Тақырыбы: Жазылым дағдыларының ішкі кезеңдері.(жазу алдында; жазу кезеңі; жазудан кейін) Орындаған



бет1/5
Дата06.05.2023
өлшемі372,64 Kb.
#90731
  1   2   3   4   5
Байланысты:
әдебиет 9 апта


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті




Тақырыбы: Жазылым дағдыларының ішкі кезеңдері.(жазу алдында; жазу кезеңі; жазудан кейін)
Орындаған: Курбаналиева Лаура Нурлубековна
Факультет: Педагогика және психология
Мамандық: 6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тексерген: Карсыбаева Раиса Канабековна

Алматы-2022




Әдебиеттік оқу пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
- тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан алған әсерлерін жазу;
- оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
- әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жазу;
- әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
- газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу;
- белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау;
- әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
- ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
- сұхбатқа сұрақтар дайындау.


Жазылымның ішкі дағдыларын екі топқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі –
сауаттылық, ал екінші тобы – идеяны (ойды) жеткізе білуі.


Сауаттылыққа қатысты дағдылар:
1. Орфограяфиялық қатесіз жазу;
2. Әріптерді дұрыс және қосып жаза білу;
3. Пунктуацияны дұрыс қолдану;
4. Қағаз бетіне дұрыс орналастыра білу;
5. Сөздерді дұрыс таңдай білу;
6. Грамматиканы дұрыс қолдану;
7. Сөйлемдерді дұрыс байланыстыра білу;
8. Абзацты (жаңа азат жолдан басталған, бір идеяға ғана негізделген көлемділеу
жазылым бөлігі) дұрыс ұйымдастыра білу.
Идеяны жеткізе білуге қатысты дағдылар:
1. Стильді дұрыс таңдай білу;
2. Идеяларды жүйелі ұйымдастыра білу;
3. Мәтін түрлерінің ерекшеліктерін қолдана білу және мағынасын жеткізе білуде
қажетті функцияларды пайдалана білу. Функцияларға баяндау, шағымдану,
өтініш білдіру, алғыс айту, қысқарту (бірнеше сөздермен негізгі идеяларға
тоқталу), қорытындылау жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет