Тақырыбы: Гравиметриялық талдау. Препараттағы темірдің массалық үлесін анықтау. Мақсаты


Бөлу әдісі бойынша күлдің массалық үлесін анықтау



бет2/6
Дата24.04.2023
өлшемі33,57 Kb.
#86014
1   2   3   4   5   6
Бөлу әдісі бойынша күлдің массалық үлесін анықтау



Бос тигельдің массасы
m1 (г)

Тигель өлшендімен бірге
m2 (г)

Тигель күлмен бірге
m3 (г)

Отын өлшендісі
m (г)

Күл өлшендісі
m0 (г)

Отынның массалық үлесі
x (%)

16,3074

17,8183

16,4271

1,3912

0,11972

7,92



Айдау әдісі. Бұл әдіс анықталатын құрамдас бөлікті ұшқыш қосылыс түрінде толық бөліп алып қалдықты немесе тұтылған ұшқыш өнімді өлшеуге негізделген.
Айдау әдісі бірнеше түрөзгерісте қолданылады:

  • анықталатын затты айдап, түзілген затты өлшейді;

  • анықталатын затты айдап, қандай болса да сіңіргішке (адсорбент, реактив ерітіндісі, т.б.) сіңіреді, сіңіргішті өлшейді, массаның қосылуы бойынша айдамның мөлшерін анықтайды;

  • анықталатын затты дәл өлшендіден айдап, айдау аяқталған соң қайтадан өлшейді де, массалардың айырмасы бойынша айдалған заттың мөлшерін анықтайды.

Айдау әдісімен материалдың ылғалдығын, кристаллогидраттағы кристалданған суды, қандай да бір қосындыдағы аммоний тұзын, кальций оксидіндегі карбонаттың мөлшерін және т.б. анықтайды.


MgSO4·7H2O құрамындағы кристалданған суды анықтау



Бос тигельдің массасы,
г

Тигель және сынама массасы
г, m1

Сынаманың массасы
г, a

І-кептіргеннен кейінгі массасы,
г

ІІ-кептіргеннен кейінгі массасы,
г, m2

mx (H2O)

ω % (кристал, H2O)

10,0000

11,0000

1,0000

10,9197

10,9089

0,0911

9,11




  1. а (сынаманың массасы) – 1,0000 г

  2. mx(H2O) = m1-m2 = 11,0000-10,9089 = 0,0911



Қыздырғаннан жоғалған Н2О-ның массалық үлесі
ω%(H2O)= 9,11
Тұндыру әдісі. Әдіс талдау жасалатын құрамдас бөлікті аз еритін белгілі химиялық құрамның қосылысы түрінде тұндыруға негізделген. Бөлінген тұнбаны сүзіп жуады, кептіреді, қыздырып, өлшейді.
Бұл әдіс көбірек таралған, сондықтан аталған әдіске кеңірек тоқталайық.
Анықталуға тиісті затты нашар еритін қосылыс түрінде тұнбаға түсіру – оның тұнбалық түрін береді.
Мысалы, зат құрамындағы алюминий қосылысын анықтау үшін оны Al(OH)3 түрінде тұнбаға түсірсек, алюминий гидроксиді тұнбалық түр деп аталады.
Тұнба құрғату, қыздыру барысында өзгеріске ұшырайды. Белгілі бір жағдайлардан соң құрамы тұрақтанады. Мысалы, алынған алюминий гидроксидін қыздырғанда ол алюминий оксиді мен суға ыдырайды, яғни:
2Al(OH)3 Al2O3 + 3H2O
Жоғары температурадаа су буланып ұшып кетеді де Al2O3 құрамы белгілі бір температура аралығында өзгермей тұрақты болып қалады. Міне, осы Al2O3 -ті таразыда өлшеп оның массасын анықтайды.
Зерттеліп отырған затты (элементті) анықтау үшін таразыда өлшеніліп алынатын түрі – оның гравиметриялық түрі деп аталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет