1.4. Практика өткен биотоптарда кездесетін омыртқасыз жануарлардың систематикалық
жағдайы
35
Тип Nemathelminthes – жұмыр қүрттар – круглые черви
Класс Rotatoria – коловраткалар – коловратки
Тип Annelida – буылттық құрттар – кольчатые черви
Класс Olygochaeta – азқылталды құрттар – малощетинковые черви
Класс Hyrudinea – сүліктер - пиявки
Тип Anthropoda – буынаяқтылар - членистоногие
Класс Crustacea – шаянтәрізділер - ракообразные
Отряд Anostraca – желбезекаяқты шаяндар - жаброногие
Отряд Phyllapoda – жапырақаяқты шаяндар - листоногие
Отряд Cladocera – бұтақмұртты (шашақмұртты) шаяндар - ветвистоусые
Отряд Copepoda – ескекаяқты шаяндар - веслоногие
Отряд Decapoda – онаяқты шаяндар - десятиногие
Класс Arachnida – өрмекшітәрізділер - паукообразные
Отряд Scorpiones – құршаяндар - скорпионы
Отряд Solifugae – сольпугалар - сольпуги
Отряд Aranei – өрмекшілер - пауки
Отряд Acari – кенелер – клещи
Класс Insecta – насекомдар – насекомые
Отряд Ephemeroptera – біркүндіктер - поденки
Отряд Blattoptera – таракандар - таракановые
Отряд Odonata – інеліктер - стрекозы
Тұқымдас Calopterygidae – сұлулар - красотки
Тұқымдас Lestidae – сарғалдақтар - лютки
Тұқымдас Coenagrionidae – жебелер - стрелки
Тұқымдас Gomphidae – гомфидалар - дедки
Тұқымдас Aeschnidae – күйентелер - коромысла
Отряд Mantoptera – дәуіттер - богомоловые
Тұқымдас Mantidae – нағыз дәуіттер – богомолы настоящие
Тұқымдас Empusidae – эмпузалар - эмпузы
Отряд Plecoptera – көктемдіктер - веснянки
Отряд Phasmoptera – таяқшалылар - палочники
Отряд Onthoptera – тікқанаттылар - прямокрылые
Тұқымдас Gryllotalpidae – бұзаубастар - медведки
Тұқымдас Gryllidae – қара шегірткелер - сверчки
Тұқымдас Tettigoniidae – нағыз шекшектер – настоящие кузнечики
Тұқымдас Acrididae – нағыз шегірткелер – настоящие саранчовые
Отряд Dermaptera – айырқұйрыктылар - уховертки
Тұқымдас Forficulidae – нағыз айырқұйрықтар – уховертки настоящие
Отряд Hemiptera – жарттылай қаттықанаттылар - полужесткокрылые
Тұқымдас Nepidae – су шаяндары – водяные скорпионы
Тұқымдас Corixidae – ескекшілер - гребляки
Тұқымдас Notonectidae – сушалқақтар - гладыши
Тұқымдас Pleidae – плеидтар - плеиды
Тұқымдас Naucoridae – жүзгіштер - пловцы
Тұқымдас Gerridae – су аршындары – водомерки
Тұқымдас Reduviidae – жыртқыштар - хищнецы
Тұқымдас Plataspidae – платаспидалар -платиспиды
36
Тұқымдас Aconthosomatidae – ағаш қалқаншалылары – древесные щитники
Тұқымдас Pentatomidae – қалқаншалылар - щитники
Тұқымдас Cydnidae – жер қалқаншалылары – земляные щитники
Тұқымдас Nabidae – аңшы қандалалар - охотники
Тұқымдас Miridae – жай көзшесіздер - слепняки
Тұқымдас Pyrrhocoridae – қызыл қандалалар - красноклопы
Тұқымдас Lygaeidae – жер қандалалар – клопы земляные
Отряд Coleoptera – қаттықанаттылар - жесткокрылые
Тұқымдас Haliplidae – кіші су сүңгуірлері – малые плавунчики
Тұқымдас Gyrinidae – су сынаптары - вертячки
Тұқымдас Dytiscidae – су сүңгуірлері – плавунцы
Тұқымдас Carabidae – барылдауық қоңыздар - жужелицы
Тұқымдас Scarabaeidae – тақтамұрттылар - пластинчатоусые
Тұқымдас Meloidea – алагүліктер - нарывники
Тұқымдас Alleculidae – тозаңжегіштер - пыльцееды
Тұқымдас Oedemeridae – тар қанаттылар - узкокрылые
Тұқымдас Tenebrionidae – қара денелілер - чернотелки
Тұқымдас Pythidae – шірікшілдер - трухляки
Тұқымдас Lucanidae – тарақша мұрттылар - гребенчатоусые
Тұқымдас Staphylinidae – қысқа үстіңгіқанаттылар - коротконадкрылые
Тұқымдас Cerambycidae – сүгендер немесе отыншылар - усачи
Тұқымдас Silphidae – өлексежегіштер - мертвоеды
Тұқымдас Cleridae – шұбар қоңыздар - пестряки
Тұқымдас Dermestidae – теріжегіштер – кожееды
Тұқымдас Curculionidae – бізтұмсықтылар – долгоносики
Тұқымдас Scolitidae – қабықжегіштер – короеды
Тұқымдас Сhrysomelidae – жапырақжегіштер - листоеды
Тұқымдас Elateridae – шыртылдақ қоңыздар – щелкуны
Тұқымдас Buprestidae – зер қоңыздар – златки
Тұқымдас Coccinellidae – хан қыздары – божьи коровки
Тұқымдас Nittidulidae – жарқырауықтар – блестянки
Отряд Neuroptera – торқанаттылар - сетчатокрылые
Тұқымдас Mantispidae – мантиспалар - мантиспы
Тұқымдас Myrmeleontidae - арыстан құмырсқалары - муравьиные львы
Тұқымдас Chrysopidae – алтынкөзділер - златоглазки
Отряд Trichoptera – жылғалықтар - ручейники
Отряд Hymenoptera - жарғаққанаттылар – перепончатокрылые
Тұқымдас Tentheredinidae – нағыз егеушілер – настоящие пилилщики
Тұқымдас Myrmicidae – мирмика құмырсқалар – муравьи-мирмики
Тұқымдас Formicidae – нағыз құмырсқалар – муравьи настоящие
Тұқымдасүсті Apoidea – бал аралар - пчелиные
Тұқымдас Evanioidae – эваниоидтар - эваниоиды
Тұқымдас Cleptidae – клептидалар – клептиды
Тұқымдас Ichneomonidae – шаншарлар - наездники
Тұқымдас Sphecidae – қазғыш аралар – роющие осы
Тұқымдас Vespidae – қоғамдық аралар – общественные осы
Тұқымдас Pompilidae – жол аралары – дорожные осы
Тұқымдас Scoliidae – сколилер - сколии
37
Тұқымдас Mutilidae – немкалар -немки
Отряд Lepidoptera – қабыршаққанаттылар - чашуекрылые
Тұқымдас Pieridae – ақ көбелектер - белянки
Тұқымдас Lycaenidae – көгілдір көбелектер - голубянки
Тұқымдас Satyridae – барқыт көбелектер - сатиры
Тұқымдас Nymphalidae – нимфалидтер - нимфалиды
Тұқымдас Sphyngidae – жынды көбелектер – бражники
Тұқымдас Noctuidae – қоңыр көбелектер - совки
Тұқымдас Geometinidae – мұр көбелектер - пяденицы
Тұқымдас Zygaenidae – шұбар көбелектер – пестрянки
Отряд Diptera – қосқанаттылар – Двукрылые
Тұқымдас Culicidae – масалар – комары
Тұқымдас Chironomidae – хирономидтер – комары- звонцы
Тұқымдас Ceratopogonidae – құмытылар – мокрецы
Тұқымдас Tabanidae – соналар – слепни
Тұқымдас Bombyliidae – ызылдауық шыбындар – жужжалы
Тұқымдас Asilidae – жыртқыш шыбындар – ктыри
Тұқымдас Hypodermatidae – тері асты бөгелектері – подкожные овода
Тұқымдас Dolichopodidae – жасылшалар – зеленушки
Тұқымдас Sarcophagidae – cұр ет шыбындары –серые мясные мухи
Тұқымдас Scatophagidae – қи шыбындары – навозные мухи
Тұқымдас Muscidae – нағыз шыбындар – настоящие мухи
Тұқымдас Calliphoridae – көк ет шыбындары – зеленые мясные мухи
Омыртқалы жануарларды эксперименттік зерттеу әдістерінің түрлері зерттеу жұмыстарының
мақсаты мен мәселелріне байланысты алынады. Дала және зертхана жағдайында зерттеу
жұмыстары қазіргі кезде бірнеше түрге жіктелінген. Дала жағдайындағы зерттеу жұмыстарында
геогорафиялық аймақтарда омыртқалы жануарлардың кеңістіктік құрылымын, әртүрлі кластары
популяцияларының жыныс және жас құрылымын анықтаудың заманауи әдістерін білу; морфо-
биологиялық ерекшеліктерін, маусымдық көші-қонуын зерттеу, түрлердің әртүрлілігін, көптігін
және молшылығын анықтау омыртқалылардың экожүйелердегі рөлі және тіршілік ету ортасындағы
пуляциясының жағдайы туралы дәйекті мәлімеииерді алуға, түсініктердің қалыптасуына ықпал
етеді. Дала жағдайындағы зерттеу жұмыстарын жүргу үшін алдымен қажетті құрал жабдықтар
дайындап алында. Дала жағдайында керекті құрал-жабдықтарға – дүрбі, GPS (garmin position
systems) не компас, сағат, ағаш қақпан, темір қақпан, тірілей ұстайтын аспаптар (тірілей
ұстағыштар-живоловушки, цилиндр, фототұтқырлар-фотоловушки), фотоаппарат, түнде бақылау
аппараты (прибор ночного видения), қолшам (фонарик), зоологиялық шелек, айыртаяқ, қысқыш
(пинцет), қаққыш (су қаққышы), дорба, қағаз, қарындаш және т.т. қолданылады.
Сурет 1 . Майда сүтқоректілерді аулайтын ағаш қақпандар
38
Сурет 2 . Сүтқоректілерді аулайтын темір қақпандар
Сурет 3. Майда сүтқоректілерді тірідей ұстайтын жәшіктәрізді тұтқыр
Сурет 4 . Омыртқалы жануарларды арнайы өңдеуге арналған құралдар
39
1-штангенциркуль, 2-тістеуік, атауыз, 3-сүйір атауыз, 4-қандауыршалар, 5-қайшы, 6-қысқыш
Дала жағдайында эксперименттік зерттеу жұмыстарында:
- омыртқалыларды бақылау әдістері
омыртқалы жануарларды ұстаудың негізгі әдістері;
омыртқалы жануарлардың сандық есебінің әдістері;
кеңістіктік орналастыруды зерттеу әдістері;
құстардың маусымдық қоныс аударуын зерттеудің кейбір әдістері;
морфометриялық зерттеулердің негізгі әдістері және омыртқалы жануарлардың жасын анықтау
әдістері;
омыртқалылардың көбеюін зерттеу әдістері;
омыртқалылардың қоректенуін зерттеу әдістері;
негізгі математикалық әдістер (дисперсиялық талдау);
омыртқалы жануарлардың коллекцияларын жасау әдістері пайдаланылады.
Табиғаттағы жануарларды зерттегенде тікелей бақылау әдісі және жануарлардың тіршілік
әрекетіне қарай зерттеу әдісі қолданады. Тікелей бақылаулар экскурсияда немесе қарау кезінде,
оңаша жерден жүргізіледі. Экскурсия маршруты алдын ала әзірленеді. Ұялар мен шұңқырлардың
жанында, қоректену орындарында және т.б. тұзақтар қойылады.
Жануарларды тіршілік әрекетіне қарай зерттеу әдісі. Жануарлардың белгілері:
1) азықтандыру әрекетінің іздері – азық қалдықтары мен қорлары, жерді қазуы, қар, жем іздері,
жем үстелдері, өсімдіктерді қажап жеуі, қауырсындар мен мамық жүндеріне күтім жасауы, олжаны
сүйрету іздері;
2. Қоныстану орны немесе баспаналары - апандар, шұңқырлар, төсеніштер, ұялар, қар
астындағы өткелдер;
3. жануарлардың тіршілік әрекетінің іздері – нәжіс, зәр шығару орындары, жұмыртқа салу
ұялары, қауырсындар мен жүннің түлеуі жәнет.б.
4. ақпараттық іздер – аумақтардағы ағаштардағы сызаттар, мускусты бездердің секрециясы,
дыбыстық сигналдар, ақпаратты беру көрсететін іздері,
5. қозғалыс іздері - табандардың және дененің басқа бөліктерінің іздері,
қарда, құмда, балшықта, сынған бұталарда, толық жолдарда қалған іздер, ұшқан құстың
қанатынын іздері.
Бірінші- дала жағдайында экскурсия кезінде белгілі маршрутта көрген, даусын естіген,
бақыланған тіршілік әрекеттерін (іні, ізі, жемін іздеп қазған шұңқырлар, жемтігінің қалдығы, қиы
(экскременттері) және т.т. есепке алу; екінші – белгілі бір ауданда, мысалы 1,0 га-да (100х100 м)
мекендейтін жануарлардың, әсіресе майда кеміргіштердің, алуантүрлілігі мен санын анықтау үшін
түрлі ұстау құралдарын (тірілей ұстағыш құралдар, ағаш қақпан, қақпан) пайдаланып есеп жүргізу;
үшінші-кейбір құстар (қырғауыл) мен аңдардың (марал) даусын санап есеп жұмыстарын жүргізу.
Осылармен қатар, түн жануарларының, мысалы жалтырауық жармасқының, санын есепке алу үшін
Достарыңызбен бөлісу: |