СОӨЖ
.
Орындаған:Шатанова Самал
Мамандығы:6В01504
Топ:Фок-202
Тексерген: п.ғ.к.,қауымдастырылған профессор м.а.
Джанаев М.Б
Алматы 2023
Жоспар:
• Кіріспе
• Мұражайдың құрылуы
• Мұражайдағы экспонаттары
• Мұражайдағы қойылымдар
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі - қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының Жаңажол ауылындағы үйде орналасқан. Бұл әдеби-мемориалдық музей 1991 жылы ашылды.
Негізгі бөлім
Қазақстанның халық жазушысы,академик,Социалистік Еңбек Ері Ғабит Мүсірепов Махматұлы – XX ғасырдағы аса көрнекті сөз зергерінің бірегейі болды. Оның шығармалары еліміздің және шетел оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген.
Ғабит Мүсірепов 1968-1985 жылдар аралығында тұрып, жемісті еңбек еткен үйінде, яғни қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының Жаңажол ауылындағы үйде 1991 жылы әдеби-мемориалдық музей ашылды. Музей экспозициясынан 1932 жылдың 4 шілдесінде жазылған атақты "Бесеудің хатын" көре аласыздар. 1932 жыл (аштық )мен 1937 жыл (Сталиндік репрессия) - Ғ. Мүсірепов үшін ең бір ауыр жылдар еді. "Бесеудің хатын" жазғандар республикаға танымал адамдар болатын: Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Мүташ Дәулетқалиев, Емберген Алтынбеков, Қадір Қуанышев. Жеке кітапханасы. Кітапханасының мол бөлігін жазушы көзі тірісінде туған ауылының мектебіне сыйлапты. Қазақ жазушыларың ғана еңбектері емес, Шекспир, Марк Твен, Оноре де Бальзак, Гете, Ромен Роллан сияқты көптеген шетел классиктерінің де туындысын көре аламыз. Музей экспозициясы Ғ. Мүсіреповтің қоштасу хатымен аяқталады. 1985 жылы 28 желтоқсанда ауыр халде жатқан жазушы жас ұрпаққа арнаған өзінің соңғы сөздерін жаздырды: "... Қойны суық қасиетті қара жер құшағына, міне, мен де кеткелі жатырмын. Үмітпен, күреспен, сеніммен өткізген ұзақ ғұмырымды қорыта қарасам қуанышым да, ренішім де мол екен..."
Музей екі: әдеби және мемориалдық бөлімдерден тұрады.
Ә деби бөлімінде жазушының өмірі шығармашылық жолынан сыр шертетін экспонаттар қойылған. Екінші мемориалдық бөлмеде жұмыс кабинеті мен демалатын бөлмесі , көзі тірісінде тұтынған, қажетіне пайдаланған , Ғабиттың қолы тиген заттары сол қалпында сақталған.
Ғ. Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей-кешені Халықаралық әлем музейлерінің каталогына енген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан музейлері. Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2009.-280.
Достарыңызбен бөлісу: |