Тақырыбы. Жарнама мазмұны


Фирма жарнамасы бірінші кезекте бұқаралық ақпарат кұралдарына сүйенеді. Бұл салада көпшілікпен жұмыс істеу барысында жарнаманың



бет4/5
Дата09.11.2022
өлшемі45,88 Kb.
#48781
1   2   3   4   5
Фирма жарнамасы бірінші кезекте бұқаралық ақпарат кұралдарына сүйенеді. Бұл салада көпшілікпен жұмыс істеу барысында жарнаманың:
Баспасөзбен, радиомен және теледидармен жақсы қарым- қатынас орнату;
Баспасөз мәслихаттарын өткізу;
Көркем безендірілген жылдық есептерді шығарып отыру;
Мерейтойлық жинақтар шығару;
Тоқсандық, жылдық баланстарды түзіп, жариялап отыру;
Фирмада кабылдау күндерін өткізу, көпшілікке арналған өзге де шараларды ұйымдастыру (мәселен ашық есік күндері); Спорт жарыстарын өткізу;
Түрлі қоғамдар, одақтар, клубтар кұру; Ғылыми, мәдени шараларға мұрындық болып, қолдау көрсету сияқты құралдары қолданылады.
Әлбетте, фирманың атауы мұндай шараларды көпшілікке таныстыру барысында, мүмкіндігінше, кеңінен насихатталуға тиiс. Әдетте, алдын-ала ойластырылып, бір ізге түсірілген насихаттық-ақпараттық науқан көбіне бір жыл мерзімге ойластырылып жасалады. Әуелі жарнаманың мақсаты тұжырымдалады.
Онда жоспарлық сипаттамаларды (жарнама объектісі, субъектісі, құралы, кезеңі мен бюджеті) түзуге қажетті алғышарттар бeріледі. Жоспарлау нәтижесінде жарнама бағдарламасы дүниеге келеді.
Жарнамалық материалдың сипаты мен ерекшелігіне, фирма өнімдерінің өмірлік циклының кезеңдері мен нақты мерзімде жарнамаға койылып отырған міндеттерге сәйкес акпараттык, хабарламалық және түйсіктік болып айырмалануы мүмкін.
Акпараттық жарнама негізінен фирманың жаңа өнімін рынокқа шығару, алғашқы сұранымды қалыптастыру кезінде басым болады. Мәселен, ықтимал клиенттер жаңа фирма өнімін алу арқылы табатын пайда жөнінде ақпарат беру.
Хабарламалық жарнама нарықты ұлғайту, клиенттер санын көбейту, яғни фирманың жаңа өткізу нарығын калыптастыру кезеңінде құралдары фирма көрсететін накты қызметтің артықшылығын өзге несие мекемелерінің тиісті қызметімен нақты салыстыру арқылы дәлелдеуге бағытталады.
Түйсіктік жарнама фирма накты қызметтер көрсетуде елеулі жетістіктерге жеткен, сондықтан да клиенттер назарын тағы да аудару қажет етілетін кезеңде үлкен мәнге ие болады.
Бұлармен қоса тиянақтау жарнамасының да маңызы зор. Мәселен, фирма жөніндегі жарнамалық хабарландыруларда кайсыбір кызметтердің артықшылығын айтып таңдай қағатын клиенттерді кезіктіруге болады.
Кейбір фирмалардың тәжірибесінде превентивтік (алдын орау) жарнамасын жолыктыруға болады, бұл орайда жарнамаға кажет мөлшерден әлдеқайда көп қаржы жұмсалады. Мұндай жарнама осындай іpі соманы жарнамалық мақсаттарға бөле алмайтын бәсекелестерді тұғырдан тайдыру үшін жүргізіледі.
Фирма жарнама науқанын жүргізгенде көрсетілетін қызметтердің жақсы жақтарын көтере айтып, кейбір кемшін тұстарын бүгіп қалуы ықтимал, бірақ клиенттерді алдауға жол берілмейді.
Дегенмен, жалған жарнамалардың да кездесетінін жасыруға болмайды. Жарнама берушілер нарықта кандай да болмасын артықшылықтарға жету үшін өтірікке бармауға тиіс. Мәселен, нарықтың алғашқы кезеңінде Қазакстанның көптеген несие мекемелері, жекеменшілік фирмалар клиенттерді тарту ушін бар жақсылықты үйіп-төгіп жарнама берген оқиғалар (бұрынғы «Смағұлов және К» компаниясының, «Алатау» банкісінің жарнамалары) болды.
Қазақстан фирмаларының маркетингтік тәжірибесінде пайдаланылатын жарнама түрлері көп болғанымен, оларды іс жүзінде колданудың мына төмендегідей тұжырымдарын түйіндеу қажет: Тұтынушылар жарнамаға өз мүдделері, наным-сенімі тұрғысынан қарайды.
Міне, сондықтан да жарнама қызметі жарнаманың сараланған түрде қабылданатынын ескеруге тиіс; Тұтынушының ой-пікірі оның өмірден алған тұтыну тәжірибесіне байланысты калыптасады. Сондықтан да жарнама тұтынушылардың мүмкіндігі мен мүддесіне сай келмесе, сенімге ие бола алмайды;
Егер жарнама тұтынушының белгілі бір тауарға немесе қызметке деген көзкарасына үйлесіп жатса, оны қайталау қажет, әйтпесе тиімділігі төмендемек. Сондықтан да клиент бұл жарнаманы мезгіл-мезгіл кезіктіріп тұруы керек;
Клиенттерді кұлақтандыру және олардың жаңа қызметтерге деген ынтасын арттыру қажет болған жағдайда жарнаманың тиімділігі артады;
Клиенттің практикалық тәжірибесіне сай келетін жарнамалық акпарат иланымды болады.
Екінші сыныптама өзегіне жарнаманы тарату арнасы алынады. Жеткізу түріне орай жарнаманы газет-журнал жарнамасы, видеожарнама, аудиожарнама, сырткы жарнама, киножарнама сиякты топтарға белуге болады. Жарнаманың жаңа түрлері ішінен интернет желісіндегі жарнаманы атап өтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет