ГЭРА ең жиі симптомдары – қыжыл, ауыру, регургитация, сілекей ағу, дисфагия, ықылық ату және құсу, өңештен тыс симптомдар
Қыжыл мен төс артының ауыруы өңештің кілегей қабығының сезімтал нервілерінің тұз қышқылымен тітіркенуіне немесе қышқыл туғызған өңештің түйілуіне (спазм) байланысты туындайды (сау адамдарда өңештің төменгі үштен бір бөлігінің рН 6,0 құрайды; асқазан құрылымының регургитациясында ол 4,0 дейін төмендейді, он екі елі ішектің құрылымының регургитациясында 7,0-8,0 дейін көтеріледі). Қыжыл мен төс артының ауыруын кофе, томат, цитрустарды, шоколадты, мал майын, алкогольді қабылдау, шылым шегу тудырады.
Клиникасы
Сілекей ағу – ауызда сілекейдің көбейгенін сезу, әдетте қыжылмен бірге пайда болады және эзофаго – сілекей рефлексімен байланысты болып келеді.
Сілекей ағу – ауызда сілекейдің көбейгенін сезу, әдетте қыжылмен бірге пайда болады және эзофаго – сілекей рефлексімен байланысты болып келеді.
Дисфагия – тамақты жұтудың қиындауы; өңеш дискинезиясы, кейде өңештің кілегей қабығының кебуі (темір жетіспеушілік анемияда, склеродермияда, Шегрен синдромында) тудырады. Кейбір жағдайда дисфагия - өңеш стриктурасының белгісі.
Ықылық кейде науқас адамды азапқа салатындай жиі байқалады, ол диафрагма нервісінің қозуына, диафрагманың тітіркенуі мен жиырылуына байланысты туындайды.
ГЭРА патогенездік ем жасау үшін түрлі фармакологиялық топтардың дәрілері қолданылады. Бұл, алдымен, антисекреторлық препараттар, оларды қолдану асқазан сөлінің қышқылдылығын және оның өңештің шырышты қабатына зақымдаушы әсерін азайтады . Алайда, оларды дуоденогастральді рефлюкс кезінде қолдану оң әсер көрсетпейді, себебі ұлтабардың құрамының зақымдаушы әсері асқазан сөлінікіне қарағанда әлдеқайда жоғары болып табылады.

Емі
Бұл жағдайда прокинетиктерді қолдану тиімдірек, олар АІЖ пропульсивті белсенділігін күшейтеді және гастроэзофагеальді рефлюкстің тікелей себепшісі – өңеш және АІЖ төменгі бөліктерінің дисмоторикасын жояды. Бұл топтың препараттары ГЭРА бар науқастардың клиникалық протоколдарына енгізілген.