Эпика – оқиғаны, тұрмыс, табиғат, адам характерін баяндау сипатында
беретін тектің түрі.
Лирика – ақынның ішкі әлемін, өзіндік «менді» бейнелейтін, оқиғасыз,
субъективті тектің түрі.
Драма – кейіпкерлер жүйесі белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында өзара
тартысқа түсетін тектің түрі.
Драматизм – белгілі бір жанрдағы шығарманың өне бойында тартыс пен
қақтығыстың молынан көрініс табуы
Лиризм – белгілі бір туындының өне бойында әрекет-оқиғадан гөрі сезім-
күйдің, толғаныстың басым болуы
Канон - қандай да бір нормаларды толық жүзеге асыратын үлгі, әрекеттің
жүзеге асуының сәйкестілік нормасы
Постулат - жанрлық канондардың нақты бір бейнелер (постулат) иеленуі.
Эталон – белгілі бір бірегей құбылыстың бағалану өлшемі
Достарыңызбен бөлісу: