Тақырыбы: Эстетика, өнер, сөз өнері туралы негізгі



Pdf көрінісі
бет29/39
Дата02.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#24707
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
downloadPdfUmkd

                             

 Мақсаты: Көркем туындының  мазмұны мен пішіні, көркемдік тұтастық 



мәселелерін ашу 

 

1. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні 



     2. Көркемдік тұтастықтың туындыдағы көрінісі  

  Негізгі  ұғымдар:  Мазмұн  мен  пішін,  көркемдік  тұтастық,  автор  бейнесі, 

шығарма құрылымы, баяндау тәсілі, автор мен баяншы.  

 . 


   Дәріс (тезис) 


          

     Көркем мәтін - өзара ішкі байланыстары мол көпқабатты құбылыс. Әдеби 

шығармада 

сюжет 


оқиғалардың 

тізбегінен, 

яғни 

уақыт-кеңістік 



қатынасындағы  кейіпкерлерінің  өмірінен,  бір-бірімен  алмасып  отыратын 

әрекет-жағдайлардан  тұратыны  белгілі.  Онда  берілген  үлкенді-кішілі 

әрекеттердің  бірлігі  сюжет,  идея,  кейіпкерлер  арқылы  қабысады.  Автордың 

толғамы әр түрлі ситуация ішінде шектеусіз көрініп отырады да, шығармадағы 

оқиғалар уақыттан тыс, кешенді де сипат алады.  

     Көркем шығармада баяндаушы немесе әңгімешінің орны ерекше. Олардың 

ерекшелігі  оқиғаны  жеткізулерінен  айқындалады.  Біреуі  оқиғаны  үшінші 

жақтан  баяндаса,  екіншісі  оқиғаның  қатысушысы  ретінде  көрінеді.  Әдебиет 

зерттеушісі  В.Е.Хализев:  “Оқиғаны  өз  атынан  тікелей  баяндайтын  адамды 

әңгімеші деу керек”,-дейді. Үшінші жақтан баяндайтын адам өзін бәрін білетін 

автор  ретінде  немесе  белгісіз,  жасырын  әңгімеші  ретінде  көрсетуі  мүмкін. 

Бірінші жақтағы баяншы тікелей автор да, нақты әңгімеші де, шартты түрдегі 

баяншы  да  болуы  мүмкін.  Осы  жағдайдың  әрқайсысында  әр  түрлі 

мүмкіндіктерімен  ерекшеленеді.  Енді  бір  жағдайда  мәтіннің  авторы  өзінің 

нақты позициясын әр түрлі: өзі арқылы, жасырын автор түрінде, аты аталмаған 

басқа кейіпкерлер атынан да беруі мүмкін.  

       Баяншы  –  оқырманға  кейіпкердің  әрекеттері  туралы  баяндап,  оның  өту 

уақытын  белгілеп,  кейіпкердің  бейнесін,  ортасын  суреттеп,  оның  ішкі 

дүниесін ашады. Бұл кезде ол бәрінен тысқары тұрады. Баяншының міндеті 

бір мезгілде өзі бейнелеп отырған шектеулі кеңістікте көріне отырып, оның 

оқырмандарына да арналады. Яғни, автордың бейнелеп отырған кеңістігінің 

сыртына  да  шығып  кетеді.  Сонда  баяншы  белгілі  бір  адам  бейнесі  емес,  ол 

қызмет, функция деген жөн. Баяншының автордан өзгешелігі ол суреттелетін 

уақыт  пен  кеңістіктен  тыс  тұрады.  Сондықтан  ол  алдыңғы  кезекке  тез  өте 

алады немесе кейін орала алады. Сол сияқты оқиғаның алдындағы мәселені 

немесе  оның  нәтижесін  біліп  отырады.  Алайда,  оның  мүмкіндігі  көркемдік 

бүтіндіктің  шектеулігіне  байланысты.  Баяншыға  қарағанда  әңгімешінің 

ерекшелігі автор мен оқырманның ойластырған әлемінің шекарасында емес, 

бейнеленетін шындықтың бүтіндей ішінде болады. Барлық негізгі мәселелер 

“өзі  әңгімелейтін  оқиға”  бұл  жағдайда  бейнелеудің  негізіне,  ойдан 

шығарылған  шынайылықтың  айғағына  айналады.  Оқырмандарды  оқиғамен 

тікелей  таныстыратын  шығармаларда  (мәселен,  күнделік,  хат,  монолог) 

баяншылар  болмайды.  Сонымен  кең  түрде  алғанда  баяндау  –  баяндаушы, 

әңгімеші,  автор  бейнесінің  сөйлесулерінің  жиынтығы  бола  отырып, 

бейнеленіп отырған әлем мен оқырмандардың арасындағы дәнекерлік қызмет 

деген  сөз.  Яғни,  баяндау  кең  түрдегі  мағынаға  ие  болады.  Ол  суреттеу,  ой 

толғау, тікелей және жанама түрде көрінетін тілдік құрылым ретінде көркем 

шығармада барынша кең қолданылады.  

     Көркем шығармаларда басым орында баяндау алады, яғни автор өз сөзімен 

оқиғаны баяндап береді. Ол қатысушылардың тартыстарының нақты себебін 

ашып  кейде  екі  суреттеудің  арасына  дәнекер  болады,  қиюластырады,  кейде 

көрсетейін  деген  өмір  құбылысына  бағыт  сілтейді.  “Көркем  шығарманың 




құрылысын талдағанда, мақсат тек байланысын, дәлелдеуін, шарықтау шегін 

немесе кейіпкерлердің жасалу жолдарын, пейзаж, баяндауларын танып, білу 

ғана емес, шығарманың бүтін дүние ретіндегі тұтастығын, оны баяндаудағы 

автордың шеберлігін де білу керек.”  

    Көркем  шығарманы  оқығанда  барлығы  бірыңғай  емес,  әр  алуан  әдіс,  әр 

түрлі  жолдармен  құрылады.  Көрсетейін  деген  өмір  құбылыстарын  қалай 

суреттемек,  композициясын  қалай  қиыстырмақ,  қайткенде  ол  тартымды, 

қызықты  болады,  міне  осыларға  байланысты  мәселелер  алдыңғы  кезекте 

тұрады. Жазушы шығармасында бір оқиғаны, оған қатысушы адамдарды және 

олардың айналасын көрсете отырып, көбінесе осылардың барлығын өзі қалай 

көрді, білді, оны ашып айтпайды. Шығарманың композициясында баяншының 

рөлі үлкен. Оның маңызы мынадан көрінеді:  

а) адамға, оқиғаға белгілі бір көзқарасы

ә) айтылған оқиғаның тәртібі және оның характері

б) оқиға жайындағы пікірмен  байланысты түсіндірменің характері; 

в) оқиғаны аңыздаудың характері.     

      Кез  келген  әдеби  туындыда  біз  шынайы  өмірден  алынған  ақиатты 

сезінеміз. Әрине, ол болмысты сол күйінде суреттемейді. Әдебиет  - өмірдің 

шындығын,  оқиғалар  мен  әрекеттерді,  құбылыстарды  сол  күйінде  емес, 

жинақтай,  көркемдей  суреттейді.  Яғни,  әдебиеттегі  өмір  дегеніміз  -  өмірдің 

бейнесі.  Қандай  көлемді  шығарманың  өзі  өмірдің  барлық  қырын  қамти 

алмайды,  яғни  уақыт,  кеңістік,  әрекет  жағынан  шектеулі  аяда  қалады. 

Сонымен, тұтастай алғанда, әдеби шығарма – үнемі қозғалыс үстінде болатын 

адам  өмірінің  қандай  да  бір  шектеулі  ортадағы  көркем  бейнесі.  Әдеби 

шығарма  сонымен  бірге  –  нақты  ұғым.  Себебі,  біз  оны  қолымызға  алып 

оқимыз,  көзбен  көреміз.  Олай  болса  бір  әдеби  шығарма  басқа  өнер 

туындысының  өмірге  келуіне  де  ықпал  етеді.  Сонда,  біріншіден,  әдеби 

шығарма  өмірдің  бейнесі;  екіншіден,  ақиқат  өмірдегі  нақты  зат  болып 

табылады.  

      Әдеби  шығарманың  өмірден  орнын  табу  үшін  қаламгердің  оны  жазып 

шығуы  жеткіліксіз,  сонымен  бірге  оны  оқырман  қабылдауы  керек.  Яғни 

қаламгер  өз  шығармасында  оқырманның  көкейіндегі  мәселені  тереңнен 

қозғап, әдеби шығармада бейнеленген өмірді әр оқырман өз өміріндей жақын 

қабылдап,  “әдебиеттегі  өмірге”  жан-тәнімен  араласып  кететіндей, 

сана-сезіміне  әсер  ете  алуы  керек.  Бұл  мәселелер  мазмұн  мен  пішіннің 

бірлігінен  келіп  жүзеге  асады.  Мазмұн  –  ақиқат  өмірді  танып-білу  мен 

сараптаудан, бейнелеуден туатын тұтастық. Бұлар өзімен-өзі жеке-дара қалып 

қоймайды. Олар әдеби шығармада бейнеленген оқиғалардың, іс-әрекеттердің, 

сезім-күйлердің өне бойында көрініс тауып отырады. Шығармадағы қандай да 

бір бөлшектің тек көркем сөз арқылы ғана өмір сүретіні белгілі.  

 

   Тұжырымдар. 



 

1.    Көркем шығарманы оқығанда барлығы бірыңғай емес, әр алуан әдіс, әр 

түрлі  жолдармен  құрылады.  Көрсетейін  деген  өмір  құбылыстарын  қалай 



суреттемек,  композициясын  қалай  қиыстырмақ,  қайткенде  ол  тартымды, 

қызықты  болады,  міне  осыларға  байланысты  мәселелер  алдыңғы  кезекте 

тұрады. Жазушы шығармасында бір оқиғаны, оған қатысушы адамдарды және 

олардың айналасын көрсете отырып, көбінесе осылардың барлығын өзі қалай 

көрді, білді, оны ашып айтпайды. Шығарманың композициясында баяншының 

рөлі үлкен. Оның маңызы мынадан көрінеді: 

  

а) адамға, оқиғаға белгілі бір көзқарасы; 



ә) айтылған оқиғаның тәртібі және оның характері; 

б) оқиға жайындағы пікірмен  байланысты түсіндірменің характері; 

в) оқиғаны аңыздаудың характері.     

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет