Тақырыбы: «Инфографика және оны тегін жасау сервистері»
Тақырыбы: «Инфографика және оны тегін жасау сервистері» Орындаған: Әкітай Айғаным
Тексерген: Сәлғожа И
Тобы: МОК 202
«Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті Матетатика,Физика және Информатика институты Математика және математикалық моделдеу кафедрасы»
Инфографика – хабарды, ақпаратты, білімді графикалық тәсілдер арқылы ұсыну.
Инфографика деп қандай да бір оқиғаны сипаттау немесе деректерді жеткізу мақсатында кез – келген мәтін мен графиканың үйлестіріліп берілуі айтылады.
Инфографика форматы бүгінде онлайн медиада да көп қолданылады;
Қарапайым болсы, күрделі болсын, кез – келген инфографика жасау – майда детальдармен – ақпарат жинаудан бастап деректерді визуалдауға дейін – жұмыс істеу деген сөз;
Алайда, шын мәнінде сапалы инфографика жасау үшін, форматпен жұмыс жасау ерекшеліктерін білу керек.
Көп кездесетін қателер: 1. Мекен картасы мен ерекше стильде жасалған суреттердің кесірінен қарапайым ақпарат күрделі сызбада көрсетеледі. 2. Стандарт форматқа салғанда недәуір түсінікті көрінетін графиктер суреттің кесірінен ауырлап кетеді. 3. Графиктерді қисайту. Қарапайымдарының орнына 3D графика салу – «түсінікті болуын құрбан етіп әдемі жасау.
Инфографика жасауға арналған түрлі фоторедактор, қосымша мен платформа бар. Сонда да инфографика жасау кезінде көбіміз қиналамыз. Назарыңызға материалдың сәнін келтіретін инфографиканы оп-оңай жасауға көмектесетін 6 сервисті ұсынамыз.
«Google» платформасының бұл қосымшасы статистикалық мәліметтерді жасауға арналған. «Google Docs» сіз енгізген сұралым арқылы әлем және жергілікті мекен бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынады. Ақпаратты карта, кесте, диаграмманың бірнеше түрі арқылы бейнелеуге болады. Сонымен қатар түрлі түске бояп, керек тұсын ерекшелей аласыз. «Google Docs»-пен жұмысты бастамас бұрын нұсқаулықпен танысып шыққаныңыз жөн.
Easel.ly
Ағылшын тіліндегі ыңғайлы сервис. Кез келген адам осы сервис арқылы инфографика жасай алады.
Easel.ly арқылы ашық, көзге бірден көрінетін инфографика жасауға болады.
Piktochart.com
«Piktochart.com» сервисінің ақылы және тегін тарифі бар. Тегін тарифіне түрлі графиктер, суреттер қосылған. 10 түрлі шаблонның ішінен өз тақырыбыңызға ұқсасын таңдап алуыңызға да болады. 100-ден аса түрлі символдар мен белгілерді де табуға болады. Ал мәтініңізді түрлі қаріппен тере аласыз. Дайын суретті бірнеше форматта сақтауға және жүктеуге болады.
Canva.com
«Canva.com» сервисінің мобильді телефонға арналған қосымшасы да бар. Оның құрылымы «Piktochart.com»-ға ұқсас. Бірақ «Canva»-ның мүмкіндіктері көбірек. Мұнда дайын шаблондар тақырып бойынша бөлінген. Графиктер мен диаграммаларың да түрі жетерлік. Бір кемшілігі ақылы және тегін құралдар аралас орналасқан. Таңдау барысында сізді шатастыруы да мүмкін. Дайын өнімді «png» форматында жүктей аласыз.
Visme.co
Ағылшын тіліндегі сервистің интерфейсі қарапайым. Бұл сервис арқылы күрделі ақпаратты сурет арқылы бейнелей аласыз. Оның тегін нұсқасына мына мүмкіндіктер енгізілген:
Бұл сервис арқылы ғылыми инфографикаларды жасай аласыз. Оның жұмысы зерттеу жұмыстарына, медицина, онлайн білім беру салалары үшін ыңғайлырақ. «Следи за графиком» сервисінен инфографикалық суреттер мен фон, сызба, қаріптерді, диаграммаларды таба аласыз. Айта кетерлігі, дайын сурет сервистің логотипімен бірге жүктеледі.
Қортынды:
Өзіңіз жаңа әлдене жасап, жаңа схемалар мен форматтарды байқап көру үшін, өзгелер не жасап жүргенін үнемі қадағалап отыруы керек. Инфографика суретшілері отыратын топтарға жазылып, альбомдарын қарап, солай істеп көруге болады.