40
мінез-құлқының кейбір ерекшеліктерін бақылауға мүмкіндік береді. Автоматты камералардың
Reconyx, Bushnell, ScoutGuard, Ltl Acorn түрлері көп қолданыста.
Далалық жағдайда жиналған материалдарды ары қарай пайдалану үшін оларды сақтау керек.
Ол үшін арнайы сақтаушы сұйықтықтар немесе фиксаторлар пайдаланылады. Майда омыртқалы
жануарларды (бақалар, құрбақалар, қаптесерлер, егеуқұйрықтар, құмтышқандары, қосаяқтар және
т.т.) тұтастай, ал ірі жануарлардың жекеленген органдарын немесе олардың майда бөліктерін
фиксациялайды. Бұлардан басқа далалық оқу практикасы кезінде омыртқалы жануарларда
кездесетін көптеген экто- және эндопаразиттерді ары қарай зертханада зерттеу үшін жинайды және
түрлі фиксаторларда сақтайды.
Формалин кең тараған фиксаторлардың бірі болып саналады. Ол
40%-қ формальдегидтің құмырысқа қышқылы, метил спирті және ацетонмен қоспасы.
Жануарларды фиксациялау үшін 10-,15-, 20%-қ формалин ерітіндісі қолданылады, ол 4-, 6-, 8%-қ
формальдегид ерітіндісіне сәйкес келеді. Тұщысу жануарларын фиксациялау үшін формалинді су
құбырынан алынған сумен араластырады, ал құрлық омыртқасыздарын, омыртқалыларын,
паразиттерді физиологиялық ертіндімен (мысалы,
Барбагалло сұйығы – физиологиялық ерітіндідегі
3%-қ формалин ерітіндісі) араластырады. Фиксатор дайындау үшін тазартылған (дистиллденген)
суды пайдалануға болмайды, өйткені гипотоникалық ертіндінің әсерінен жануарлардың ұлпалары
ісінеді.
Материалдарды 24-48 сағат бойы фиксациялайды, одан кейін оларды ұзақ мерзімге сақтауға
болады. Ал ары қарай жұмыс жасау үшін оларды 1-2 тәулік бойы ағынды суда ұстау керек.
Формалинде қатырудың артықшылықтары мынандай: 1-ұлпаға формалиннің тез және біркелкі
өтуі; 2-басқа фиксатормен материалды қайтадан қатыруға мүмкіндіктің болуы; 3-далалық жағдайда
оны қолдану оңай және мүмкіндігі мол. Кемшіліктері – ұлпаларды бояғанда (әсіресе гематоксилин
қатарындағы бояғыштар) бояу түсінің нашарлауы.
Достарыңызбен бөлісу: