Тақырыбы: Жасушадағы зат және энергия алмасу. Катаболизм. Анаболизм. Фотосинтез



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата14.10.2022
өлшемі333,48 Kb.
#43115
1   2   3
Катаболизм немесе энергетикалық метаболизм, 
бейорганикалық және органикалық қосылыстардың
тотығу реакцияларының жиынтығы. Қоректік
заттардың ыдырауы энергия бөлінумен жүреді. 
Катаболизм жолында ірі полимерлі молекулалар
алдымен кішкене фрагменттер мономерлерге
ыдырайды, одан әрі органикалық қышқылдарға және
фосфорлы эфирлерге айналады. Катаболизм (грекше
katabole
– сыртқа шығару, ыдырау), организмде
тіршілік әрекеті процесінде пайдаланылған энергияны
босата отырып, қажетсіз заттарды денеден сыртқа
шығарып тастау. Клетка мен тінде болатын тотығу
процесі ферменттерінің қатысуымен үздіксіз жүретін
құбылыс. Ондағы белок, май, көмірсу сияқты күрделі
органикалық заттар тотығу әсерінен ыдырайды. Осы 
процестен пайда болған энергия тіршіліктің қажетіне
жұмсалады.


Катаболизм мен анаболизм арасындағы энергия 
алмасуы
.
Катабалистік жол АТФ және НАДФ*Н түрінде химиялық
энергия бөледі. Анабализм кезінде ол энергия 
қарапайым молекулалардан макромолекулар
құрастыруға жұмсалады.
Анабализм немесе биосинтез кезінде қарапайым
ізашар молекулалардан нуклеин қышқылдары және
т.б. жасушаның макромолекулалары синтезделеді. 
Биосинтез молекулалардың көлемі өсіп
күрделенгендіктен, оған энергия жұмсалады. Ол
энергияның көзі АТФ-ның АДФ мен бейорганикалық
фосфатқа дейін ыдырауынан пайда болады. 
Жасушаның кейбір бөлшектеріне НАДФ-Н-дан 
бөлінетін энергияға бай атомдары пайдаланылады. 
Катаболизм және анабализм реакциялары жасушада
бір уақытта жүреді, бірақ олардың жылдамдығы бір-
біріне тәуелсіз реттеледі.


Фотосинтез - жасыл жапырақ
органоидтері

яғни
хлоропласт
арқылы күн сәулесі
энергиясының химиялық байланыс энергиясына
айналу процесі. Фотосинтез нәтижесінде жер
жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 миллиард 
тоннадан астам органикалық заттар түзеді
(
мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері
түзеді) және бұл кезде олар 200 
миллиардтай
СО
2
сіңіріп, оттегі бөледі.


Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер,
балдырлар
(
көп
жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл, сондай-ақ бір
жасушалы эвглена, динофлагеллят, диатом
балдырлар) фотосинтезінде сутек
доноры
және
шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі
акцепторы және көміртек көзі – көмірқышқыл газ. 
Фотосинтезге тек СО
2
мен Н
2
О 
пайдаланылса
көмірсу
түзіледі. Фотосинтез процесіне
өсімдік көмірсу түзумен қатар құрамында азоты және
күкірті бар
аминқышқылдарын
,
белок

молекуласы
құрамында азот болатын хлорофилл де түзеді. Бұл
жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының
акцепторы және азот, күкірт
көзі
нитрат
және
сульфат
болады. Фотосинтездеуші
бактериялар молекула оттекті пайдаланбайды, оны 
бөліп шығармайды (бұлардың көбі
анаэробтар
). 
Бұл
бактериялар су орнына донор ретінде электрондарды
не органикалық емес қосылыстарды (күкіртті сутек, 
тиосульфат, газ тәрізді сутекті) немесе органикалық
заттарды (
сүт қышқылы
, изопропил спиртін) 
пайдаланады


Жасыл өсімдіктерде фотосинтез 
нәтижесінде түрлі көмірсулар
түзіледі.
Жануарлар
әдетте осы 
көмірсулармен қоректенеді. Қарапайым
қанттар қанмен жануарлар денесіне
таралып, күрделі полисахарид –
гликогенге айналады
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет