34
Тіршілік ету орталары-су түбінде су шаяны, қосқанаттылардың дернәсілдері (личинкалары),
жылғалықтар, инеліктердің личинкалары,
жауын құрты, сүліктер және т.б. кездеседі. Су
өсімдіктерінің арасында моллюскалар, жылғалықтар, инеліктер мекендейді. Өзен жағалауындағы
су бетінде суаршындар (водомерка, вертячка) жүгіріп жүреді (
қара: Кесте 2).
Өзеннің ағысы төмендеген сайын құмды лайлы топырақта түрлі моллюскалар (перловица,
беззубка, шаровик, горошина) кездеседі. Түбі тасты, ағысы қатты өзендердің жануарлар
бірлестігінің құрамы мен бейімделушілігі бойынша өзінің ерекшелігі бар. Мұндай биотоп әдетте
өзеннің терең жерлеріне тән және мекендеушілері нағыз реофилдер, олардың көпшілігі тастардың
астыңғы жағында кездеседі. Оларға планариялар, жылғалықтардың, масалардың, шіркейлердің,
көктемдіктердің, біркүндіктердің
дернәсілдері, ұсақ су қоңыздары мен қандалалары, бүйірімен
жүзушілер мен моллюскалар жатады.
Экскурсияда ұсталған барлық омыртқасыздарды арнайы шыныларға не шелекке салып
лагерге тірідей әкеледі және сонан соң талдайды.
1.3.2 Топырақ арасында мекендейтін омыртқасыз жануарлардың алуантүрлілігі
Топырақта жануарлардың көптеген түрлері тұрақты немесе уақытша мекендекйді. Олар -
қарапайымдылар,
нематодалар,
жауынқұрттары,
құрлық
моллюскалары,
жайбасарлар
(тихоходкалар), есекқұрттар, көпаяқтылар,
топырақ кенелері, төменгі сатыдағы қанатсыз
насекомдар (аяққұйрықтылар, айырқұйрықтылар, қылтанқұйрықтылар), көптеген насекомдардың
(қоңыздардың, тікқанаттылардың және басқалардың) дернәсілдері.
Бұлар өсімдіктердің жерасты
бөлімдерімен және органикалық қалдықтармен қоректенеді. Бұл насекомдарды табу үшін тереңдігі
30-40 см шұңқыр қазу керек. Қазу алдында болашақ шұңқыр болатын жердегі өсіп тұрған барлық
өсімдіктер сипатталады және күнделікке жазылады. Сипатталып болған соң шұңқырдың шекарасы
4 қазықпен белгіленеді. Шұңқырдың ауданы 0,25, 0,5 не 1м
2
болса жеткілікті. Алдымен 10 см
қалыңдықпен топырақ беті алынады, ол тексеріледі, жиналған барлық насекомдар
тұншықтырғыштарға немесе экскурсиялық пробиркаларға салынады. Бірінші қабаттан соң келесі
10 см топырақ алынады, талданады, сонан соң үшінші, одан кейін 4-ші қабат алынып, насекомдар
кездеспегенге дейін қазылады. Әдетте насекомдар 30-40 см тереңдікке дейін ғана кездеседі.
Барлығы күнделікке жазылады (әрбір топырақ қабатында қанша және қандай насекомдар кездесті).
1.3.3. Шалғын және ашық алаң (дала, құм) биотоптарында кездесетін омыртқасыз
жануарлардың алуантүрлілігі
Жердің бетінде көптеген насекомдар мен басқа да буынаяқтылар (түрлі көпаяқтылар,
өрмекшітәрізділер) тез жүгіреді. Мұнда олар топырақта тіршілік етуіне байланысты індер қазады
немесе басқа бастырмаларды (қуыстарды, тастарды, өсімдік тамырларын, нәжіс үйінділерін)
паналайды.
1.3.4 Гүлді өсімдіктерде тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың алуантүрлілігі
Шөптесін өсімдіктер биотоптарында тіршілік ететін жануарлар-фитофагтар (өсімдіктің белгілі
бір түрімен байланысты насекомдар), полифагтар (биотикалық және микроклиматтық жағдайларға
жиналған түрлі омыртқасыздар), фитофагтар, детритофагтар және копрофагтар комплексімен
байланысты паразиттер мен жыртқыштардан тұрады. Гүлді өсімдіктер
бар кез-келген жерде
тозаңдандырғыш насекомдар-аралар және басқа да жарғаққанаттылар, гүлдің шырынымен
қоректенетін қосқанаттылар, тікқанаттылар, қаттықанаттылар, торқанаттылар, шашаққанаттылар,
қабыршаққанаттылар кездеседі (
қара: Кесте 2).
Достарыңызбен бөлісу: