3.Эратосфеннің градустық өлшемдері
Ал біздің эрамызға дейінгі II ғасырда Эратосфен Киренский Асуан (Сиена) мен Александрия аралығындағы меридианның кесіндісін (доғасын) градусын (бұрыштық қашықтығы) жергілікті жерде өлшеп, меридианның бір градусының ұзындығы 110,6 км тең екендігін есептеп шығарған. Мұның өзі шын орташа өлшеміне (111,2 км) жақын келеді.
Бұрышты өлшеу Эратасфеннің өзі ойлап тапқан скафис аспабы арқылы өлшенді.Александриядағы күн сәулесінің құлау бұрышы зениттік бұрыштан 7°12'-қа ауытқыды. Екі қала аралығындағы меридиан ұзындығы анықталды. Ол кезде гректер ара қашықтықты стадиямен өлшейтін.(Стадия- ол 125 қос адымның немеме 192,2 м-ге тең өлшем бірлігі) Екі қала аралығы 5000 стадия болды. 5000 стадиядағы доға 7°12'-қа сәйкес келетінін біле отырып, үлкен доғаның 1° шамасын анықтау қиын емес еді, соңынан радиус пен меридиан ұзындығы есептелді. Эратасфен өлшеген Жер радиусы 6120 км (6371 км), экватордың ұзындығы 39 500 км.
Қазіргі кезде біз Жер өлшемін айтқанда Ф.Н. Красовскийдің эллипсоид өлшемін қолданамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |