Жер шарының су айнасы бірыңғай әлемдік мұхит деп аталатын су көзінен тұрады. Бірқатар ерекшеліктеріне сәйкес әлімдік мұхит әр түрлі мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.
Бас суайрық құрлықты екі беткейге бөледі: 1) Атлант және Солтүстік Мұзды мұхиттарға құятын өзен ағындыларрын құрайтын (60%) беткей; 2) Тынық және Үнді мұхиттарына құятын өзен ағындыларын құрайтын беткей (40%). Екінші қатардағы суайрықтарға аталған мұхиттардың ішкі алаптарының суайрықтары мен ішкі ағындар және тұйық аймақтардың суайрықтары жатады.
Ішкі ағындылардың үлкен аймағы-Арал-Каспий, оған Еділ-Жайық, Кура, Сырдария, Амудария және басқа өзендердің алаптары жатады. Тұйық аймақтар қатарына Сахара, Аравия және Орталық Австралия шөлдері кіреді.
Су айдауыш мұнара- елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесіндегі су өтімі (шығыны) мен қысымын реттеп отыруға арналған құрылыс. Ол цилиндр тәрізді етіп арнайы болаттан немесе темір-бетоннан жасалған шаннан және оны көтеріп тұратын тіреуіш құрылымнан тұрады. Мұнараның биіктігі 25—30 м-ге, шанының сыйымдылығы ондаған текшелерге жетеді. Тіреуіш кірпіш не ағаштан жасалады
Су барлық биохимиялық процестер жұрiп өтетiн орта болып табылады.
Су газдардың, минералды тұздардың, нейтралды, полярлы қосылыстардың универсалды ерiткiшi болып табылады.
Сугидролиз, гидратация, аминсiздену, тотығу- тотықсыздану реакциялары сияқты көптеген биохимиялық реакциялардың тiкелей қатысушысы болады.
Жоғары жылу сыйымдылығының арқасында су термореттелуге қатысады. Ауаның 350 С-тан жоғары температурасы кезiнде тер бөлiну организммен сыртқы ортаға жылу берудiң бiрден-бiр қолайлы әдiсi болады.
Су қызметтiк активтiлiгiне әсер ететiн клеткалардың, субклеткалық құрылымдардың тургорын қамтамасыз етедi.