Тақырыбы: Халық педагогикасындағы дене тәрбиесі


Аударыспақ – ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы артықшылығын көрсететін халықтық ойын. Найзаласу, жамбы ату



бет2/5
Дата12.05.2023
өлшемі69,23 Kb.
#92583
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тезия дене тәрбиесі

Аударыспақ – ер азаматтың атқа шауып, күш сынасудағы артықшылығын көрсететін халықтық ойын.
Найзаласу, жамбы ату – ер жігіттің күш – қуатынарттырып, ептілігі мен мергендігін қалыптастырады. Әсіресе, ат үстінде найзаласу жарысы асқан шеберлік пен балуандылықты қажет етеді. Әділ қазылар алқасы мен төрешгілер ұлттық шынықтыру жарыстарының ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.
Қыз қуу – жігіттің жігерлігін, батылдығын, атбегілік өнері мен еңбегін сынайтын дәстүрлік ойын. Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіттің батылдығы мен күші, ептілігі мыналып, сыннан мүдірмей өткен жігітке “енді қызды қуып жетсең, қалыңдығың болады” деген талап қойылған. Сол талапты да мүлтіксіз орындау үшін жігіт атын сайлап, атпен шабу өнерін жетілдіре түскен. Осы кезде қыз қуу жарыстың бір түріне айналды. Жарыс ұзындығы 500 – 800 м, енді 30 – 40 м, тегіс жерде өткізіледі. Мәре мен сөре бір жерде болады. Айналып қайтатын жерге жалау қадалады. Қыз жігіттен 10 метр жерде озып тұрады. Төрешінің белгісі бойынша жарыс басталып, жігіт айналып қайтатын жерге дейін қызды қуып жетсе, оны ат үстінде құшақтап сүйеді, бұл – жігіттің жеңгені. Ал жігіт қызды қуып жете алмаса, қайыра қайтқанда қыз сөреге дейін жігітті және оның атын қамшының астына алады, бұл – қыздың жеңгені.
Тоғыз құмалақ – ойлау жүйесін дамытатын ұттық ойын. Ойын үшін арнайы тақта жасалынады. Тақта 18 ұя, 2 қазан 162 құмалақ дайындалып, әрбір ойыншыға 81 ден бөлінеді, әр ұяға 9 дан келеді. Алғашқы жүрісті кім бастайтындығы жеребі бойынша шешіледі.Жүріс кезегі тиген ойыншы өзінің кез – келген отауына бір құмалақ қана қалдырып, қалғанын қолына алып, солдан оңға қарай жүреді.Екі жақтың отыруына құмалақтар бірдей түседі. Ең соңғы құмалақ түскен қарсы жақтың ұясындағы құмалақ жұп болса (10,12,14,20) сол ұя босатылады да, құмалақ жүргізуші жақтың қазанына салынады. Ал жүргізушінің соңғы құмалағы өз ұясына түссе, ол алынбайды. Келесі жүріске мүмкіндік алған қарсы жақ уақ санды құмалағы бар ұясына, өзінің соңғы тасын салып, ұпайды өз қазанына түсіруге әрекет жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет