Тақырыбы: Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата01.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#70738
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Дәрістер

 
 
1.2. Омыртқасыздарды жинау және зерттеу әдістері
 
Жинаудың қарапайым әдісі - ол көрген буынаяқтылардың бәрін аулау. Оларды қолмен ұстауға 
болады (тістейтін, шағатын немесе жаман иіс шығаратын түрлерді ажырата алмайтын шақта 
қысқыш көмегімен ұстаған жөн). Ұсталған жәндіктерді бірден сақтауға болатын сұйықтығы бар 
ыдысқа салуға болады. Жәндіктерді тірі ұстау үшін шыны түтікке немесе қораптарға (мұндай сәтте 
әрбір жәндікті жеке салған дұрыс - өйткені олар бір-бірін зақымдауы немесе тіпті әлсіздерін 
күштілері жеп қоюы мүмкін) салуға болады. Жансыздандыру және кейіннен құрғақ күйінде сақтау 
үшін арнайы уы бар ыдысқа (тұншықтырғышқа) жинаған жөн. 
Гүлдерде қонып отырған немесе басқа жерге тез секіріп не ұшып кететін насекомдарды 
қауғамен аулау керек. Олар егер топырақ үстінде болса үстінен жаппай (топырақтың тегіс еместігін 
пайдаланып дорбадан шығып кетуі мүмкін), оған абайлап қауғаны жақын апарып, көзделген жануар 
секірген немесе ұшқан сәтінде жылдам қағып аулау керек. Ұсталған насеком қауғадан ұшып кетпес 
үшін дорбаны жабық ұстаған жөн. Ұсталған жануар дорбаның мөлдір матасынан қай жерінде 
екендігі көрініп тұрады. Оны сыртынан саусақпен дорбаның матасымен қоса ұстау қажет (шағатын 


30 
немесе тістейтіндерді – қысқышпен), сосын асықпай қауғаны ашып, насекомды қорапқа немесе 
тұншықтырғышқа салуға болады.
Омыртқасыздарды топырақ бетiнен жинауға болады; түнде үлкен шаммен топыраққа сәуле 
түсiрген жөн - себебi ең жарық түннiң өзiнде де жасанды жарықсыз iрi түрлердiң жекелегендері ғана 
байқалады. Белсенділігі түнгі немесе ымырттағы түрлердің басым көпшілігі күндіз түрлі 
бастырмалардың астында тығылып жатады. Мұндай түрлерді жинау үшін тастарды және басқа да 
топырақ бетінде жатқан заттарды аударып, сонымен қатар ағаштар мен бұталардың астындағы 
жапырақ төсенішінің беткі қабатын көтеріп қарау керек. Сырғымалы қабырғасы бар кішкентай 
ұяшықтар қазып немесе топыраққа қандай-да бір арнаулы ыдысты (аулағыш цилиндрлер немесе 
банкаларды) көму арқылы бұл процесті "автоматтандыруға болады". Омыртқасыздар түнде 
жүргенде осы аулағыш ұяшықтарға немесе ыдыстарға түсіп, оларды жинап алмайынша сонда 
жатады. "Тұтқындардың" күштілері әлсіздерін жеп қоймас үшін, мұндай аулағыштардың түбіне 
жануарлар жасырына алатындай етіп қандай-да бір заттар салған дұрыс. Осындай аулағыштарға 
(оларды топырақ аулағыштары деп атайды) көбірек жануарлар түсу үшін аулағыш-банкаға 
түсетін өсімдіктерден тазалап, саяз науалар немесе арықтар қосу керек. Мұндай арықтарға 
түскеннен кейін жануарлар аулағыш-ыдысқа жеткенше оның бойымен жүріп отырады. Ең дұрысы, 
аулағышты бір-біріне қиылысатын перпендикулярлы нүктеге қою керек. Егер аулағыш банканың 
ішіне қандай-да бір сақтайтын сұйықтықты құйып қойса (мұндай мақсатқа ең дұрысы этиленгликол 
қолданған жөн), аулағыштарды бірнеше күнде бір тексеруге болады. Ыдысқа жануарларды 
еліктіретін қандай-да бір затты (мысалы ұсақ омыртқалылардың өлекселерін) салуға болады. 
Мұндай аулағыштар тек белгілі жануарларды, мысалы ыдыраған өлекселерді жегіштер мен 
өліктерді жегіштерді шақырады. Өте көптеген жануарларды ашыған сұйықтық иісімен еліктіреді. 
Ол үшін аулағыш-банкаға бірнеше тамшы сыраны құю немесе сыра сіңірілген қандай-да бір затты 
салу керек. Тек ескеретіні, ұзақ уақыт бойы онда түскен жануарлардың барлығын өлтірмес үшін, 
мұндай аулағыштардың барлығын қолданғаннан кейін міндетті түрде алып тастау немесе топыраққа 
толтырып тастау керек (біраз уақыттан кейін, түскендердің бірінші партиясы өліп, ыдырай 
бастайды, аулағыштар өлексежегіштерді шақырып еліктіргішке айналады). Насекомдар мен 
есекқұрттардың жиі алдымен ішімдік немесе ашыған қанттың иісіне, сосын - ыдыраған өлексе 
иісіне келіп, "табиғатта" қалдырылған "тазартқыш" пен спирттік сусындардың арнаулы 
ыдыстарына немесе бөтелкелеріне толғандығына қарап, кездейсоқ аулағыштарға қанша көп 
омыртқасыздардың түсіп, өліп кетуі мүмкін екендігін жобалауға болады. 
Індерінде тығылып жатқан омыртқасыздарға (есекқұрттар, өрмекшілер, бұзаубастар) су 
құйсаңыз, кейбіреулері індерінен шығады, ал басым көпшілігі інінің алдында тұрып қалады. 
Оларды ол жерден тек қысқыш арқылы немесе алдымен іннің тереңге кететін жолын төменнен 
жауып тастап (топырақтың аздаған бөлігін пышақпен немесе күрекпен қазып) шығарып алуға 
болады.
Су деңгейі көтеріле бастағанда, өзен жағалауындағы малта тастарда тіршілік ететін көптеген 
омыртқасыздар да жоғарыға шығуға тырысады. Егер ол тастарға қандай-да бір ыдыспен су құйса 
немесе судың ішіне тереңірек кіріп су шашса, өте көптеген жануарлар тастың бетіне шығады. 
Өсімдіктерде тіршілік ететін түрлі жануарларды, алдымен өсімдіктің діңін, бұтақтарын немесе 
гүлдерін қарап көргеннен кейін барып жекелеп ұстауға болады. Ағаштар мен бұталардың бұтақтары 
мен жапырақтарын "сілкісе" жақсы жиналады.
Өзінің улылығына байланысты аз қозғалатын, өсімдік гүліне шырын мен тозаң іздеп ұшып 
келетін жабайы және бал араларын қандай-да бір ыдысқа немесе бірден тұншықтырғышқа қағып 
ұстап алуға болады. Ашық банканы астынан жақындатып, ал қақпақ немесе тығынмен насекомның 
үстінен жапқанда, ол ыдыс ішіне түседі әрі ыдыс жабылады.
Алайда гүлдерге немесе гүлшоғырға жиналатындар өте көптеген жақсы ұшатын насекомдар 
болғандықтан, оларды қауғамен аулаған жеңіл. Абайлап қауғаны жақындатып, мүмкіндігінше қауға 


31 
шеңберінің ішіне гүл түсетіндей етіп, тез қағып жіберу керек. Сол сәтте насекомдары жоқ гүлдерді 
үңіліп қарау керек, өйткені оларда жемтігін аңдыған аз қозғалатын және аз байқалатын өрмекшілер 
тығылып тұруы мүмкін. Бұл өрмекшілердің кейбір түрлері гүлдің түсіне ұқсап бояуын өзгерте 
алады. 
Омыртқасыздарды өсімдіктерден жинаудың тағы бір әдісі – ол «ору». Ору кезіндегі қимылды 
еске түсіретіндей қауғамен бірнеше рет сілтейді, сосын барлығын немесе жинаушыны 
қызықтыратын тек белгілі жануарлар тобын таңдап алады. Қауғадағы материалды жинауды 
жеңілдету үшін, қауғаның маталы дорбасының ұшын бензол, хлороформ немесе басқа улы 
сұйықтығы бар шыны ыдыста немесе полиэтиленді дорбашада біраз уақыт батырып ұстап 
«ауланғандарды» қимылсыз қалдыруға болады. «Ору» арқылы омыртқасыздарды тек жинап қана 
қоймай, сонымен бірге кейбір сандық өзгерістерді жүргізуге болады: қандай-да бір түрдің әртүрлі 
жерден қауғаның 10 (немесе басқа көрсеткіш) сілтемесіне түскен жануарлар санын салыстыруға 
немесе сол бір жерден белгілі-бір уақыт аралығында түрдің санының өзгерісіне есеп жүргізуге 
болады. Жиі «оратын» «білікті мамандар» осы мақсат үшін қауғаның шеңберін біршама ауыр етіп, 
төзімді мықты матадан тігіп алады. Сонымен бірге мұндай қауғаның төменгі бөліміне әрбір 
жинақты жеке әрі тез жинауға болатын және тез алмастырылатын алмалы қапшық жасалады.
Кейбір (әсіресе ұсақ және тез қозғалатын) омыртқасыздар арнайы құрал - эксгаустер көмегімен 
тез жиналады.
Ұшқыш насекомдарды кешке жинағанда жақсы нәтижелер алынады. Бұл кезде көптеген 
біршама жай ұшатын «кешкі» және «түнгі» түрлер белсенді қозғала бастайды. Күн қайтып, бірақ 
әлі горизонттан кете қоймаған шақта күнге қарап тұру керек. Қанаттары жылтыр насекомдар 
бірнеше ондаған метр қашықтықта жақсы көрінеді. Ары қарай көрінген насекомды қуып жету және 
ұстау қалады. Тек ескеретіндігі, бұл әдіс ағаштар, биік бұталар немесе басқа да объектілерден 
горизонт жабылмаған ашық кеңістікке ғана жарамды. Түнде ұшатын насекомдар жарық көздеріне 
еліктейді (оларға әсіресе спектрдің ультракүлгін бөлігі тартымды). Арнаулы жарық 
жинағыштарынан басқа, осы мақсатқа автокөліктің фарасын немесе тасымалданатын-шамды және 
қолшамды, ал қала мен ауыл шеттерінде - жарық шамдарын қолдануға болады. Насекомдар оттың 
жарығына да ұшып келеді, бірақ онда оларды жинаудың қиындығы жетерлік: оларды ұстамай 
тұрып, көпшілігі отқа түсіп кетеді. Жаксылап еліктіріп және ұшып келген насекомдарды жинау 
үшін, жарық көзінің артына көптеген насекомдар келіп отыратын ақ мата немесе қағаздан экран 
жасау керек. Құлаған насекомдарды тез табу үшін мүмкіндігінше лампаның астындағы жерге де 
ашық мата (немесе қағаз) төсеген дұрыс (сурет 6).
Жарық сәулесі сонымен қатар кейбір ұшпайтын буынаяқтыларды да (бүйілер, өрмекшілер және 
көпаяқтыларды) еліктіреді. Әсіресе жылы, желсіз, қараңғы (айсыз немесе бұлтты) түндерде 
«жарыққа» жақсы жиналады. 
Жиналған материал туралы дала күнделігінде жүргізілген жазбаларға қарамастан, ол 
материалдың өзінде (күнделік жоқ болған күннің өзінде) жұмыс жасауға болатын белгілі мәліметтер 
жиынтығы болуы керек. Материалды тек нөмірлеп, ал ол жөніндегі мәліметтерді жеке күнделік, 
журнал немесе қандай-да бір басқа тәсілмен сақтау әдетінен арылу керек. Мұндай дала күнделігі 
жоғалуы, бүлінуі мүмкін. Ондай жағдай туа қалса да, жиналған жануарлармен бірге сақталған 
жазбаларды ғылыми жұмыста пайдалануға болады. Осындай жазбаларды этикеткалар деп атайды. 
Этикетканы жай қарындашпен қаттылау қағазға жазған дұрыс. Түрлі қаламсаптардан қарындаштың 
артықшылығы бар, себебі қарындаш жазбалары кездейсоқ түскен су немесе органикалық 
ерітінділерден шайылып кетпейді. 


32 
Сурет 6 – Насекомдарды түнде аулау әдісі 
Ең қажетті мәліметтер - географиялық жердің атауы мен жиналған күн, сонымен қатар 
жинаушының аты-жөні. Географиялық нүктені мүмкіндігінше анық берген дұрыс. Сонда ғана кез-
келген зерттеуші Сіздің жинаған материалыңызды қолдана алады (ең жақсысы, географиялық 
координаттары - ендік пен бойлық нүктелері көрсетілсе). Жиналған күн түрдің белсенділігінің бір 
сипаттамасы ғана емес, сонымен қатар, қажет болғанда дала күнделігінен олар жайлы керекті 
мағлұматтарды табуға көмектеседі (егер, тек ол да жиналған материал сияқты ұқыпты сақталып 
тұрса). Жануарлар жиналған өсімдіктің атын көрсету көбінесе маңызды (ол оның қоректенетін 
өсімдігі болуы мүмкін) болып табылады. Егер бұл тау болса, онда тау баурайының экспозициясын, 
биіктік белдеуін білген дұрыс. Қандай жерден ұсталғандығы өте маңызды (тастардың астынан, ағаш 
қабығының астынан, суырдың інінен, жылғаның жағасынан, т.т.). 
Экскурсия кезінде жинаған омыртқасыздарды біраз уақыт сол сұйық консерванттарда 
(бұзылудан сақтайтын заттарда) сақтауға болады. Тек лагерьге келгеннен кейін бірден жинақтың 
этикеткасын жазу керек. 2-3 күн сақтағаннан кейін сұйықтықты жаңасына ауыстыру қажет. Өйткені 
жануарлар денесінен бөлінген сұйықтықтан консерванттың концентрациясы төмендеуі мүмкін. Тек 
консервант көлемі фиксацияланған жинақ көлемінен анағұрлым көп болғанда ғана спиртті немесе 
формалинді ауыстыруды қоя тұру керек. Ірі омыртқасыздарға фиксатор инъекциясын ішіне жіберу 
керек. Бұл олардың жақсы сақталуын қатамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар материалды 
анатомиялық зерттеулерге жарамды етеді. Әдетте, реттелген коллекциялық материалдарды арнаулы 
немесе мақталы тығындармен жабылған пробиркаларда сақтайды. Үлкен ыдысқа пробиркаларды 
салып, үстіне құрамы бірдей фиксаторды құйып жақсы тығынмен жабады. Осылай материал кеуіп 
кетуден сақталады. Ауланған насекомдар өңделеді, олардан коллекциялар дайындалады (сурет 7,8). 


33 
Сурет 7. Насекомдарды инеге тізу және желімдеу жолдары 
1-инеліктер; 
2-жарғаққанаттылар; 
3-қосқанаттылар, 
4-айырқұйрық; 
5-көбелек; 
6-
қаттықанаттылар; 7-жартылай қаттықанатылар; 8-тікқанатылар; 9, 10-насекомдардың инеге дұрыс 
тізілуі; 11,12-бұрыс тізілуі; 13,14-насекомдарды төртбұрыш қағазға желімдеу 
7 сурет. 1-4-көбелектерді түзетуге арналған құралдар; 5-көбелекті түзеткішке орналастыру; 6-
7-дұрыс түзетілген көбелек; 8-9-көбелектің құрсағын инеге дұрыс отырғызу; 10-13-қанаттарын 
түзеткішке жайғастыру; 14-дұрыс түзетілген көбелек; 15-18-бұрыс орналасқан көбелек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет