Тақырыбы: «Жасай бер, ана тілім қазақ тілі» Өткізілуі формасы: zoom платформасы Мақсаты



Дата13.10.2022
өлшемі14,75 Kb.
#42970
Байланысты:
Ана тілі барысы



Тақырыбы: «Жасай бер , ана тілім - қазақ тілі»
Өткізілуі формасы: ZOOM платформасы
Мақсаты: Өскелең ұрпақты өз тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу
Міндеттері: — оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз ана тілінің қадір қасиетін біліп, тілдің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
— тіл мәдениетін сақтай білуге, ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу.
Куратор сөзі: Қымбатты ұстаздар, оқушылар сіздерді бүгінгі тілдер мерекесімен құттықтаймын! Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тәуелсіз елдің тұтқасы-қазақы жүрек , қазақ тілі » атты айлық аясында ұйымдастырылған «Жасай бер ана тілім- қазақ тілі» атты тірбие сағатына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші : Қайырлы күн , ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
2-Жүргізуші : Армысыздар , өрлі де асқақ рухты тәлуелсіз елдің жас ұландары !
1-жүргізуші : тілім қазынам , алтын кенім,
Өзіңменен мақтанып мен келемін.
Біздерді алдыға жетелейтін
Жасай бер қазағымның - ата тілі - , дей келе , қатысушыларымыз қаншалықты тіл жайындағы мақал- мәтелдерді білетінін тексеріп көрейік
2-Жүргізуші: «Мақал - мәтел» сайысын бастайық. Сайыс ержесі бойынша сіздерге қойылатын Тіл жайындағы мақал- мәтелдерді жалғастырасыздар.
1. Өнер алды …. (қызыл тіл)
2. Тіл тас жарады….. (Тас жармаса бас жарады)
3. Шебердің қолы ортақ … (Шешеннің тілі ортақ)
4. Тіл қаруы сөз …. (Сөз аруы — ой)
5. Сөз сөзден туады ….. (Сөйлемесе неден туады)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет