Тақырыбы: І. Жансүгіровтың «Күйші» поэмасына талдау Жоспар: І. Кіріспе. «Күйші» поэмасына қысқаша тоқталу ІІ. Негізгі бөлім



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі31,89 Kb.
#20950
түріПоэма
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
3cb376aed8156254bb710f4cdd5f3e25d67db224


Тақырыбы: І.Жансүгіровтың «Күйші» поэмасына талдау

Жоспар:

І.Кіріспе. «Күйші» поэмасына қысқаша тоқталу

ІІ.Негізгі бөлім. А)Композициялық талдау жасаймыз.

Ә) Поэмадағы негізгі кейіпкерлерге талдау жасаймыз

Б) Поэманың көркемдік ерекшелігі

ІІІ.Қорытынды.

Ілияс «Күйші» поэмасында он саусағынан өнер тамған саңлақ күйші мен қазақтың күй өнерінің құдіретін жыр өрнегімен асқан ақындық шеберлікпен суреттеген. Поэмада ақын халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. Күйші Кене ханның ақ ордасында дүйім жұрт алдында «домбыраны дірілдетіп», жиылған қауымды тамсандыра өнер көрсетеді,күйге де, өзіне де таңдай қақтыра сүйсіндіреді. Сол күйлердің құдіретіне «қырдағы қоян, құлан, құлақ тігіп, қамыстан жолбарыс та ыңыранды», «табиғатта тып-тыныш бола қалды» деп өрнектейді. Алуан үнде сөйлеген күйге айналадағы бар жан құлақ түре сүйсінді. Күйші жігіттің күйі қолында ақ найзасы жарқылдаған, қол бастаған қас батыр Кене ханды да күй бейжай қалдырмайды. Күйге, күйшіге де елти құлаған Кене ханның қарындасы-Қарашаш. Ол- ағасының оң қолы, ақылшысы әрі ерке, өңіне ақылы сай, паң да өжет боп өскен ханзада. Жыршы Қарашаштың бойындағы қасиеттерді былайша суреттейді: Қарашаш- ақылы дария, алтын басы, Әйелдің ақсұңқары, ханзадасы. Өз басын мың қараға теңгермейтін, Кененің кеңесінің ақылдысы. Поэманың соңында күйші тоқсан күйді қайта тамылжытып, сорғалатып, қыз көңілін аулап, енді еліне, үйіне қайтқысы келген арманын күй арқылы ханшаға білдіреді. Ханша күйшінің тілегін орындамақ болады, сонда өнерлі де келісті, келбетті жігітті әлі де болса кідірте тұрмақты ойлайды. Күйші күй арқылы ханша көңіліне ізгілік нұрын сеуіп, рақымын түсіріп, еліне қайтсам ба деген тілегін жеткізеді. Ілияс «Күйші» поэмасында ақындық биігінен көрінген. Дастанда кейіпкердің сыртқы келбет-пішінін, мінез-қылықтарын бейнелеудегі ақынның зергерлігі, мұсіншілдігі сүйсіндіреді. Ақын дамыту, үндету тәсілдерін шебер қолдана отырып, оны өзінің эстетикалық мұратын, кейіпкер мінезін ашуды жарата білген. Он саусағынан өнер тамған жігіттің өнер өрісінің асқар шыңына биіктегенін ақын былайша суреттейді: Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып, Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі қайтып, Майырылып ақ семсері қалайы боп, Қажытты мұз балақты күй мұңайтып. Құлпырып бәйшешектей кетті шалқып, Аққудай көкте күйлеп, көлде толқып. Күйші жігіт күй тартқанда, бәйге атындай көсіле тартады, күй суреттері өрлеп, қияға шырқай береді, бір сөз бір сөзден, бір ой бір ойдан, бір шумақ бір шумақтан асып түсіп отырады ол күймен бірге жарысқандай. Поэмада өнер, күй құдіреті осылайша өрнек тапқан.









































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет