6. Оқушылардыкелесі сыныпқа көшіру Оқу жылында пәндер бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын Білім беру бағдарламасын ойдағыдай меңгерген оқушылар Зияткерлік мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен келесі сыныпқа көшіріледі.
1-сынып оқушылары екінші оқу жылына қалдырылмайды, тек ата-ана және басқа заңды өкілдерінің келісімі мен психологиялық-дәрігерлік- педагогикалық консультация ұсынысы бойынша қалдырылады.
Оқу жылы қорытындысы бойынша барлық пәндер бойынша «5» жылдық бағасына аяқтаған 1-4, 7-9 сынып оқушылары педагогикалық кеңестің шешімі бойынша Мақтау қағаздарымен марапатталады.
Алынып тасталды.
Денсаулығына байланысты оқушының дене шынықтыру пәнінен босатылуы – сыныптан-сыныпқа көшуіне әсер етпейді.
7. Оқу жетістіктерін мониторингілеу ДББҰ оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мақсатында ПӨО оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингін өткізеді. Мониторинг жүргізілетін сыныптар мен оқу пәндерінің саны, өткізу түрі және мерзімі оқу жылының басында ДББҰ Басқарма Төрайымының бұйрығымен және шешімімен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау саясатымен бекітіледі.
Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу әр түрлі формада (тестілеу, бақылау жұмысы, және т.б.) өткізіледі.
Мониторинг нәтижесі бойынша оқушыларға, мұғалімдерге, ата- аналарға және басқа заңды өкілдерге мониторинг нәтижесі бар жеке есептер беріледі.
Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері мұғалімдермен оқыту үдерісін түзету үшін қолданылады.
8. Экстернат үлгісінде білім алатын оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәртібі Экстернат үлгісінде білім алатын оқушылар пән бойынша оқу бағдарламасындағы материалдың мазмұнын қамтитын әр тоқсан барысында үш жиынтық бағалау орындайды.
Жиынтық жұмыстар төмендегідей тәртіппен орындалады:
шетелдік оқу орындарында оқытылатын, алайда олардың оқу бағдарламасының мазмұны Зияткерлік мектептердің Білім беру бағдарламасымен сәйкес келмейтін пәндерден.
Жиынтық жұмыстарды құрастыруды Зияткерлік мектептер өз бетінше жүргізеді.
Жиынтық бағалаудың нәтижелері оқушылардың оқу жетістіктерін тіркейтін электрондық журналға қойылады.
«Дене тәрбиесі», «Өнер», «Алғашқы әскери дайындық» пәндері бойынша аттестаттау жүргізілмейді, ал білім туралы құжатта «оқылмады» деп жазылады.
Шетелдік оқу орындарында «Дене шынықтыру», «Өнер», «Алғашқы әскери дайындық» пәндерін оқу кезінде аталған пәндер бойынша оқу бағдарламасын меңгергенін растайтын құжатты ұсынған жағдайда білімі туралы құжатқа жылдық баға қойылады.
Экстернат үлгісінде толық оқу жылын оқыған, соның ішінде 2 (3) жыл үздіксіз білім алған оқушыларға тоқсандық (балдар) бағалар қойылмайды.
Экстернат үлгісінде толық оқу жылын оқыған, соның ішінде 2 (3) жыл үздіксіз білім алатын оқушыларға жылдық бағаның қойылуы төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
шетелдік оқу орнында, олардың оқу бағдарламалары Білім беру бағдарламасымен пәндік мазмұны жағынан сәйкестігі жағдайында оқу бағдарламасын меңгергенін растайтын құжаттарын ұсынған оқушылардың жылдық бағасын қоюдың негізі шетелдегі оқу орнында оқыған пәндер бойынша бағалар (балдар) болып табылады.
Білім беру бағдарламасымен пәндік мазмұны жағынан сәйкестігі болмаған жағдайда шетелдік оқу орнында оқылмаған пәндер бойынша белгіленген тәртіппен жылдық баға қойылады.
шетелдік оқу орнында оқылмаған пәндер бойынша жылдық баға оқу жылы барысындағы әр тоқсанда үш рет өткізілетін жиынтық бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады.
Зияткерлік мектепке қайтып келген оқушылар үшін тоқсандық және жылдық баға қою төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
тоқсандық баға Зияткерлік мектепте оқыған кезеңдегі жиынтық бағалау нәтижесі негізінде қойылады;
шетелдік оқу орнында, олардың оқу бағдарламалары Білім беру бағдарламасымен пәндік мазмұны жағынан сәйкестігі жағдайында оқу бағдарламасын меңгергенін растайтын құжаттарын ұсынған оқушылардың шетелдік оқу орнында оқыған пәндері бойынша жылдық баға Зияткерлік мектепте оқыған кезеңдегі жиынтық бағалау нәтижелерінің бағасы (балл) есебінен қойылады. Жылдық баға тоқсандық жиынтық бағаның бағаның орта арифметикалық мәні ретінде есептеледі (бес балдық жүйемен білімді бағалау). Даулы жағдайда баға өсу жағына айналдырылады. Білім беру бағдарламаларының пәндік мазмұны жағынан сәйкестігі болмаған жағдайда шетелдік оқу орнында оқылмаған пәндер бойынша белгіленген тәртіппен жылдық баға қойылады;
шетелдік оқу орнында оқылмаған пәндер бойынша жылдық баға оқу жылы барысындағы төрт тоқсанда өткізілетін жиынтық бағалаудың қорытындысы негізінде қойылады. Жылдық баға тоқсандық жиынтық бағаның бағаның орта арифметикалық мәні ретінде есептеледі (бес балдық жүйемен білімді бағалау).