Тұжырымдама
1. Әдебиеттануда «өлең құрылысы» немесе «версификация» деген түсінік
бар. Бұл «өлең құрастырушылық», өлең тіліндегі дыбыстық құрамды
үйлестіру дегенді білдіреді.
2. Метрикалық немесе квантативті жүйе өлең жолдарының айтылу
уақытының сәйкестігіне (изохронизм) негізделіп, тармақтағы дыбыстық
өлшемдер буындардың созылыңқылығы немесе қысқа қайырылуы
арқылы реттеледі.
3. Өлең құрылысындағы силлабикалық жүйені буын саны анықтайды.
Тоникалық жүйедегі өлшем екпін саны (изотонизм) болып табылады.
Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама
Студенттер өлең құрылысы, өлең жүйесі мәселелерін игеріп, мәтіндік
талдауда айқындай алуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2002.
2. Ісімақова А. Асыл сөздің теориясы. А., 2009.
3. Хализев В.Е. Теория литературы. М., 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |