Салыстырмалы әдіс Лингвистикалық зерттеулердің алғашқы ғылыми әдістерінің бірі – салыстырмалы-тарихи әдіс болды. Ол әдістің негізін ХІХ ғасырдың басында Ф. Бопп, Р. Раск, Я. Гримм қалады. Бірақ та бұл зерттеулер атомарлы түрде, яғни жүйесіз түрде жүргізілді. Бұл танымдық зерттеулердің әдісі зерттеудің мақсат-міндеттерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан танымның әдіс-тәсілдерін зерттеу мақсаттарынан тыс қарастыру мүмкін емес.