады, себебі, бірнеше минутқа созылады. Көзді жабуға болады, бірақ міндетті емес. Сіздердің ойларыңыздағы бейнелерді ашық көзбен елестете алатындай болу қажет. Ал енді, дайындалайық. Сіздер қазір үлкен ертегілер әлеміне енесіздер. Бұл әлемде әртүрлі адамдар өмір сүреді. Жер бетіндегі ертегі кейіпкерлерінің барлығы сол әлемде тұрады. Бұл жерде сіз өзіңіздің сүйікті ертегі кейіпкеріңізді кездестіре аласыз. Қазір сіз өзіңіздің санаңызға келген кейіпкерді ғана есіңізге түсіріңіз, еске түсіру үшін күш қолдану қажет емес. Көз алдыңызға барлық кейіпкерлердің тізбесі тұру мүмкін, ішінде сіз ойлаған кейіпкерде кездесуіде ғажап емес. Сол кейіпкерлердің ішінде сіздің қасыңызда қалатын сүйікті кейіпкеріңізді анықтаңыз. (Іркіліс.)
Ендеше сіздің көз алдыңызға елестеген кейіпкерді мұқият қараңыз. Кейіпкердің сыртқы келбетіне мән беріңіз. Ол қозғалады ма, әлде жоқ па? Ол не істейді? Оның сырт келбетінде ерекше не байқалады? Қандай жағдайда оны көріп тұрсыз? Оның қасында біреу бар ма? Қаншалықты жарқын, анық көріп тұрсыз? Ал, енді ойша кейіпкермен қоштасыңыз! Ал енді біздің аудиториямызға оралайық. Көздерін жұмған қатысушылар көздерін ашуға рұқсат! Жаттығу барысында елестете алған кейіпкерлеріңіз туралы ой бөлісейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет