Тақырыбы: «Инклюзивті білім беру» ұғымы Жоспар


Мүмкінділігі шектеулі балалар



бет3/5
Дата23.09.2024
өлшемі29,42 Kb.
#145271
1   2   3   4   5
Байланысты:
Инклюзия ұғымы

Мүмкінділігі шектеулі балалартуа біткен, тұқым қуалайтын,сатып алынған аурулар немесе уақытында растаған жарақаттар салдары туындаған өмір сүру ұзақтығышектелген физикалық және/немесе ақыл-ой кемістігі бар, ақыл-ой дамуы тежелген балалар.
Ерекше қажеттіліктері бар балалар(оқытуда айрықша сұранысы бар балалар) – ауру, жарақат немесе ақаулықтар салдарынан дене мүшелерінің функцияларын үнемі бұзатын денсаулыққа байланысты бұзылыстары бар балалар өмірлерін шектеуге алып келеді және олардың әлеуметтік қорғалуын қажет етеді.
Инклюзивті білім берудің негізіне балалардың кез-келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
Инклюзивті оқытуды енгізудің шарттары. Инклюзивті ортаны құру туралы айтатын болсақ, оқу орнында кедергісіз орта болған жағдайда ғана мүмкін болады:

  • Ғимараттың жағдайы, үй-жайлары және олардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі;

  • Аудиториялар мен сынып бөлмелерінің, балабақша топтарының жоғары сапалы сапалы жабдықтары;

  • Жабдықталған медициналық кабинеттің болуы;

  • Теңгерімді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жабдықталған тамақ блогының болуы;

  • Студенттер мен оқушыларға, балаларға арналған қауіпсіздік қызметтерінің болуы.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз − барлық балаларды, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, кездесетін кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген
теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі
жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет