Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
СОӨЖ №11
Тақырыбы: КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ
Орындаған: Бурабай Гульфия
Тексерген:Утебалиева.Д
2023жыл
Қарастырылатын сұрақтар:
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
Шағын бизнес және кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
Шағын кәсіпкерлікті қаржылай демеу
1.
Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т. б. жатқызуға болады.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.Нарықтық қатынастар жағдайында тұгынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады.
Нормативтік-құқықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалған:
— тұтынушылардың тауарлар қауіпсіздігіне құқығы;
— тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы; — сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады.
Қазақстан Республикасында баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін (нарықтық) бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар; көтерме (босату) бағалар; бөлшек сауда бағалары; реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.Еркін бағалар тараптардың келісімімен тағайындалады және ҚР Үкіметі белгілеген тізбеден басқа барлық тауарлар мен қызметтерге таралады.Еркін бағалар екі түрлі болады: көтерме және бөлшек. Көтерме (босату) бағалар дайындаушының тұтынушымен келісімі бойынша кұрылады, олар қосылған құн салығы мен акциздерді қамтиды және жұртшылықтан басқа барлық тұтынушылармен есеп айырысқанда қолданылады.
Бөлшек сауда бағаларын халыққа тауар сатумен айналысатын коммерциялық ұйымдар анықтайды, ол бағалар қосылған кұн салығын және сауда үстемақысын енгізе отырып белгіленеді. Реттелетін бағаларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары тауарлар мен қызметтерге ҚР Үкіметі тағайындаған тізбе бойынша белгілейді.
Кәсіпкерлік қатынастарды салықтық реттеу бір мезгілде мемлекеттің бюджетке түсетін салықтардың және баска да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша қызметі де, мемлекеттің орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жеңілдіктер мен артықшьшықтар берудегі қызметі де болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыратын салық құралдары қатарына, мысалы, салық мөлшерлемелерін саралау, негізгі құралдардың жеделдетілген амортизациясын өткізу, әр түрлі салық жеңілдіктерін, кейбір арнайы салық режимдерін жатқызуға болады.
2.
Болашақты алыстан болжайтын стратег саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекетіміздің 2050 жылға дейін ең жоғары дамыған 30
мемлекет қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдылықты белгілеп берді. Олар: жаңа бағыттың экономикалық саясаты, кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті,
қазақстандық демократияны дамыту, салиқалы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизм.
«Алдымен, экономика, содан соң саясат», деген қазақстандық даму формуласы өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Тәуелсіздік алған жылдары
басталған экономикалық модернизация бүгінде қолтығы сөгілген жабағыдай жұлқынып тұр. Дүркін-дүркін бағдарламалар қабылданды.
Қадау-қадау жоспар, жобалар жүзеге асты. Соның нәтижесінде, экономиканың екпіні артты, бойға қуат бітті. Тәуекелшіл экономиканың басты жауы саналатын қаржылық дағдарыстың екі толқынына төтеп бердік. Тек банк секторы, құрылыс индустриясы секілді бұтақтарын теңселтіп кетіп еді, қазір Үкімет қамқорлығының арқасында, олар да есін жинап, ел қатарына қосылып қалды. «Жаhандық дағдарыстың әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер
бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып,
XXІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында. «Қазақстан-2050» стратегиясында
ұлттық экономиканың жетекші күші саналатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдауға баса мән берілді. Бизнестің тынысын тарылтып тұрған
әкімшілік кедергілер тағы да азайтылады, кәсіпорындардың өсіп-өркендеуіне жасанды бөгет жасайтын мемлекеттік қызметтерді
жазалау механизмі қатаңдатылады. Осындай қамқорлықтың арқасында, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, аз дегенде екі есе өсуі тиіс.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасты және әлде де қызмет етуде. Бұл мәселемен Индустрия және сауда министрлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Статистика жөніндегі агенттігі және атқарушы биліктің басқа да органдары мемлекеттік деңгейде айналысады. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік қорлары құрылған. Дегенмен, Қазақстанда шағын кәсіпкерлік қызметін қолдау бойынша қызмет ету саласы біркелкі дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсететіндей,
оның табысты дамуы мемлекеттік қолдауға, осы қызметтерді қажет ететін кәсіпкерлерге, жеке кәсіпкерлікті дамытуды көздеген тұлғалар тең дәрежеде тәуелді.
«Шағын кәсіпкерлік» туралы ҚР Заңына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау – жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, Қазақстан
Республикасында кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін құқықтық, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар жасау бойынша
мемлекеттік шаралар кешені, ал жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымы – шағын кәсіпкерлік қызмет етудің және дамуының жалпы жағдайларын
қамтамасыз ететін ұйымдар кешені .
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары:
а) шағын кәсіпкерлікті реттеу жөніндегі
заңдарды жетілдіру;
ә) жеке кәсіпкерлікті құру мен дамыту
орталықтарын, кәсіпкерлік инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриалдық аймақтар
және шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының
басқа да объектілерін құру;
б) бюджеттік қаражаттар есебінен шағын
кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.
в) шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
мемлекеттік органдар қарамағында шағын
кәсіпкерлікті дамыту бойынша мәселелерді
зерттеу және шағын ұсыныстарды әзірлеу
бойынша ғылыми-зерттеу институттарын құру
жолдармен жүргізілетінін анықтайды;
г) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың және
дамытудың қаржылық институттарын құру;
ғ) кәсіпкерлік-инкубатор және индустриялық
аймақтардың қызметін ұйымдастыру;
д) Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жер учаскелерін, құрылыстарды сату
3.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры — бейкоммерциялық қаржы ұйымы. 1997 жылы сәуірде Алматыда құрылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасып, дамуын ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалатын мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Қордың акциялары түгелдей мемлекетке тиесілі. “Жеке кәсіпкерлік туралы” ҚР Заңына сәйкес қордың негізгі міндеттері: жобалық қаржыландыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен кішігірім несие ұйымдарының желісін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілері 2-деңгейдегі банкілерден несие алған кезде оларға кепілдік беру жүйесін құру; қаржы лизингін дамыту; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақыл-кеңес беру, оларды кәсіпкерлікке баулу; шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сапа менеджменті жүйесін енгізу операцияларын бірлесіп қаржыландырудың кепілді жүйесін дамыту.
Қордың барлық облыс орталықтарында аймақтық бөлімшелері, Астана қаласында өкілдігі, 39 аудан орталығы мен облыстық бағыныстағы қалаларда 40 өкілі жұмыс істейді. Қордың негізгі бағдарламалары республикалық бюджеттен арнайы бөлінетін қаражаттан, халықаралық және отандық қаржы институттарының бағдарламалары бойынша түсетін қаражат есебінен қаржыландырылады. Бүгін таңда қордың несие қоржыны мына бағдарламалардың есебінен қалыптасып отыр: Еуропалық Жаңғыру және Даму банкінің Қазақстанның шағын бизнесі бағдарламасы; Азия Даму банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық қарызының ҚҚ траншы; Отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін республикалық бюджет есебінен несиелендіру, соның ішінде әйелдердің кәсіпкерлік қызметін несиелендіру бағдарламасы; шағын қалаларды дамытудың 2004 — 06 жылдарға арналған бағдарламасы; шағын кәсіпкерлік субъектілерін қордың меншікті қаражаты есебінен қаржыландыру; шағын кәсіпкерлікті Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, ортақ қаржыландыру бағдарламасы.
Қордың шағын кәсіпкерлік субъектілерін меншікті қаражат есебінен қаржыландыру бойынша негізгі бағдарламалары: “Қазақстанда кішігірім несиелендіру (микронесиелендіру) жүйесін дамыту” бағдарламасы — кішігірім несиелендіру жүйесін (Қазақстанның несие жүйесінің 3-деңгейін) дамыту арқылы экономикалық белсенді халықтың қаржы ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету және халықтың кәсіпкерлік бастамасын ынталандыру; “Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 2-деңгейдегі банкілер беретін несиені кепілдендіру” бағдарламасы — шағын кәсіпкерлік субъектілерінің коммерц. банкілер мен басқа да қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелері бойынша қордың кепілдіктерін беру жолымен шағын бизнес аясына көп көлемде ресурс тарту; “Жобалық қаржыландыру және қаржы лизингі” бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының басым бағыттары бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржылық қолдау; “Шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ақпараттық-талдау, ақыл-кеңес беру тұрғысынан қолдау” бағдарламасы кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының құрамдас бөлігі ретіндегі ақпараттық қолдаудың, сапалы оқытудың және ақыл-кеңес берудің кешенді жүйесін қалыптастыру. Қазақстан Республикасында Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2005 — 07 жылдарға арналған жеделдетілген бағдарламасына сәйкес осы үш жыл үшін қорды капиталдандыруға республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге қаражат бөлінді. Оның ішінде кішігірім несиелендіру бағдарламасын дамытуға 11 милллиард теңге, кепілдендіру бағдарламасына 15 миллиард теңге, жобалық несиелендіру бағдарламасына 4 миллиард теңге жұмсалды.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры (ШКДҚ) Үкіметтің, қазақстандық заңи тұлғалар мен кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы ұйымдарының, шетелдік үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың қатысуымен «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды күшейту және жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 6-сындағы Жарлығын атқару үшін құрылған. Аталған Қордың негізгі қызметі шағын бизнес жобалары бойынша дербес, сондай-ақ екінші деңгей банктерінде конкурстық негізде Қор қаражаттарын шарттасымды орналастыру арқылы кредиттер беруге бағытталған. Қорды құру туралы Үкіметтің қаулысында Қаржы министірлігінің Мемлекеттік мүлік пен активтерді басқару департаментіне 1997 жылдың Імаусымына дейін банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам нысанында Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру табысталынған болатын.
Қор іске асыратын бағдарламалар:
Қазақстанда шағын бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша шағын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы секторы үшін халықаралық қаржы институттарының кредиттік желісі;
бюджеттік қаражаттардан шағын кәсіпкерлік субъектілерін (соның ішінде әйел кәсіпкерлігін) кредиттеу бағдарламасы ;
Қордың меншікті қаражаттары есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеу, соның ішінде:
факторинг;
қаржылық лизинг (таза және қайтарылатын лизинг);
дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру;
екінші деңгей банктерімен шағын кәсіпкерлік субъектілердің жобаларын ортақ қаржыландыру;
шағын кәсіпкерлік субъектілердің ойдағыдай жобаларын қайта қаржыландыру;
шағын кәсіпкерлік субъектілер іске асыратын франчайзинг жобаларын қаржыландыру;
жұмыс істеп тұрған бизнестің айналым қаражаттарын қаржыландыру;
шағын кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын кейін 50 пайызға дейін өтейтін сапаның халықаралық стандарттарын енгізуді қаржыландыру;
шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдау инфрақұрылымының қатысушыларын кредиттеу;
оралмандар, жастар, зейнеткерлік жастағы әлеуетті кәсіпкерлер, қолөнершілер, мүгедектер іске асыратын жобаларды қаржыландыру;
Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы бойынша қаржыландыру;
әкімяттармен бірлесіп шағын кәсіпкерлік субъектілерді ортақ қаржыландыру бағдарламасы;
микрокредиттеу;
кепілдік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |