Алтабақан –қазақ халқының дене шынықтырып, көңілкөтеру үшін шығарған ұлттық ойыны. Алты бақанды сырықтың екі басына үш-үштен қосақтап бай лап, бақанның арша тармағын сырыққа кигізеді. Алта бақанды құрастырып болғаннан кейін , оның екі басынан үш қатар арқан байлайды. Арқанның екеуі бір деңгейде , үшіншісі олардан 40-50см төмен тұрады. Бір деңгейде байланған екі арқанға қыз бен жігіт қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді.Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам қосылып ән салуы тиіс. Алтыбақан ертедегі ауыл өмірінде жастардың кешкілікте бас қосып,халық аспаптарының сүйемелдеуімен ән салатын, айтысатын көңіл көтеретін ойын-сауығы болған.Алтыбақан ойынын жаңаша өнер жарысы ретінде жақсы безендіріп, мазмұнды, мәнді де сәнді өткізуге болады.
Ақсүйек бағдарлық сезімді дамыту үшін, денені шынықтыру үшін шығарған ұлттық ойын. Айлы түнде ойналады. Ойын бастаушы ойыншыларды екі топқа бөліп, кезегіне қарай ақ сүйекті (көбіне жылқының бақай сүйегін) алысқа лақтырады. Екі топтан ең бағдаршыл, қырағы ойыншы ақ сүйекті тауып алып қашып, қарсыласы тартып алмаза, сөреге жеткізеді. Қайсы топ сөреге ақ сүйекті көбірек әкелсе сол жеңеді. Егер ақ сүйекті тапқан ойыншы өзінің жүйріктігі мен күшіне сенбесе , одақтасына беріп жібереді. Жүгіріп ойнайтын ойын болғандықтан ақ сүйек денені шынықтырады, шапшаңдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.
ІІ. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.