Тақырыбы: Хорезмидің "Махаббат нама" дастаны



бет1/4
Дата06.12.2022
өлшемі384,69 Kb.
#55314
  1   2   3   4
Байланысты:
мнұрзада ежелгі дәуір

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы:Хорезмидің “Махаббат нама” дастаны

Орындаған: Мықтыбай Н

Тобы:2302-11

Қабылдаған: Мынбаева А П

Жоспары 1.Хорезмидің өмірі 2.Махаббат нама дастанының зеріттелуі 3.Махаббат нама дастанының көркемдік ерекшелігі 4.Қортынды 5.Пайдаланған әдебиеттер

Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат-наме» дастаны. Оны жазған – ақын Хорезми. Хорезми – ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз онша көп емес. Ақын Хорезми – Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған – Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат-наме» дастанын жазған

Хоразми түркі халықтары әдебиетінде наме жанрына өзінің Мұхаббат-наме дастаны арқылы тұнғыш рет жол ашты.Наме сөзінің бірнеше мағанасы бар. Сондай-ақ наме жанрлық форма ретінде мәлім. Наме сөзінің ең жиі қолданатын мағанасының бірі – арнау өлең түрінде жазылған дастан, поэма деуге болады. Хорезмидің Мұхаббат-намесі - дәл сондай арнау ретінде жазылған дастан. Мұнда екі ғашық жанның ой – сезімдері, айтар сөздері, жігіттің арнау хаттар арқылы берілген. Кезінде мұндай әдіс әдебиет жанрдағы жаңалық болған. Мұхаббат-наме дастанның өлең үлгісі негізінен екі тармақты, он бір буынды болып келеді. Қорта айтқанда, Хоразми сәтсіз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық - әлеуметтік мәселелерін сөз етеді. Алтын Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының бірі болып табылатын Мұхаббат-наме дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан мағанасы зор. Хорезмидің бұл ғажайып шығармасын танып – білу арқылы біз бүгін қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өмірге келу жолдарын,қазіргі қазақ тілінің даму жолдарын, халқымыздың өткендегі әдет – ғұрпын, салт –санасын, т.б тереңірек ұғынатын боламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет