Жұмыс әдістемесі. Rf мәндеріне және катиондарға тән түсті зоналар түзу қасиеттеріне негізделіп берілген қоспалардағы катиондарды анықтау қажет.
АІ3+, Мn2+, Рb2+
Cr3+, АІ3+, Cu2+
Cr3+, Co2+, Cu2+ Сынауыққа 1 тамшыдан
Cr3+, Ni2+, Рb2+ берілген тұздарды қосады.
Мn2+, Со2+, Сu2+
Ni2+, Co2+, Сu2+, Co2+ Зерттелетін қоспа тұнбамен
Ni2+, Co2+, Рb2+, Zn2+ болуы мүмкін.
Ni2+, Мn2+, Рb2+, Zn2+
Еріткіш буланып, концентрациясы өзгермеу үшін тәжірибені жабық камераларда орындау қажет немесе жабық тығынды цилиндрлерде орындауға болады. Хроматографиялық қағаздың ені 2 см, ұзындығы 20 см болу қажет. Еріткіш жүйесі (НСІ + ацетон) лаборант цилиндрге алдын-ала құйып қояды. Қағаздың шетінен 2 см жерде қарандашпен старт сызығын жүргізеді. Капиллярмен ол сызықтың ортасына зерттелетін ерітіндінің бір тамшысы түсіріледі. Бұл жерде капиллярды тек тигізеді, тамшы жайылмау керек, неғұрлым тамшы кіші болса, соғұрлым хроматограмма анық шығады. Дақтың диаметрі 2–3 мм болуы керек. Осыдан кейін хроматографиялық қағазды цилиндрдегі еріткішке батырады 0,5 см-ге дейін. Дақ еріткішке тимеуі керек. Хроматография 1,5–2 сағат жүреді процесс қағаз бойымен еріткіш 10 см-ге көтерілгенде тоқталады. Осыдан кейін қағазды алып, еріткіш шебін белгілеп ауада кептіреді. Старт сызығынан еріткіш шебіне дейінгі қашықтықты өлшейді. Осыдан соң кестеден Rf және тәжірибе нәтижесінде табылған әр катионның көтерілу зонасын /h/ табады. Көп катиондар көрінбейтін зоналар түзеді, органикалық немесе бейорганикалық қосылыстар. Сәйкес реагенттермен әсер еткенде зоналар сәйкесінше түрлі түстерге боялады.
Катиондарды анықтайтын реагенттер
Достарыңызбен бөлісу: |