Практикалық жұмыс 5
Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысынң негізгі компоненттері, ғылым логикасы
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: Кез келген педагогикалық зерттеу жұмысының ғылыми аппараты болады. Оны әдіснамалық аппарат деп атайды. Жұмыстың бұл бөлімі кіріспеде қарастырылады.
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзектілігі және мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болдамы, зерттеу әдістері, теориялық маңыздылығы, практикалық мәні болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру. Дәл осы мәселені дәл осы уақытта зерттеу не үшін қажет деген сұраққа жауап береді.
Зерттеу тақырыбы – зерттеу мәселесі мен аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болу керек. Нені зерттеумен айналысамыз деген сұраққа жауап береді.
Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Оған педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым жатады). Бұл зерттеуде не нәрсе қарастырылады, ғылыми таным үрдісі неге бағытталған деген сұраққа жауап береді.
Зерттеу пәні – объектінің ішкі ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құыбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы. Тақырыппен сәйкес келіп, тұжырымдау бойынша
Зерттеу пәні – объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы. Тақырыппен сәйкес келіп, тұжырымдау бойынша соған ұқсас болып келеді.
Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну. Қандай нәтижеге жетуді көздеймін, қорытынды не болады деген сұрақтар төңірегінде құрылады.
Зерттеудің міндеттері – зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады. Мақсатқа жету үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді.
Зерттеудің болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Зерттеу болжамы егер ..., онда..., өйткені... деген ұғымдармен байланысып құрылады.
Жоғарыда аталған ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, дұрыс ғылыми нәтиже алынбайды.
Зерттеу логикасы: Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философилық ғылымның бір саласы. Әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар. Әрбір ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады.
Тақырыпты, өзекті мәселені, мақсатын, объектіні, пәнді, зерттеу міндеттерін анықтау
Зерттеу жоспарын құру және жоспардың бірінші нұсқасы бойынша орындау
Зерттеудің проблемасы бойынша әдебиеттер тізімін құру.
Зерттеудің жалпы әдістемесін және әдістерін, базасын белгілеу.
Теориясын және тарихын зерттеу, негізгі ғылыми ұғымдарды талдау.
Осы проблеманың практикалық жүзеге асырылуын зерттеу
Белгілі көрсеткіштер бойынша диагностикалау әдістемесін құру.
Алынған нәтижелерді талдау, жинақтау және болжам негізінде құру.
Болжамды тексеру әдістемесін ұсыну.
Тәжірибелік-эксперменттік жұмыстар жүргізу (анықтау және қалыптастыру, бақылау эксперименті, тәжірибелік жұмыстар)
Бақылау срездерін жүргізу.
Алынған нәтижелерді талдау және қорытындылау, зерттеліп отырған проблеманы теориялық тұжырымдау.
Практикалық нұсқауды ұсыну
Жұмысты безендіру және зерттеу жұмысынң мәнін редакциялау.
Бақылау сұрақтары: Зерттеу жұмысының қандай бағыттары бар?
Ғылыми зерттеу деңгейлерінің арақатынасы қандай?
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері мен ғылым логикасы нені қарастырады?
Үйге тапсырма: Диссертация тақыры бойынша авторефераттардың ғылыми аппараттарын талдау және екі авторефератты салыстыру
Диссертация тақырыбының ғылыми аппаратын құру.
Ұсынылатын әдебиеттер: Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі. Қаңтарбай С.Е.,Жүсіпова Ж.А.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқулық.-Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011.-272-бет.
Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі [Мәтін]: Оқулық = Learning Theories: An educational perspective / Д.Х. Шунк; Ауд.: Б.М.Мизамхан.- 7-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 608 б.
Педагогикалық зерттеу әдістемесі : Техн. және кәсіптік білім беру ұйымд. арн. оқу құралы / Р. Аубакирова, М. Нұрбекова.- 2-ші басылым.- Астана: Фолиант, 2011.- 128 б
Салыстырмалы педагогика әдіснамасы мен әдістері: Оқу құралы/ А.Қ.Құсайынов, М.Т.Есеева. -Алматы баспасы, 2008. -96б
Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері: Оқу құралы/ Д.Қ.Пошаев. – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2003.-113б
Кенжеғалиев, Қ. Педагогикалық зерттеулерде математикалық статистика әдістерін қолдану [Мәтін]: Оқу құралы / Қ. Кенжеғалиев.- Астана: Фолиант, 2015.- 168 б.
Асанов, Ж. Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері [Мәтін]: Оқу құралы / Ж. Асанов, Н. Әбдіхалықов.- Астана: Фолиант, 2015.- 120б