е) екіқабаттылық (гормондар әсерінен сфинктер тонусының төмендеуі және іш қуысындағы қысымның көтерілуі);

ж) өңеш дискинезиясы;
з) жүйелі склеродермия;
и) диафрагма жарығы;
к) тағамды асығыс, жылдам және шамадан тыс қабылдағанда туындайтын аэрофагия;
л) жара ауруы;
м) себебі әр түрлі дуоденостаз;
н) тағамда шамадан тыс майлы етті, баяу еритін майларды, ұн тағамдарын, өткір тұздықтарды, қуырылған тағамдарды қолдану (тағамның асқазанда ұзақ сақталуын және іш қуысы қысымының көтерілуін тудырады).
Көрсетілген этиологиялық факторлар ішінде агрессивті заттар бар (тұз қышқылы, пепсин, өт қышқылдары) асқазан және/немесе он екі елі ішек құрылымының (дуоденогастральды рефлюксте) қайта құйылуын тудырады. Агрессивті факторлар өңештің кілегей қабығын зақымдайды. Бірақ эзофагит туындау үшін біріншіден – агрессивті факторлар өңештің кілегей қабығына ұзақ уақыт әсер етуі керек, екіншіден – қорғаныс механизмдері (өңеш клиренсі) мен өңештің кілегей қабығының резистенттілігі жеткіліксіз болулары керек. Өңеш клиренсінің (тазаруының) бұзылуы өңеш дискинезиясында, склеродермияда, сілекей бездерінің қызметі бұзылғанда (ОНЖ аурулары, эндокриндік аурулар, холинолитиктермен емдеу) байқалады. Өңеш кілегей қабығының резистенттілігінің азаюы қан айналысы, регенерация бұзылғанда орын алады. Сонымен, гастроэзеофагеальды рефлюкстік ауру асқазан сөлінің агрессивті факторлары мен қорғаныс факторларының (өңеш клиренсі, өңештің кілегей қабығының төзімділігі) арасындағы тепе-теңдік бұзылып, агрессия факторлары басым болғанда бой көрсетеді.