Нейтралды мутация — рецессивті мутациялар гетерозиготалы генотипте фенотипте жарыққа шықпайды, яғни бейтарап болады.
Гендік мутация нәтижесінде молекулалық деңгейде келесі өзгерістер болуы мүмкін: аномальды ақуыздың синтезделуі; ген өнімінің синтезінің артуы; алғашқы өнім синтезінің болмауы; қалыпты алғашқы ген өнімінің синтезінің төмендеуі.
Гендік мутациялардың механизмдерін зерттеудің және түсінудің болашақ дәрігерлер үшін үлкен теориялық және тәжірибелік мәні бар. Өйткені, адамның көптеген тұқымқуалайтын ауруларының себебі гендік мутациялар болып табылады. Гендік мутациялардың пайда болу механизмдерін білу адамның гендік ауруларының патологиялық үдерістерінің мәнін түсінуге, диагностикалау әдістерін ойластыруға, емдеуге және алдын-алу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Үш тілдегі түсіндірме сөздер:
Қазақ тілінде
Орыс тілінде
Ағылшын тілінде
Мутон – бұл мутацияның бірлігі бір жұп нуклеотидке тең
Мутон – это единица мутации равен одной паре нуклеотида
Muton -a unit of mutation, it is equal to a single pair of nucleotides
Гендік мутация – геннің құрылысы мен қызметінің өзгеруімен сипатталатын мутация
Генные мутации –мутации, характеризующиеся изменением структуры и функции гена
Gene mutations – mutations characterized by change of structure and function of gene
Мутантты ген - бұл нуклеотидтер қатары өзгеріске ұшыраған ген.