Тақырыбы: Ғалам туралы ғылыми көзқарастар Дәріс Ғалам туралы ғылыми көзқарастар



бет14/20
Дата31.12.2021
өлшемі3,5 Mb.
#23807
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Географиялық қабық – адамзат қоғамы өмір сүріп, дамитын табиғи орта.

Географиялық қабық – атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера өзара бір-біріне енетін және өзара әсер ететін Жер қабығы. Георафиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр түрлі белгілейді. Оның нақты шекарасы жоқ. Көптеген ғалымдар оның қалыңдығы орта есеппен 40-55 км аралығы болар деп есептейді. Жердің көлемімен салыстырғанда ол жұқа қабық.

Компоненттердің өзара әсер етуінің нәтижесінде географиялық қабықтың өзіне ғана тән қасиеттеріне ие болады. Мұнда тірі организмдер бар, топырақ, жасыл өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, онда органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыру процесі жүріп жатады. Заттар қатты, сұйық және газ түрінде болады, мұның Жер бетінде тіршілікті дамыту үшін зор маңызы бар. Дәріс. Тірі ағзалардың құрылысы мен ерекшеліктері



Жасушалардың әрқайсысы органоидтардан құралатын күрделі биологиялық жүйе болып саналады. Жасушалардың барлық органоидтарының құрылысы күрделі, бірімен-бірі өзара әсерлеседі және белгілі мүлтіксіз қызмет атқарады. Тек бір ғана органоид қызметінің өзгеруінен жасуша ішіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіпті жасуша тіршілігін жояды. Жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұратын көпжасушалы ағзаның да жоғары деңгейлі жаралымы болады. Ағзаның барлық мүшелерінің құрылысы күрделі және өздеріне тән қызметті өзге мүшелерге мүлтіксіз үйлесімдікте орындайды. Бір мүше қызметіндегі өзгеріс біртұтас мүшелер жүйесінің бұзылуына әкеледі, тіпті ағзаның тіршілігі жойылады. Тіршілік иелерінің химиялық құрылымының бірлігі. Тірі ағзалар органикалық және бейорганиқалық заттардан түзілген. Жасуша ағзалық заттарының негізгі массасы нәруыздардан, майлардан, көмірсулардан, нуклеин қышқылдарынан, АТФ және өзге заттардан құралады. Жасушаның бейағзалық заттары - су және минералды тұздар. Органиқалық зат молекулалары жасушаның органоидтарын түзеді. Еріген заттары бар су жасушаның ішкі ортасын құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет