Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан бері білім алу қажеттіліктері ерекше балалардың сапалы білім алуларын қамтамасыз ету бағытындағы елеулі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Кең таралған арнайы (түзету), интернаттық оқу ұйымдарының орындарына жаңа, әлемнің көптеген жетекші елдерінде қолдау тапқан, әр балаға қажетті барлық жағдайларды жасай отырып, оның тұрғылықты орнындағы жалпыға білім беру мекмесінде білім алу құқығын қамтамасыз ететін, білім берудің инклюзивтік түрі келді.
Қазақстан Республикасында білім берудің бұл түрі негізінен 90-шы жылдары тарала бастады, әсіресе – мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізудің мемлекеттік жүйесін жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырған түрлі халықаралық ұйымдардың қолдауымен, профессор, п.ғ.д. Р. А. Сүлейменованың бастамасымен. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпыға білім беру үдерісіне енгізудің өзекті мәселелерін анықтау осы шаралардың нәтижесі болып табылады. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасында мүмкіндіктері шектеулі балаларға қатысты жаңа білім беру саясаты қалыптаса бастады, балаларды әлеуметтендірудің, тәрбиелеудің, оқытудың, әлеуметтік қолдау көрсету мен бейімдеудің тиімді жолдары белсенді түрде қарастырылуда.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:
бәрінің сапалы білім алуға тең құқылығы, білім беру жүйесін дамытудың басымдығы және әр тұлғаның зияткерлік дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере келе, халыққа арналған білім берудің барлық деңгейлерінің қол жетімділігі болып табылады.
Елдегі арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңдегі міндеттері - барлық балаларды сапалы білім беруге қосу процесі, көпшілік мектептерге арнайы және инклюзивті білім беруді енгізу, ерекше оқу қажеттілігі бар балалардың жеке траекториясын дамытуға бағытталған білім беру моделін құру.
Арнайы қажеттілігі бар балаларға «арнайы және инклюзивті білім беру» және «кіріктірілген оқытудың» терминологиялық айырмашылықтарын нақты көрсету маңызды. Екі түсінік те бір-біріне қайшы келмей, қазіргі білім беру жағдайында білім алу құқығына біріңғай бағыттылықты көрсетеді.
Арнайы және инклюзивті білім беру білім берудің жаңа философиясы ретінде қарастырылуы мүмкін, ол - арнайы, орта, ортадан кейінгі және жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде, білім беру бағдарламаларын құруда арнайы қажеттілігі бар балалар мен ересектердің ерекшелігі мен қажеттілігінің кең көптүрлілігін есепке алуға бағыттталған әлеуметтік-педагогикалық тұжырымдама немесе ұзақ мерзімді стратегия.
Арнайы білім беру саласына, балаларды дендері сау қатарларының білім алу ортасына кіріктіру бойынша, инновациялық үдерістер кеңінен енгізіле бастады. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру үшін тиімді жағдайлар жасаудағы инновациялық бағыттарды үйрену жұмыстары жетілдіруде
Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың мүшесі бола отырып, халықаралық Конвенциялар мен Декларациялардың негіз қалаушы принциптерін толық қолдайды: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Мүгедектертердің құқықтары туралы декларация, Ақыл-есі кем адамдардың құқықтары туралы декларация, Бала құқықтары туралы Конвенция, Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін стандартты ережелер. «Айрықша мұқтаждықтары бар тұлғаларға білім беру саласындағы саясат пен практикалық іс-әрекет принциптері туралы» Саламанка декларациясы .
Денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын бекіту саласында халықаралық заңнамалар жарты ғасырлық тарихқа ие. Жеке адам құқығын, сонымен бірге білім алу құқығын сақтау мәселесіне алғашқы жүгінген арнайы халықаралық актілердің бірі 10 желтоқсандағы 1948 жылы қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» болып табылады, бұл Декларация тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы басқа халықаралық-құқықтық құжаттардың негізіне айналған. Декларация әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын, сондайақ саяси және азаматтық құқықтарын жариялаған.
Декларацияның 1-бабы тарихи жағдайдан тұрады: «Барлық адамдар дүниеге өзінің абыройы мен құқықтары жағынан еркін және тең болып туылады». Мүгедектердің құқықтарына арналған халықаралық құжаттардың тарихы 1971 жылдан басталады, бұл кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) ақылойы кем тұлғалардың құқықтары туралы Декларация (1971 ж. 20 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 2856 (ХХХ) Қарарымен бекітілген) [6] қабылдады.
Мүгедектердің қанағаттанарлық өмір сүру құқығын, сондай-ақ барлық азаматтық және саяси құқықтарын таныған жалпы сипаттағы халықаралыққұқықтық құжат болып 1975 жылғы 9 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 3447 (ХХХ) Қарарымен бекітілген мүгедектердің құқықтары туралы декларация танылды. 1948 жылы 10 желтоқсанда Бас Ассамблеясымен «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» [5] қабылданды. «БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары туралы Декларациясы» Бас Ассамблеясының 1975 жылы 9 желтоқсандағы 2433-ші пленарлық отырысында 3447 (XXX) қарарымен [9] жарияланған. Бұл – Мүгедектерді тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етудің стандарттық Ережелері.
Айрықша мұқтаждықтары бар тұлғаларға білім беру бойынша Дүниежүзілік конференцияда: білімге қол жеткізу мен оның сапасы бойынша (Саламанка, Испания, 7-10 маусым, 1994 жыл) «Саламанка декларациясы» және «Айрықша мұқтаждықтары бар тұлғаларға білім беру бойынша іс-әрекет шеңбері» қабылданды.
«Айрықша мұқтаждықтары бар тұлғаларға білім беру бойынша іс-әрекет шеңберінде» білім беру жүйесінде арнайы қажеттіліктерді ескеретін жаңа тәсілдердің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлердегі іс-әрекеттердің негізгі бағыттары бар. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы ең маңызды халықаралық құжат 2006 жылы 13 желтоқсанда Бас Ассамблеясының 61/106 қарарымен қабылданған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция болып табылады Осы Конвенцияның 24-бабында былай делінген: «Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің білім алуға құқықтарын таниды.
Қатысушы мемлекеттер осы құқықтарды кемсітусіз және мүмкіндіктер теңдігі негізінде іске асыру мақсатында инклюзивті білім беруді барлық деңгейлерде және өмір бойы оқытумен қамтамасыз етеді».
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық құжаттарда елдегі барлық балалардың білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделеді. Балалардың білім алуға құқықтарының кепілі Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында бекітілген
2015 жылы елімізде Мүгедектердің құқықтар туралы конвенцияны ратификацияланды, сол арқылы бүкіл әлемге білім берудің барлық деңгейлерінде оны орындауға дайын екендігі туралы мәлімдеді. Еліміздің инклюзивті білім беру саласындағы білім беру саясаты осылай анықталды Конвенцияда үздіксіз, сапалы, тұрғын жерінде, отбасынан айырылмай білім алуға құқықтар жарияланып, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету қажеттілігіне ерекше назар аудару туралы баптар бекітілген.
Қазақстан қоғамының алдында мүмкіндігі шектеулі балаларға сапалы білім беруге арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ететін білім беру жүйесін тұрақты дамыту міндеті өзекті болып тұр.
Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады.
Біріктіріп оқыту тәжірибесін іске асыру үшін инклюзивті білім беру мемлекеттің саясаты болуы керек және жүйелі шараларды ұйымдастыру. Ол жанұяны, жалпы мектептерді қолдауға, мүмкіндіктері шектеулі балалардың интеграциялау деңгейін, олардың әлеуметтік бейімделуімен мүгедектіктің төмендеу деңгейін жоғарлату қажет етеді. Бұл жерде мүмкіндіктері шектеулі балалардың және жасөспірімдердің білім беру және әлеуметтік қажеттілігіне баға беру қажет, оқу мекемелерінде барабар жағдайларын қамтамасыз ету, жанұяны қолдауды дамыту қажет.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру туралы әдістемелік ұсынымдарға сәйкес (2009 ж. 16 наурыздағы БҒМ №4-02-4/450 хаты) білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру процесіне ішінара интеграциялануын арнайы сыныптар жүзеге асырады.
Осы санаттағы оқушылар үшін арнайы сыныптардың негізгі функциясы, олардың танымдық қабілеттері мен ерекше қажеттіліктеріне сәйкес, тұрғылықты жерi бойынша өзінің білім алу құқығын іске асыру болып табылады.
Бұл жерде ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу мен интеграциялауға, өз баласының тәрбиесі мен дамуындағы отбасының рөлін арттыруға мүмкіндік жасалады.
Жалпы білім беру ұйымында арнайы сыныптар ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін дамуындағы бұзылыс түріне қарай және оқу үдерісін барынша дараландыруға мүмкіндік беретіндей толымдылықпен ашылады:
естімейтін балаларға арналған - 8 адамнан артық емес;
нашар еститін және кейіннен естімей қалған балаларға арналған - 10 адамнан артық емес; зағип балаларға арналған - 8 адамнан артық емес;
көзі нашар көретін және кейін келе көрмей қалған балаларға арналған – 12 адамнан аспайтын;
сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар балаларға арналған – 12 адамнан аспайтын;
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған – 12 адамнан аспайтын;
психикалық дамуы тежелген балаларға арналған – 12 адамнан артық емес;
жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған – 12 адамнан артық емес;
орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған – 6 адамнан артық емес.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 680 мыңнан астам адам тұрады, оның 61,5 %-ы еңбекке жарамды жаста, 25,7 %-ы зейнеткерлік жастағы адамдар, 12,8 %-ы 18 жасқа толмаған балалар.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлес салмағы салыстырмалы түрде тұрақты және соңғы үш жыл ішінде бүкіл халықтың 3,7 %-ын құрайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша адам денсаулығының небәрі 10 %-ы денсаулық сақтау жүйесіне және 50 %-ы адамның қоршаған ортасының, таңдау құқығының, тұрмыс сапасының және денсаулықты нығайту мүмкіндіктеріне қолжетімділігінің әсерімен қалыптасатын өмір салтына тәуелді. Профилактика мүгедектіктің негізгі себебі болып табылатын инфекциялық емес аурулармен күресу үшін құны бойынша ең тиімді ұзақ мерзімді стратегияны ұсынады.
Елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халық денсаулығын нығайту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының мақсаты болып табылады.
Аурулардың профилактикасына және оларды басқаруға интеграцияланған тәсіл негізінде қоғамның денсаулығын қорғау жөніндегі жаңа саясат енгізілуде, сондай-ақ тиімділікке, қаржылық орнықтылыққа және әлеуметтік-экономикалық өсуді қолдауға бағдарланған ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жүргізілуде, бұл өз кезегінде мүгедектік көрсеткіштерінде де көрініс табады.
Азаматтардың денсаулығын сақтау және мүгедектіктің профилактикасы бойынша шаралардың бірі скринингтік бағдарламаларды енгізу және жетілдіру болды. Көптеген елдерде скринингтік технологиялар сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендету мақсатында аурулар мен аурулар тәуекелі факторларын анықтауға бағытталған денсаулық сақтаудың негізгі элементтері болып табылады.
Республикада 2008 жылдан бастап қан айналымы жүйесінің аурулары; сүт безінің ісікалды жай-күйі және сүт безінің обыры; жатыр мойнының ісікалды процестері және жатыр мойны обыры аурулары ерте анықтау үшін нысаналы топ болып табылады.
Скринингтерді іске асыру уақытында Қазақстанда ересек тұрғындарға 60 млн. астам скринингтік тексеру жүргізілді. 2,5 млн. астам ауруға шалдығу жағдайы анықталды (жүргізілген скринингтік зерттеулердің жалпы санының 4,2 %-ы), оның ішінде 1,5 млн. жағдай - қан айналымы жүйесінің аурулары, 245,8 мың жағдай - жатыр мойны обыры, 607,8 мың жағдай - сүт безі обыры, 62,2 мың жағдай - қант диабеті, 33,4 мың жағдай - глаукома және 11,5 мың жағдай - колоректалды обыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қазақстандық білім беру жүйесі үшін басым бағыттар айқындалды. Олардың ішінде аталған облыстар шеңберінде отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан білім алушылардың мүмкіндіктерін теңестіру, педагогтердің кәсіби дамуы мен жоғары мәртебесі, сондай-ақ басқарудың тиімді құрылымын құру, мүдделі тараптармен коммуникация құру және басқалар сияқты міндеттерді бөліп көрсету қажет
ЕБҚ бар балаларды жалпы білім беру ортасына қосуда инклюзивті білім беруді енгізу процестері кешенді сипатқа ие және оларға мемлекеттік құрылымдардың, ата-аналар қауымдастығының, отбасының, білім беру органдары мен ұйымдарының, сондай-ақ үкіметтік емес сектордың қатысуын көздейді. Инклюзивті білім беруді енгізу процесінің бастапқы кезеңінде арнайы, инклюзивті және жалпы білім беру саласындағы нормативтікқұқықтық актілерді үйлестіру көзделуге тиіс.
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту – төзімділік пен шыдамдылық, дәйектілік, үздіксіздік, кезеңділік пен оны іске асыру үшін кешенді тәсілдемені талап ететін ұзақ мерзімді стратегия.
Соңғы уақытта көптеген мектептер білім алушылар, ата-аналар мен педагогтер мектептердегі ең маңызды білім беру процестеріне толыққанды түрде енетін жағдайды қамтамасыз етуге ұмтылады.
Инклюзия тек физикалық емес екенін есте ұстаған жөн БАЕҚ баланы мектептең табу. Бұл өзгеріс мектеп саясаты, мектеп мәдениеті және қатысушылардың қарым-қатынас жүйесі, педагогтар мен мамандардың тығыз ынтымақтастығы ата-аналар баламен жұмысты қамтиды.
Мысалы, Қарағанды қаласының №27 орта мектебінің педагогикалық ұжымы республикада алғашқылардың бірі болып инклюзивті білім беру құндылығын қолдап, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектеп кеңістігіне енгізудің тиімді үлгілерін іздестіруден бастаған.
Мектеп білім алушыларының контингентін зерделеу медициналық құжаттарды зерттеу, бақылау, сабақтарға қатысу, мұғалімдерге кеңес беру, психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарының кешенді диагностикалық жұмыстарын жүргізу негізінде жүргізілді. Мұндай жұмыс білім алушылардың контингентін мұқият зерделеуге, стационарлық тексеру жағдайында және облыстық ПМПК-да ерекше білім берілуіне қажеттілігін бағалау ұсынылған білім алушыларды анықтауға мүмкіндік берді және мектепте қандай арнайы білім беру жағдайларын анықтауға негіз болды. Білім алушылар құрамын сапалы талдау нәтижелері мектепте бейімделу ортасын құру, жалпы білім беру процесіне ерекше қажеттіліктері бар білім алушыларды енгізудің әртүрлі нысандарын пысықтау үшін инклюзивті, арнайы, лицей сыныптары жұмысын ұйымдастыру, білім алушыларды үйде оқыту, мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытуды қарастыру қажет деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуге мектеп педагогтерінің дайындығын қамтамасыз етуге бағытталған тынымсыз жұмыс жалғасын табуда
Инклюзивтік мәдениетті қолдай отырып, инклюзивтік саясат пен практиканы жүзеге асыра отырып, Көкшетау қаласының №19 орта мектебінің педагогтері инновациялық режимде жұмыс істейді. Негізгі міндет психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы сыныптарда білім алушыларды оқытудың қолда бар тәжірибесі негізінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тұрақты, дамушы, тиімді әрекет ететін жүйесін құру болып табылады
Қазіргі уақытта 27% мүмкіндіктері шектеулі балаларды инклюзивті оқыту үшін 30,5% мектепте жағдай жасалған. Жоғары оқу орындарындағы мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны 570- ті құрайды. Оның ішінде
1-топ мүгедектігімен - 16 адам, 2-топта – 88 адам, 3- топта 466 адам бар.
Жоғары білім алуға мүгедектердің құқығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №26 қаулысына сəйкес жоғары оқу орнына қабылдау квотасы бекітілген (2012 жылдан бастап мүгедектерге арналған квота көлемі 1%, бұрын – 0,5%). Қазіргі кезде Қазақстанда инклюзивті білім беру жүйесін құрудың белгілі бір модельдері мен жинақталған тәжірибесі бар.
Қазақстан Республикасында 42 арнайы балабақша және 435 арнайы топтар жұмыс істейді, оларда 13 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар білім мен тәрбие алуда, 97 арнайы мектеп және жалпы білім беру мектептері жанындағы 2605 арнайы сынып жұмыс істейді, оларда 25 мыңға жуық оқушы білім алады.
Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға 13 оңалту орталығы, 149 психологиялық - педагогикалық түзеу кабинеттері, 58 психологиялық - медицииналық - педагогикалық консудьтацияларды, педагогикалық - коррециялау қолдауды көрсетуде.
Достарыңызбен бөлісу: |