ХІ-ХІІ ғасырларда Құран мен Суннаның арқасында фикха (мұсылман заңы) немесе шариғат құрастырылды. Шариғат пен фикха синоним есебінде қолданылады. Фикханың негізгі қызметі - мемлекет пен қоғам арасындағы, азаматтық қатынастарды реттейтін құкық (заңы). Шариғат жолдары - Құдай жолдары, оларды орындау әрбір мұсылманның борышы. Шариғатта діни әдет-ғұрыптар, діни салттарды орындау жолдары да көрсетіледі. Фикха сол орындаудың практикалық жолдарын, әрбір адамдардың өмірге байланысты, қалай және қайтып орындау керектігін көрсетеді.