Тақырыбы Жиынтық бағалау жетістіктері мен деңгейі орындаған: Бекасыл Мадина 2021-2022 оқу жылы
Жиынтық бағалауды өткізу тәртібі Жиынтық бағалау оқушының оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңінде (тоқсан, оқу жылы, білім беру деңгейі) оқуды аяқтағандағы оқу жетістігі деңгейін анықтау мақсатында баға, балл қою арқылы өткізіледі. Жиынтық бағалау нәтижесінде мұғалімге, оқушыға, ата-анаға және басқа мүдделі заңды өкілдеріне оқушының ілгерілеуі туралы ақпарат беріледі.
Жиынтық бағалау «Өзін-өзі тану» пәнінен басқа барлық пәндер бойынша өткізіледі.
15-1. Тоқсандық жиынтық бағалау «Дене тәрбиесі» пәнінен өткізілмейді. 15-2. 4-тоқсанда сыртқы жиынтық бағалау өткізілетін пәндер бойынша
тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша пәнге қатысты жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруды оқу бағдарламасы мен оқу жоспары негізінде Зияткерлік мектептің мұғалімдері жүзеге асырады.
Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы мен балл қою кестесін құрастыру ДББҰ Әдістемелік кеңесімен ұсынылып, «Педагогикалық өлшеулер орталығы» ДББҰ филиалымен құрастырылған тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациялары және пәндер бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспары негізінде Зияткерлік мектептердің әдістемелік бірлестіктерімен жүзеге асырылады.
«Педагогикалық өлшеулер орталығы» ДББҰ филиалы (бұдан әрі – ПӨО) Зияткерлік мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп, тоқсандық жиынтық жұмыс пен балл қою кестесіне «Педагогикалық білімдер базасы» сайтының (nis.edu.kz) «Бағалау» бөлімінде онлайн сараптама жүргізеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы мен өткізудің кестесі Зияткерлік мектептері директорының бұйрығымен бекітіледі.
19-1. Аптасына жүктемесі 1-2 сағаттан тұратын пәндерден тоқсандық жиынтық бағалау 40 минуттан аспауы қажет. Аптасына жүктемесі 3 сағат және одан көп пәндерден тоқсандық жиынтық бағалау 80 минуттан тұрады.
Осы уақыт нормасы «Тіл және әдебиет» білім беру аясына таралмайды.
«Тіл және әдебиет» білім беру аясы үшін жиынтық бағалау өткізу ұзақтығы тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясымен реттеледі.
«Айтылым»/«Тыңдау және айтылым» дағдысын бағалау жиынтық бағалау жоспарланған уақыт барысында жүргізіледі.
Пән бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі Бағалау саясатында белгіленген мерзімге сәйкес Зиятекерлік мектептері директорларының бұйрығымен бекітіледі және мұғалімдер, оқушылар, ата- аналар немесе басқа да заңды өкілдер тоқсан басында хабардар етіледі. Бір оқу күнінде екі тоқсандық жиынтық жұмыстан көп өткізілмейді.
20-1. Еңсерілмейтін мән-жайдағы әрекеттер туындаған жағдайда, мысалы, төтенше және шарасыз (табиғи құбылыстар, әскери әрекеттер т.б.), тараптардың еркінсіз жиынтық бағалауды тапсыруды бекітілген мерзімде өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, тоқсандық жиынтық бағалаудың мерзімін мектеп директорының бұйрығы негізінде өзгертуге болады.
Барлық оқушылардың жиынтық бағалау жұмысын орындауы міндетті. 21-1. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау кестесі Зияткерік
мектептердің әдістемелік бірлестік отырыстарының хаттамасымен бекітеді.
Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар, жылдық бойынша жиынтық бағалауды қайта орындауға (көшіруге) рұқсат етілмейді.
Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде белгілі себептермен (ауруына, жақын туыстарының қазасына, конференция, олимпиада, ғылыми, спорттық жарыстарға және т.б. қатысуына байланысты) келмеген оқушы мектепке келген соң екі апта ішінде тоқсандық және/немесе бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау жұмысын тапсыруы қажет, ол үшін оқушылардың бөлім/ортақ тақырып бойынша меңгерген тақырыптары негізінде құрастырылған жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары қолданылады.
Тоқсандық, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды өткізу кезінде белгісіз себептермен келмеген оқушыға (бекітілген формадағы медициналық анықтаманың, Зияткерлік мектеп директорының бұйрығының болмауы) жиынтық бағалау бойынша «0» балл қойылады.
Жиынтық бағалау кезінде академиялық адалдық қағидаларын бұзушылық дерегі анықталса, оларға Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының академиялық адалдықты сақтау ережесі мен Оқушыларға арналған ішкі тәртіп ережелерінде қарастырылған шаралар қолданылады.
23-1. Оқушы Назарбаев Зияткерлік мектептері желісі ішінде ауыстырылған кезінде қабылдаушы Зияткерлік мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері филиалдарының Типтік оқу бағдарламаларында көрсетілген пәндер тізіміне сәйкес Білім беру бағдарламасындағы және Халықаралық Бакалавриат бағдарламасындағы, сондай-ақ үлгерім табеліндегі пәндер арасындағы айырмашылықты анықтайды. Оқушының оқымаған пәні бойынша қабылдаушы
Зияткерлік мектеп бір апта ішінде жеке сабақтардың кестесін жасайды (бұдан әрі – кесте), кестеге сәйкес сабақтарды ұйымдастырады, содан кейін оқыған кезеңі бойынша бөлім/ ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалауды ағымдағы жылдың 25 тамызынан кешіктірмей тапсырады.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың балдары дескрипторларға сәйкес, ал тоқсандық жиынтық бағалаудың балдары балл қою кестесіне сәйкес қойылады.
Оқушылардың оқу нәтижелерінің дұрыстығы, айқындығы үшін мұғалімдер тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізеді.
Тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары балл қою кестесімен бірге оқушылардың портфолиосында сақталады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және бағалау критерийлері, дескрипторларымен бірге мұғалімде сақталады.
Оқушы портфолиосының жүргізілуі мен сақталуына кураторлар жауап береді.
Портфолио оқушылардың атаулы құжаты болып табылады, ол барлық мұғалімдерге, әкімшілікке, ата-аналарға немесе басқа да заңды тұлғаларға қолжетімді болуы қажет.
Оқушылардың портфолиосы Зияткерлік мектептерде бір оқу жылы бойында сақталады.
Әрбір оқу жылының соңында оқушылардың портфолиолары осы Ереженің 1-1 қосымшасында көрсетілген акт бойынша жойылады.
30-1. Оқушыны басқа Назарбаев Зияткерлік мектебіне ауыстыру кезінде оқушының оқу жетістіктерінің портфолиосы жеке ісі құжаттарымен бірге ата- анасына немесе басқа заңды өкілдеріне беріледі.