Оқулық қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін өз бе тінше үйренуге, тілдік курстарға жэне жоғары оқу орындары



жүктеу 1.99 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата03.01.2017
өлшемі1.99 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1117

АЛҒЫ  СӨЗ
Бұл  оқулық  қазақ  тілді  аудиторияға  ағылшын  тілін  өз  бе- 
тінше  үйренуге,  тілдік  курстарға  жэне  жоғары  оқу  орындары 
студенттеріне,  аударма  ісі  мамандарына  арналған.  Оқулықта 
ағылшын  тілі  грамматикасының  негізі  тілдік  нормаға  сәйкес 
түсіндіріледі.  Бұл  грамматикалық  оқулықтың  негізгі  мақсаты 
ағылшын тілінде дұрыс  сөйлеп,  жаза білу үшін  қажетті  грамма- 
тикалық  ережелер  мен  тілдік  заңдылықтар  жөнінде  мағлұмат 
беру болып табылады. Оқулық морфология жэне синтаксис сияқ- 
ты  екі  бөлімнен  тұрады.  Сөз  таптары  тарауында  сөз  таптары, 
олардың  түрлері,  қызметі,  жасалым  жолдары  мен  морфология- 
льщ  көрсеткіштері  қамтылады.  Бұл  тарауда  грамматикалық  ка- 
тегориялар  қай  сөз  табына  қатысты  болуына  қарай,  сол  тақы- 
рып  көлемінде  қарастырылады.  Ал  кейбір сөз таптары,  мысалы, 
жалғау  жэне  шылау  сөздердің  қолдану  ерекшеліктері  жеке 
тақырып  болып  негізгі  сөз таптары,  яғни  зат  есім,  артикль,  сын 
есім,  үстеу,  есімдік,  етістікке  қатысты  беріледі.  Сондай-ақ  мо- 
даль  сөздер,  жұрнақтар  жэне қыстырма сөздер де эртүрлі тарау- 
лардың  бөлімдерінде  таныстырылады.  Синтаксис  тарауында 
сөйлемнің  түрлері,  құрылымы,  олардың  тұрлаулы,  тұрлаусыз 
мүшелері  қарастырылады.  Ағылшын  тіліндегі  грамматикалық 
категорияларды жэне олардың қызметі жайлы түсініктемені бер- 
генде,  қазіргі  жэне  соңғы  шыккан  грамматикаларда  ұсынылған 
заңдылыктар  мен  нормаларға сүйене  отырып  негізделеді.  Ағыл- 
шын тіліндегі эрбір грамматикалық құбылыстар таныстырылған- 
да,  мысалдармен дэйектеліп, тіл үйренушіге түсінікті  болу үшін 
олардың формалары мен аударылу ерекшеліктерінің қазақ тілінен 
айырмашылықтары  атап  көрсетіледі.  Сонымен  қатар  ағылшын 
тіліндегі  кейбір  конструкциялардың  сөзбе-сөз  аудармасы  қазақ 
тіліне  сәйкес  келмегендіктен,  аударма  жасалғанда  оларды  қазак 
тілінің тілдік нормасына сәйкес аударуға көңіл бөлінеді. Ағылшын
3

ГУ!
ББК 74.261.я7Анг.
Б  12
Баспага әл-Фараби атпындазы Қазақ үлтптпық унивөрситпетпі 
жаратылыстану факулътпетпінің Ғылыми кеңесі жәнв 
Редакцпялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылган
Пікір жазғандар: 
филология ғылымдарының докторы, профессор  Т.  Сайрамбаев 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.А. Асқарова 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент А.А. Мулдагалиева
Q G b   L   ( Q,
С.Торайғыров
атындағы  ЛМУ-дІң 
. 
академик  С.Бөйсөмбаев| 
атындағы  ғылыми
КІТАПХАНАСК
Баймұратова И. А.
Б  12 
Ағы лшын ті лінің практикал ық грамматикасы: оқу құралы.
-  Алматы: Қазақ университеті, 2012. — 332 бет.
ISBN 978-601-247-353-7
Бұл  оку  кұралында  ағылшын  тілінің  грамматикасы,  яғни  морфо- 
логиялық  формалар  мен  синтаксистік  құрылымдар  жайлы  жүйелі, 
жан-жақты мәліметтер,  анықтамалар беріледі.  Сонымен бірге ағылшьш 
тілінің  грамматикасына  қатысты  барлық  тілдік  формалар  қамтылады. 
Әрбір  форманың  агылшын  тілінде  жасалу  жолы,  жіктелуі,  қолданыс 
ерекшелігі жөніндегі ережелерге, тілдік нормаларға жан-жақты тоқтала 
отырып, ағылшын тілінің табиғатын дұрыс түсінуге көптеген мысалдар 
келтіріледі.
ББК 74.261.я7Анг.
ISBN 978-601-247-353-7
© Баймұратова И.А., 2012 
© Әл-Фараби атындағы ҚазҮУ, 2012

АЛ ҒЫ  С ӨЗ
Бұл
курстарға
студенттеріне,  аударма  ісі  мамандарына  арналған.  Оқулықта 
ағылшын  тілі  грамматикасының  негізі  тілдік  нормаға  сәйкес 
түсіндіріледі.  Бұл  грамматикалық  оқулықгың  негізгі  мақсаты 
ағылшын тілінде  дұрыс  сөйлеп,  жаза білу үшін  қажетті  грамма- 
тикалық  ережелер  мен  тілдік  заңдылықтар  жөнінде  мағлұмат 
беру болып табылады. Оқулық морфология жэне синтаксис сияқ- 
ты  екі  бөлімнен  тұрады.  Сөз  таптары  тарауында  сөз  таптары, 
олардың  түрлері,  кызметі,  жасалым  жолдары  мен  морфология- 
льщ  көрсеткіштері  қамтылады.  Бұл  тарауда  грамматикалык  ка- 
тегориялар  қай  сөз  табына  қатысты  болуына  қарай,  сол  тақы- 
рып  көлемінде  қарастырылады.  Ал кейбір сөз таптары,  мысалы, 
жалғау  жэне  шылау  сөздердің  қолдаиу  ерекшеліктері  жеке 
тақырып  болып  негізгі  сөз  таптары,  яғни  зат  есім,  артикль,  сын 
есім,  үстеу,  есімдік,  етістікке  қатысты  беріледі.  Сондай-ақ  мо- 
даль  сөздер,  жұрнақтар жэне  қыстырма сөздер де эртүрлі тарау- 
лардың  бөлімдерінде  таныстырылады.  Синтаксис  тарауында 
сөйлемнің  түрлері,  кұрылымы,  олардың  тұрлаулы,  тұрлаусыз 
мүшелері  қарастырылады.  Ағылшын  тіліндегі  грамматикалық 
категорияларды жэне олардың кызметі жайлы түсініктемені бер- 
генде,  қазіргі  жэне  сощы  шыққан  грамматикаларда  ұсынылган 
заңдылықтар  мен  нормаларға сүйене  отырып  негізделеді.  Ағыл- 
шын тіліндегі эрбір грамматикалык құбылыстар таныстырылған- 
да,  мысалдармен дэйектеліп, тіл үйренушіге түсінікті  болу  үшін 
олардың формалары мен аударылу ерекшеліктерінің қазақ тілінен 
айырмашылықтары  атап  көрсетіледі.  Сонымен  қатар  ағылшын 
тіліндегі  кейбір  конструкциялардың  сөзбе-сөз  аудармасы  қазақ 
тіліне  сэйкес  келмегендіктен,  аударма  жасалғанда  оларды  қазақ 
тілінің тілдік нормасына сәйкес аударуға көңіл бөлінеді. Ағылшын
3

тіліндегі  грамматикалық  құбылыстар  ағылшын  тіліндегі  көркем 
әдебиеттерден (жазушылардың шығармаларынан)  алынған қара- 
пайым,  көпшілікке  түсінікті,  жиі  қолданылатын  сөздерден  тұ- 
ратын  мысалдармен  беріледі.  Оқулықтың  соңында  бірқатар 
грамматикалық  формалардың  кестесі,  ағылшын  тіліндегі  негізгі 
грамматикалық категориялардың қаза тіліне аудармасы және оқу- 
лықты жазу барысында пайдаланылған әдебиеттер беріледі.

КІРІСП Е
Тіл  екі  не  одан  да  көп  адамдар  арасындағы  сөйлесу  арқылы 
көрініс табады. Ал тілдік қарым-қатынас, негізінен, сөйлем түрін- 
де жүзеге асады.  Сөйлем ішіндегі барлық сөздер грамматикалық 
жағынан  бір-бірімен  байланыста  болады,  яғни  олар  белгілі  бір 
ойды, қимылды, іс-әрекетті білдіру үшін бір-бірімен байланысып 
тұрады  жэне  осыған  байланысты  олардың  формалары  да  өзге- 
ріске  түсуі  мүмкін.  Ғылым  ретінде  грамматиканың  негізгі  зерт- 
теу объектісі -  тілдің грамматикалық құрылымы, яғни сөздердің 
грамматикалық  формаларының  жэне  сөйлем  кұрылымының  өз- 
геру заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы болып табы- 
лады.  Бұл  грамматикалық  оқулықтың  негізгі  мақсаты  ағылшын 
тілінде дұрыс сөйлеп, жаза білу үшін қажетті негізгі грамматика- 
лык  ережелер  мен  тілдік  заңдылықтар  жөнінде  мағлұмат  беру 
болып табылады.
Ағылшын  тілі  мен  қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылымы
арасындағы  аиырмашылық сөз,  сөз тіркесі жэне сөилем арасын- 
дағы  грамматикалық  байланыстың  жасалу  тәсілдері  болып  та­
былады.  Қазақ  тілінде  бұл  байланыстар  жалғаулықтар  арқылы 
жасалады.  Мысалы:  елдің  астанасы.  Ағылшын  тілінде  сөз  бен 
сөздің  арасындагы  байланыс  сөйлем  ішіндегі  сөздердің  орын 
тэртібі  мен  көмекші  сөздер  арқылы  беріледі:  the  capital  o f  the 
country.
Кейбір  синтетикалық  құрылымдар  сақталғанымен,  қазіргі 
ағылшын тілі аналитикалық тілге жатады. Мұны сөздің сан алуан 
болып түрленуінен көруге болады.
Сөздің  грамматикалық  формалары  эртүрлі  жолдар  арқылы 
өзгереді.  Сөздің  грамматикалык  формалары  деп  сөздің  өзінің
лексикалық мағынасын  сақтаи отырып,  грамматикалық жағынан 
түрленуін айтады. Мысалы: 
pen -  pens.
Ағылшын  тілінде  сөздің  грамматикалык  формасын  а)  жал- 
ғау  арқылы,  э)  сөз  құрамындағы  дыбыстарды  өзгерту  арқылы,
5

5)  қосымшалар аркылы,  в)  аналитикалық формалар аркылы түр- 
лендіру  жолдары  бар.  Жұрнактар  сөздің  түбіріне  жалғанатын  сөз 
түрлендіруші  элемент  болып  табылады.  Оларды  инфлексия  деп 
атайды. Сөз түрлендірудің бұл түріне төмендегі жұрнақтар жатады:
-е (s)  { зат есімнің көпше түрінің формасы
{ белгісіздік осы шақтың үшінші жақгағы жекеше түрі
{ ашық райдың белгісіздік өткен шақ формасы
-е (d)  { қалау райдьщ формасы
{ дұрыс етістіктің көсемше түрі
-ing  { етістіктің есімше түрі
{ герундий
-er,  -est -  сын есімнің, үстеудің салыстырмалы жэне күшейт-
пелі шырайларының формасы.
Сөздің дыбысталуын өзгерту арқылы  сөз түрлендіру деп,  бір 
сөздің  эртүрлі  грамматикалық  формада  эртүрлі  дыбысталуын 
айтамыз. Сөз ішінде дауысты дыбыс та 
(write  -  wrote),
  дауыссыз 
дыбыс та 
(knife
 -  
knives)
 дыбыстық өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Е с к е р т у .   Сөздің  дыбыстық  кұрамындағы  өзгеріс  инфлексия- 
мен қатар жүруі де мүмкін: (knife -  knives, goose -  geese).
Супплетивті  формалар  -   түбір  сөздің  эртүрлі  болып  өзгеруі 
арқылы  жасалатын  грамматикалық  формалар.  Бұларға 
«be  -am 
-is -are -was,  were;  take-took,  her-him,  little-less»
 сияқты сөздердің 
түрлену тәсілдері жатады.
Аналитикалық  формалар  екі  компоненттен  -   көмекші  жэне 
негізгі етістіктерден тұрады.  Көмекші етістіктердің өзінің дербес 
лексикалық мағынасы жоқ, олар сөзді тек грамматикалық жағынан 
түрлендіре алады, яғни тек қана грамматикалық көрсеткіш болып 
табылады.  Түбір өзінің дербес лексикалық мағынасы  бар,  сөздің 
өзгермейтін элементі болып табылады.  Аналитикалық формалар 
етістіктің шақ, рай, етіс формаларын жасауда қолданылады.
I have learnt English.
He has leamt English.
Е с к е р т у .   Қазіргі ағылшын тіліндегі грамматикалық формаларды
Ираш Аманцызы Баішұратова_____ ____________
6

Агылшын тілінің практикалық грамматикасы
өзгертудің  төрт  тэсшшщ  екеуі  ғана  яғни  жұрнак  және  аналитикалық 
формалар өсімді тәсілдер болып табылады.
Бір-бірімен  салыстыра қарағанда  екі  не одан  да көп  грамма- 
тикалык  формалардың  ортақ,  жалпы  мағынасы  грамматикалық 
категорияны құрайды. Мысалы: pupil - pupils, pen-pens.
«Pupil»
  жэне 
«реп»
  сөздерінің  формасы  зат  есімнің  жекеше 
түрін білдіреді. Ал 
«pupils», «pens»
 деген сөздердің формасы көп- 
ше түрді білдіреді. Осы сөздердің екі формасының бір ғана ортақ 
жалпы мағынасы (зат есімнің көпше түр категориясы) бар. Яғни, 
көптік жалғаудың грамматикалық мағынасын білдіретін формалар 
зат  есімнің  көпше  түріндегі  грамматикалық  категориясын  кұ- 
райды.
Зат есімнің көптік жэне септік жалғау грамматикалық катего­
риясы  бар, яғни  зат есім  көптеледі,  септеледі.  Ал етістіктің жақ, 
шақ,  түр,  аспект,  етіс  жэне  рай  категориясы  бар.  Сын  есім  мен 
үстеудің  шырай  категориясы  бар.  Кейбір  есімдіктердің  жіктік, 
көптік, тек, септік жэне шырай категориясы бар. Сөздердің грам- 
матикалық формаларының жүйесін парадигма деп атайды.
Тілдегі  барлық сөздер лексикалық магынасына, морфология- 
лык  ерекшеліктеріне,  синтаксистік  функциясына  жэне  олардан 
жасалатын  сөз  тіркестерінің  типтеріне  қарай  белгілі  бір  топқа 
жатады. Қазіргі агылшын тілінде он екі сөз табы бар:  1) зат  есім,
2) сын есім, 3) есімдік, 4) сан есім, 5) етістік, 6) үстеу, 7) шылаулар,
8) жалғаулықтар, 9) артикль,  10) жұрнақтар,  11) қыстырма сөздер,
12) одағай.
Барлық  сөз  табы  атауыш  жэне  көмекші  сөздер  болып  іштей 
екі топқа бөлінеді.
Атауыш  сөздердің  өзіндік дербес  лексикалық мағынасы  бар, 
ягни  олар  затты,  оның  сапасын,  қимылды,  күйді,  жағдайды  біл- 
діреді.  Олар  өз  алдына  жеке  тұрып,  сөйлемнің  белгілі  бір  жеке 
мүшесінің  -   бастауыш,  баяндауыш,  толықгауыш,  анықтауыш, 
пысықтауыштың қызметін атқара алады.  Көмекші сөздердің дер­
бес лексикалық магынасы  жоқ жэне  олар өз  алдына жеке тұрып 
сөйлем  мүшесі  қызметін  аткара  алмайды.  Олар  анықгаушы 
жэне  байланыстырушы (дэнекерлеуші)  сөздер болып жанама екі 
топқа бөлінеді. Байланыстырушы (дэнекерлеуші) сөздер сөздерді
7

грамматикалық  жағынан  байланыстыру  үшін  немесе  белгілі  бір 
сөйлем  мүшесінің  грамматикалық  формасын  жасау үшін  қолда- 
нылады.  Бұл  топқа  шылаулар  (предлогтар),  жалғаулар,  модаль, 
көмекші жэне дэнекерлеуші етістіктер жатады. Анықтауыш сөзд- 
ер  өздері  қатысты  атауыш  сөздердің  мағынасын  ерекшелеп,  ай- 
қындай  түсу  үшін  қолданылады.  Мұндай  сөздерге  артикльдер,
жұрнақтар жэне кейбір есімдіктер жатады.
Дегенмен,  көмекші  сөздер  мен  атауыш  сөздердің  аражігін
ашып  көрсететін  белгілі  бір  белгі,  айырмашылық  жоқ.  Кейде
олардың  арасындағы  айырмашылық  сөз  таптарының  арасьшда,
ал  кейде бір сөз табының ішінде де (атауыш жэне көмекші  етіс-
тіктер)  кездеседі.  Бір  сөз  эртүрлі  контекстің  бірінде  атауыш  сөз
ретінде  қолданылса,  ал  екінші  бір  жағдайда  көмекіш  сөздер
ретінде қолданылады.
Тілдегі  барлық  сөздер  сөз  тіркестерімен  немесе  сөйлем
құрай  отырып,  грамматикалық жағынан  бір-бірімен  байланысқа 
түседі.  Сөз тіркесі сөз бен  сөйлем арасындағы аралық байланыс 
болып  табылады.  Бұл  бір  құбылысты  білдіретін  екі  не  одан  да 
көп атауыш сөздерден тұратын (жасалған) грамматикалық бірлік 
болып табылады: 
the Ministry o f Foreign Affairs, the title o f the book.
Сөз тіркесі  жеке  сөз  сияқты  сөйлемнің  бөлінбес  бір  бөлшегі 
ретінде  қызмет  атқарады. 
Almaty  is  the form er capital o f Kazakh­
stan.
Көмекші жэне атауыш сөздердің тіркесін фраза деп атайды. 
in danger -
 шылаулы тіркес; 
when asked—
 жалғаулықты тіркес. 
Айтылымның көпшілігінің құрамында, эдетте тұлға (атауыш) 
сөз  болып  табьшатын  бір  өзек  сөз  болады.  Осы  өзек  (атауыш) 
сөздің  қай  сөз  табына  жататынына  байланысты  сөз  таптары:
1)  зат  есімді  сөз  тіркесі,  яғни  атауыш  сөз  — зат  есім  болатын 
тіркес: 
my room,  the door o f the room;
  2)  сын  есімді тіркес: 
good 
at  sport,  different  in  size;
  3)  етістікті  тіркес: 
to  see  a  doctor,  to 
look at the  blackboard;
  4) үстеу  негізді  тіркес: 
too  late,  very  well;
5) есімдікті тіркес: 
any o f them, something interesting.
Сондай-ақ екі компоненті де бірдей дәрежелі болып саналатын 
сөздерден тұратын тіркестер де  бар: 
mother and father,  either you 
or he,  doctor Smith
 т.б.
Егер  екі  сөз  бір-бірімен  синтаксистік  тэсілмен  байланысса,
Ираиг Аманқызы Баимұратова_______
8

Агылшын тілінің практикалық грамматикасы
онда  олар  бір-біріне  бағына  немесе  дербес,  бір-біріне  салаласа 
байланысуы мүмкін.
1.  Салаласа  (тең дәрежеде)  байланысу деп  сөз тіркесінің  құ- 
рамындағы  сөздердің  грамматикалық  жағынан  тұлғалары  бір- 
біріне  тең,  бірі  екіншісіне  тэуелсіз  байланыста  болуын  айтады. 
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бір-бірімен жалғаулықтар арқылы, 
орын тэртібі жэне интонация арқылы байланысады.
Alma 
and I
  are  the  first  year  students  (Алма  жэне  мен 
бірінші курс студентіміз).
He came home 
and
 listened to the music (Ол үйге келді де, 
музыка тыңдады).
Murat,  Madina, 
and
 Khanat  are  doctors  (Мұрат,  Мадина 
жэне Қанат -  дәрігерлер).
2.  Бағына байланысу деп бір сөйлем ішіндегі бір сөздің екін- 
шісіне  (атауыш  (тұлға)  сөзге)  грамматикалық  жағынан  бағына 
байланысуын  айтады.  Бағына  байланысудың  қиылыса,  меңгере 
жэне  жанаса  байланысатын  түрлері  бар.  Бір  сөз  бен  екінші  сөз 
қиылыса байланысқанда,  тұлға сөз  бен  оған  мағынасы  жағынан 
бағыныңқы  сөз  бір  грамматикалық  формада  тұрады: 
this pensil 
is  long;  these pensils  are  long,  {«pensil»
  сөзі  жекеше  түрде  тұр, 
ал  оған  қатысты 
«this,  is»
  сөздері  де  жекеше  түрде;  ал  екінші 
сөйлемде  атауыш сөз 
«pensil»
  көпше түрде,  оған  қатысты 
«these 
are»
 сөздері де көпше түрінде келіп тұр.)
Сөйлем  ішіндегі  сөздердің  бір-бірімен  қиылыса  байланысуы, 
біріншіден,  бастауыш  пен  баяндауыштың  арасында,  екіншіден, 
аныктауыш пен атауыш сөздің (сілтеу есімдіктері) арасында болады.
Меңгере  байланысу  деп  бір  сөздің  екінші  бір  сөзбен  байла- 
нысканда, грамматикалық формасының өзгеруін айтамыз: 
it is my 
room,  he gives me a book, Alm a’s parents are doctors.
Меңгере байланысу 1) етістік пен толықтауыш, 2) зат есім мен 
аныктауыш (зат есім не есімдіктің тәуелдік жалғау формасында тұ- 
рып, аныктауыш  қызметін  атқарған жағдайда) арасында болады. 
Зат  есімдерде  септік  жалғауының  ілік  септігінен  басқа  септік 
жалғауларының  грамматикалық  формаларының  жоқ  екендігіне 
байланысты, толықтауыш пен етістік  арасындағы  байланыс  қыз- 
метін  шьшаулар  (предлогтар)  атқарады.  Бұл  байланыс  шылаулы
меңгеру деп аталады.
9

He  wrote  a  letter  to  his friend  (to  him)
  (Ол  досына  хат
жазды). 
f   >
She bought a present fo r her brother (for him)
 (Ол ағасына
сыйлық сатып алды).
D on’t make fun  o f him  (of him)
  (Оны  күлкі  қылма)  (Оған 
күлме).
Can you  tell us  about your friend (about  him)?
  (Сіз  бізге 
өзіңіздің досыңыз жайлы айтып бересіз бе?)
Жанасу деп екі сөздің бір-бірімен қатар тұрып, грамматикалық 
қызметі  де,  мағынасы  да  бірдей  болып  байланысуын  айтамыз. 
Сөздердің байланысының бұл турі ағылшын тіліндегі сөйлемнің 
кұрамындағы  сөздердің  негізгі  байланысу  тәсілі  деуге  болады. 
Байланысудың  бұл  түрі  үстеу  мен  етістік;  анықгауыш  пен  зат
есім; артикль мен зат есім арасында кездеседі.
Байланысудың  айрықша  бір  түрі  бастауыш  пен  баяндауыш- 
тың  арасында  кездесетін  синтаксистік  байланыс  болып  табыла- 
ды.  Мұндай байланыста бастауыш пен  баяндауыш тең дэрежеде
қиы лыса байланысады.
Тіл білімінде  «тіл» жэне  «сөйлеу» деген терминдер жиі  қол-
данылады.  Осы  екі терминнің  айырмашылығы  неде деген  сұрақ 
туындайды.  Жалпы тіл білімінде тіл парадигмикалық байланыс- 
тар жүйесі,  яғни өздері түзетін  эртүрлі тілдік бірліктер мен топ- 
тардың құрылымы ретінде түсіндіріледі.
Сөйлеу  -   синтагматикалық  байланыстар  жүйесі,  яғни  тіл- 
дік  қарым-қатынас  процесінде  түзілетін  бір  топқа  жататын  бір- 
ліктердің  жиынтығы  болып  табылады.  Тіл  сөйлеу  процесінде 
жүзеге  асып,  көрініс табатындықтан,  бұл  екі  көрініс  бір-бірімен 
тығыз  байланысты.  Сөйлеу  барысында  жасалатын  сөйлемдер 
ылғи да толық түрінде не тілдің грамматикалық зандылықтарына, 
ережелеріне сай құрыла бермейді. Сондықтан да қазіргі ағылшын 
тілінің грамматикасын оқытудың негізгі мақсаты тек тілдің Грам- 
матикалық  ережелері  мен  заңдылықтарын  түсіндірумен  ғана 
шектелу емес, сонымен қатар ағылшын тілінде қалай дұрыс сөй- 
леу,  дұрыс  жазудың  жолдары  жөнінде  де  мағлұмат  беру  болып 
табылады.
Грамматика дәстүрлі түрде морфология жэне синтаксис болып 
екіге бөлінеді. Морфология соз таптары жэне оның грамматикальщ
Ираги Аманқызы Баимүратова____________ _____
10

Агылшын тілінің практикалық грамматикасы
категорияларынан  тұрады.  Морфологияның  зерттейтін  нысаны 
сөздердің  грамматикалық  формаларының  түрлену  тәсілдері  бо­
лып табылады.
Синтаксис  сөйлем  және сөйлем мүшелерін  қарастырады.  Ол 
сөйлем  құрылымын,  яғни  сөйлемдегі  сөздердің жэне  сөз тіркес- 
терінің  бір-бірімен  байланысу  тәсілдерін  жэне  сөйлемнің  түр- 
лерін  зерттейді.  Морфология  мен  синтаксистің  эрқайсысының 
зерттеу нысаны эртүрлі болғанмен, олар өзара тығыз байланыста 
болады, өйткені сөздің морфологиялық ерекшеліктері оның басқа 
сөздермен синтаксистік байланысы арқылы көрініс табады. Әрбір 
тілдің өзіне тән сөз түрлендіру жэне сөз жасам, сөйлем құрастыру 
жүйесі бар.  Сондықган да, жеке бір тілдің грамматикасын қарас- 
тырғанда, оның тілдік нормасын, ерекшеліктерін білу қажет.
Басқа тілдер  сияқты,  ағылшын тілін қарастырғанда да,  оның 
грамматикасын  дәстүрлі  түрде  морфология  мен  синтаксистен 
бастаған дұрыс.  Қазіргі  агылшын тілінде сөздердің көпшілігінің 
морфологиялық көрсеткіштері аз. Сол себепті, сөздерді сөз табы- 
на  топтастырганда,  олардың  негізгі  белгілері  ретінде  морфоло- 
гиялық ерекшеліктері еске алынбайды.
Сөздерді  топтастыруда  олардың  синтаксистік  қызметі  мен 
олар түзетін  сөз тіркесінің түрлерін  есепке  алу өте  маңызды  бо­
лып  саналады.  Осыған  байланысты,  казіргі  ағылшын  тілі  грам­
матикасын  «сөз  таптары»  жэне  «сөйлем  құрылымы»  деп  екі 
топқа бөліп қарастырады.

СӨЗ ТАПТАРЫ
ЗАТ ЕСІМ
Зат  есім  — затты  (нэрсені) 
(pen,  tree,  iron),
  адамды,  жан- 
жануарды 
(man,  horse,  wolf),
  абстрактілі  (дерексіз)  құбылыстың 
(love,  happiness,  improvement)
  атауын білдіретін сөз табының бір 
түрі. Зат есімнің төмендегідей морфологиялық ерекшеліктері бар. 
Зат есімнің жекеше жэне көпше түрде келуіне қатысты көптік
жалғау категориясы бар: 
а реп
 (жекеше); 
-pens
 (көпше).
Адамды не тірі затты жэне кейбір нэрсені білдіретін зат есім- 
нің септік жагіғау категориясы  екі  форма арқылы беріледі:  1) the
room 
o f
 the doctor; 2) the doctor
’s
 room.
Сөйлемде зат есімнің атқаратын негізгі синтаксистік қызметі
бастауыш, толықтауыш болып табылады.
Micheal gave me 
a book
 (Майкл маған кітап берді). 
Сондай-ақ  зат  есім  сөйлемде  баяндауыш,  анықтауыш  жэне 
пысықтауыштың да қызметін атқарады.
He is 
a student
 (Ол студент).
It is 
a student’s book
 (Бұл студенттің кітабы).
He will come in 
a week
 (Ол бір аптадан кейін келеді).
Зат есім көмекші сөздермен, яғни артикльмен 
(a pen,  the pen), 
шылаумен (предлогпен) 
(with a pen,  by a pen)
 тіркесе алады.
Зат есім  төмендегідей  сөз таптарынан  жасалған  анықтауыш- 
пен тіркесіп келуі мүмкін:
1. Сын есімнен жасалған анықтауыш: 
an interesting book, a red 
pen;
2.  Есімдіктен жасалған  аныктауыш: 
my room,  this room,  some 
books;
3. Сан есімнен жасалған анықгауыш: 
two pens,  the tenth chapter;
12

Агылшын тілінің практикалық грамматикасы
4. 
Етістіктен жасалған  анықтауыш: 
the growing demand,  writ­
ten letter,  the text to translate.
Сонымен қатар зат есіммен бірге зат есімнен жасалған анық- 
тауыш та тіркесіп келеді: a ball pen, a gold watch, newspaper articles.


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет