субъектінің сөзі [речь] емес, ол көркем шығарма құрылымында тіпті атала да
бермейді. Бұл шығарманың жиынтық мазмұнының мәні, күллі тілдік жүйесі,
кейіпкерлерінің баяндаушы және әңгімелеушімен қатынасы, идеялық-
стилистикалық тұрғыдан тұтас сиқырлы түйіні [фокусом целого] болып
табылады”.
Ендеше, “автор образы” категориясын тек бір ғана образ деп түсіну дұрыс
емес екенін ғалымның өзі де мойындайды. Демек, автор – тұтас көркем
шығарманың
идеялық-мазмұндық,
композициялық
құрылымын
ұйымдастырушы. Ол көркем шығарма табиғатынан нақты объект ретінде
орын алатын баяндаушы, әңгімелеушімен тығыз байланыста, шығарма
мәтінінде негізгі рөл атқаратын субъективті бейне.
Ал біз “автор образын” автордың немесе шығармашылық тұлғаның
абсолютті авторитет образы [образ-авторитет] деп, ақиқатына сүйенсек,
көркем мәтіндегі авторитет тұлға ретінде қабылдауды жөн санаймыз. Өйткені
көркем шығармада образдар кез келген шығармашылық процесс кезінде басты
тұлға автордың табиғатынан туындап қана қоймайды. Автордың өз басы дара
әрі абсолютті авторитет образ биігінен көрінеді. Сондықтан Бахтин “автор
авторитетін” бәрінен де жоғары қоя отырып, авторды белгілі бір адам
ретінде, белгілі бір бейне, қаһарман ретінде қарастырмай, оны тек принцип
ретінде қарастырғысы келеді. Демек, Бахтин принципі автор авторитетін алға
шығара отырып, көркем мәтінде авторды біз ұсынып отырған шығармашылық
мазмұндағы авторитет тұлға деген табанды ойға ден қойғызады Бұл жөнінде
ХХ ғасыр басында-ақ А.Байтұрсынов анық ой қорытқан: “Әуезелеуші [автор
– М.О.] айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқарғы ғаламда болған істі
әңгіме қылады. Тысқарғы ғалам деудің мәнісі – адамда екі ғалам болады: ішкі
ғалам, тысқы ғалам. Ақыл, көңіл, қиял сияқты адамның рухына қараған жағы
ішкі ғалам болады да, онан басқалары – басқа адамдар, мақұлықтар, нәрселер,
бүкіл дүние тысқы ғалам болады... Ақын әуезе түрінде сөйлегенде, уақиғаның
ішінде өзі болып, басынан кешірген адамша сөйлемейді. Тек сыртта тұрып
бақылап, уақиғаға көз салған адамша, қатта біреуден естіген адамша айтады...
Бірақ әуезеге алынған уақиға болғандықтан, және де ол уақиғаға айтушы
өзінше көрік беріп шығарғандағы сөзі әуезе болады” [6, 407 б.].
Бұл жерде А.Байтұрсынов көркем шығармадағы автордың “өзін
қатыстырмай” “өзінен тысқарғы ғаламда болған істі” әңгімелей отырып, өзінің
“ішкі ғаламының” күйін, яғни жоғарыда біз айтқан рухани және көркемдік
әлемін, “адамның [автордың – О.М.] рухына қараған көңіл, қиял, ақыл” сияқты
рухани әлемінен тудыратынын айғақтап береді. Сонымен бірге өзі жасаған
көркем шығарманың ішінде автордың шығармашылық тұлғасы “сыртта тұрып
бақылап, уақиғаға көз салған адамша” шығарманың төбесінен төне қарап,
“тысқарғы ғаламды” “өзінше көрік беріп” суреттейді.
Осы арада көңіл қоятын бір нәрсе – Байтұрсынов “әуезе” деп әңгіме,
тарихи әңгіме, оқиғалы дастан сияқты көркем шығарманың нақты бір түріне
тоқталып, сондағы әуезелеушіні [автор] шығарманы қалай баяндап,
әңгімелейтініне, яғни автордың баяндаушы, әңгімелеуші қызметін атқаратын
тұлғасына тоқталған. “Әуезе тысқы ғалам турасындағы сөз” дей келіп, сол
“тысқарғы ғаламды” өзінше “көрік беріп” тудыратын автордің рөлін
анықтаған. Автор өз шығармасында “тысқы ғаламды” жайдан жай сөз
қылмайды, белгілі бір позициясы болғандықтан да сөз қылады. Сондықтан
өзінің “ішкі ғаламындағы” рухани және көркемдік әлемін барынша
пайдаланады.
Байтұрсынов көркем шығарманың түріне қарай авторды әртүрлі
атаулармен әуезелеуші, толғаушы, жазушы, ақын, сарындаушы т.б. деп
атаған.
Авторды толғаушы дегенде: “толғаушы ақын әуелі көңілінің күйін,
мұңын, мүддесін, зарын, күйінішін, сүйінішін айтып, шер тарқату үшін
толғайды, екінші ішкергі ғаламында болған халдарды, нәрселерді тысқа
шығарып, басқаларға білдіріп, басқаларды сол көңілінің күйіне түсіріп, халін
түсіндіру мақсатпен толғайды” [6,450 б.] деп көрсетеді.
Авторды әуезелеуші дегенде әңгіме, тарихи әңгіме т.б. шығармалардағы
рөлін айқындаса, толғаушы деп лирикалық өлеңдегі басқаларға құпия жан-
дүниесінің сан түрлі сырын ақтаратын, басқаларды өзінің көңіл күйіне бөлеп,
ойы мен сезіміне еліктіретін ақынның рөлін көрсетеді. Демек, автордың
поэзиялық шығармадағы позициясын нақтылап береді. Ол – біріншіден,
“толғаушы” – автор өз “мұңын, мүддесін, зарын”, күйініш-сүйінішін айтып
шер тарқату”, екіншіден, сол “шерін” басқаларға білдіріп, басқаларды “сол
көңілінің күйіне түсіріп”, үшіншіден, осы “халін түсіндіру мақсатпен
толғайтынын” анықтаған.
Ал сарындаушы дегенде: “Сарындаушы өз заманындағы бар тұрмысты
ғана суреттеп қоймайды, өнеге үшін жоқ тұрмысты да алып суреттейді” [6,450
б.] деп сарындаушы-автордың өзі өмір сүрген заманның, қоғамның
шындығын көркем шығармасына өзек етіп қана қоймай, өмірде жоқ өз
фантазиясы мен қиял байлығынан да қосып, өзінше бір кең көлемді туынды
туғыза алатынына баса мән береді. Бұл жерде авторды сарындаушы деп роман
жанрына қатысты орнын анықтайды.
Орыс әдебиеттану ғылымында зерттеушілер Байтұрсыновтың сарындаушы,
әуезелеуші, толғаушы, ақын деген атауларын баяндаушы [повествователь],
Достарыңызбен бөлісу: |