«Уақыт – ұлы күш», «Жердегі климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау №2
Оқу мақсаты
|
О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді
|
|
кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну
|
|
Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап,
|
|
презентация түрінде ұсыну
|
|
|
|
ТБ1.2
|
Салыстырмалы,
|
күшейтпелі,
|
асырмалы
|
|
шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда
|
|
қолдану
|
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
|
|
Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсынады
Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайларды жазба, ауызша жұмыстарда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Бос уақытта қандай іспен айналысса болады?
Көпшілік бос уақытын қалай өткізуді білмей, кейде «Менің мүлдем бос уақытым жоқ» дейді. «Немен айналысуға болады?» деген сұраққа психологтер: «Өзіңізге ұнайтын ермек іс (хобби) тауып алыңыз », - деп кеңес береді. Олар тек уақытты пайдалы өткізуге ғана емес, денсаулыққа да оң әсерін тигізеді. Олай болса, бос уақытта қандай іспен айналысса болады?
Қолөнер. Көңілсіздіктен арылтатын іс – тоқыма тоқу. Тоқыма тоқыған кезде өзіңізді жайлы әрі жеңіл сезінесіз. Сондай-ақ, кесте тігу, сурет салу, экибана жасау, бисер тоқу, т.с.с. қолөнермен айналысуға болады.
Гүл өсіру. Жер үйде тұратын көп адамдар бос уақытын бау-бақшада өткізеді. Ал көп қабатты үйде балконда шағын бау-бақша жасауға болады. Кішкентай гүл ыдыстарына қалаған үй өсімдіктерін егіп, оны күтіп-баптауға кірісіңіз.
Коллекция жинау. Өзіңізге қызықты дүниелерді жинастырыңыз. Олар: әдеби кітаптар, күйтабақтар, базарлықтар, пошта маркалары, ыдыс-аяқтар, жұмсақ ойыншықтар, т.б.
Үй жануарын асыраңыз. Олар: аквариумдағы балықтар, мысықтар, кішкентай иттер, тасбақа т.б. Үй жануарыңызға күтім көрсетіңіз.
Блог жүргізіңіз. Ғаламтор беттеріндегі ақпараттық-танымдық порталдарға тіркеліп, блог жүргізіңіз. Өзіңіздің басыңыздан өткен қызықты оқиғаларды, ойларыңызды жазып, өзгелердің пікірін оқыңыз. Әртүрлі форумдарда өзгелермен өз ойыңызбен бөлісіңіз.
Спортпен шұғылданыңыз. Фитнесс-клубтары мен спорт залдарына барып, би, жүзу, йога, аэробикаға жазылыңыз. Достарыңызбен жиылып, спорт алаңына барып, бадминтон, волейбол, баскетбол ойнаңыз. Шеңбер айналдырып, жаттығулар жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |