Тангыштын турлері жәие кеуде зақымдалган және -жараланған кезде тазартылған таңғыш кою тәртібі.
Тангыштын турлері жәие кеуде зақымдалган және -жараланған кезде тазартылған таңғыш кою тәртібі.
Кеудеге спиральды немесе крест тәріздес таңғыш қояды. Спиральді таншш үшін үзындығы 1,5 м жуық бинттің үшын түйеді (1), сау білекке таңып, кеуденің оң жағыпан кисык күйінде калдырады (6 а). Бинтпен аркағіың төменгі жағынан спиральдік жүріспен (2-9) оңнан солға кеуде клеткаларын орай- ды, бүдан кейін бинтті сол қолтыққа орай отыра оң иык аркы- лы бос үшымен байланыстырады.
Крест тәріздес таңғышты кеудеге (6 б) 2-3 рет айналдыра (1-2) орап төменгі жағына кояды, содан соң арқа жақтан сол білекке (3) оң білектің төменгі жағы аркылы орай отыра (4) әкеледі, бинтті тағы да кеуде клеткасының түбіне әкеледі, со- дан соц білектерді ауыстыра таңғыіиты кеуде клеткасының жанынан айналдыра (5) орап, соңғы орамдағы бинттің үшын туйреуішпен бекітеді.
Қан кету, қан кетудің түрлері
Қан кету (грекше — қан, — ағу) — қанның жүрек-қантамыр жүйесінен олардың бүтіндігінің бұзылуы салдарынан сыртқа шығуы (жүрек қуыстары мен тамырлардан).
Қан кетудің түрлері
Артериялық қан кету — өзінің молдығымен және қарқындылығымен сипатталады. Қан тез, қысыммен, шапшып ағады. Қанның түсі алқызыл. Науқас тез қансырайды және қан кету өздігінен тоқтамайды.
Көктамырдан қан кету қан тамыр ішінен шие түстес, қара — көк түсті қанның үздіксіз бөлінуімен ерекшеленеді. Кейде іргелес орналасқан артериядан берілетін соғу нәтижесінде шапшып ағу байқалуы мүмкін. Артериялық қан кетуге қарағанда жылдамдығы төмен, бірақ тамырдың диаметрі (көлденең кесігі) үлкен болса қан кету көлемді болуы мүмкін. Мойын көктамырларынан қан кеткенде ауа эмболиясының қаупі бар. Капиллярлық қан кету.
Аралас сипатты қан кету негізінен капиллярлардың, ұсақ артериялар мен көктамырлардың жарақаттануымен сабақтасты. Қан кету мөлшері мардымсыз, егер қан үю жүйесінде өзгерістер болмаса қысып таңу немесе тығындау арқылы тоқтатылады. Паренхиматоздық қан кету. Бауыр, талақ, ұйқы безі сияқты паренхиматоздық ағзалар жарақаттанған кезде байқалады. Бұл қан кетудің паренхиматоздық тіндердің массивті ұсақ қан тамырлар желісінің жарақаттануына байланысты ағыны қатты (профузды) болуы мүмкін. Егер ірі артериялар мен көктамырлар зақымданбаған жағдайда паренхиматоздық ағзаның жарақатталған жерін тығындап тұратын қан ұйындысынан қан өздігінен тоқтауы мүмкін.