«Мұхаббат-наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы жеткен. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр. Ресей Ғылым академиясының Азия халықтары институты 1952 жылы осы екі қолжазба нұсқасының фотокөшірмесін алды. Қолжазбаның бірі — 1432 жылы ұйғыр әрпімен көшірілген. Демек, «Мұхаббат-наме» дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан кейін оны ұйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Бұл – дастанның ең көне, алғашқы көшірмелерінің бірі. «Мұхаббат-наменің» араб әрпімен жазылған нұсқасы – 1509 жылы көшірілген. 1971 жылы Түркияның (Стамбул) Ұлттық кітапханасынан «Мұхаббат-наменің» араб графикасымен жазылған нұсқасының екі көшірмесі табылды. Бұл дастанды орыс ғалымдары В.В.Бартольд (1924), А.Н.Самойлович (1928) және Ә.Нәжіп арнайы зерттегені мәлім.
«: Мұхаббат наме» – жазба ескерткіш. Еңбек 1353 жылы Сыр бойында жазылған, авторы Хорезми. Туынды 473 бәйіттен (946 тармақ) тұрады: 156 бәйіті (312 тармақ) парсыша, 317 бәйіті (634 тармағы) қыпшақ-оғыз тілдерінде. Біздің заманымызға «Мұхаббатнаменің» екі нұсқасы жеткен: бірі – араб (1508 – 09), екіншісі – ұйғыр (1432) жазуымен жазылған. Екеуінің де түпнұсқасы Лондондағы Британ музейінде сақтаулы. Сонымен қатар 1971 жылы Стамбұл кітапханасынан арабша екі көшірмесі табылды. Бұл көшірмелер жырдың толық нұсқасы емес, жеке үзінділері ғана. «Мұхаббат-наме» дастанының кіріспесінде ақын: «Мен де ұлы тәңірге жалбарынып, «Мұхаббат-намені» жаздым» — дейді. Автор сол кездегі әдеби дәстүрді сақтап, алдымен әлемді жаратқан тәңірге сыйынады, сосын пайғамбарларға мақтау сөз айтады. Содан кейін ғана дастанның жазылу себептеріне тоқталады. Ақын «Мұхаббат-намені» Алтын Орда ханы Жәнібектің Ақ Ордадағы әкімдерінің бірі – Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша жазғанын айтады