Тақырыбы: «Ұйымдағы қызметкерлерді ынталандыру» кейсі Орындаған: Самат Раимбеков Тексерген: Профессор (и о.) Аубакирова Ж. К. Астана 2022 Кейс: «Ұйымдағы қызметкерлерді ынталандыру»



бет2/3
Дата28.10.2022
өлшемі32,43 Kb.
#46037
1   2   3
Ынталандыру түрлері

  • Ішкі

  • Жекелеген

  • Топтық

  • Оң

  • Тұрақты

  • Тұрақсыз

  • Сыртқы

  • Теріс

Ішкі және Сыртқы ынталандыру
Ішкі ынталандыру - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады.
Сыртқы ынталандыру - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады
Оң және теріс ынталандыру
Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады.
Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.
Тұрақты және тұрақсыз ынталандыру
Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-әлсіздігіне, ниеттің шын-жалғандығына, кедергілердің сипатына, ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады
Жекелік және топтық ынталандыру
Жекелік: Ашығу мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан құтылу т.б. үшін қажетті мотивациялар.
Топтық: Ұрпақ өсіру, отбасылық, әулеттік, ұлттық, мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік қарастыру, өзі тәуелді топтың (отбасы, әулет, ұлт, мемлекет) тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар
Персоналды ынталандыру: ең тиімді әдістер және қызметкерлерді ынталандыру тәсілдері
Материалдық – жалақы, сыйлықақы, айыппұл, кірістен пайыздар беру және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет