Жұмыспен қамтылған (жұмыс істейтін) халық — өзінің жағдайына қарай жалға немесе жеке өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшылар сәйкес келетін жастағы барлық тұлғалар.
Дербес жұмыспен қамтылу – жұмыспен қамтылудың сыйақы мөлшері тауар мен қызметті өндіру және өткізуден түскен кіріске тікелей байланысты түрі, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмысшылардың келесі топтары айқындалған: өзінің жеке кәсіпорнын басқаратын немесе экономика қызметінің әйтеуір бір түріндегі және өз құрамында бір немесе бірнеше жалдамалы қызметкерлері бар тәуелсіз кәсіпкерлік қызметімен айналысатын тұлғалар.
Еңбек қатынастарын басқарудың кіші жүйесі:
топтық және жеке өзара қарым-қатынастарды,
басшылық қарым-қатынастарды талдау және реттеу,
өндірістік келіспеушіліктер мен келеңсіздіктерді басқару;
әлеуметтік-психологиялық диагностика, өзара қатынастардың этикалық нормаларын сақтауды бақылау,
кәсіподақпен өзара қарым-қатынастарды басқару жұмыстарын жүргізеді.
Еңбек етуді қалыпты жағдайлармен қамтамасыз етудің кіші жүйесі келесідей функцияларды орындайды:техникалық эстетиканың талаптарын орындау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, психофизиология және еңбектің эргономикасының талаптарын орындау, ұйымды және жеке лауазымды тұлғаларды әскери қорғау.
Персоналдың дамуын басқарудың кіші жүйесі:
оқыту,
қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату;
жаңа жұмыскерлердің бейімделуі және қызметке орналасуы;
бос қызмет орындарына үміткерлерді бағалау,
кадрларды дер кезінде тұрақты бағалау;
рационализаторлық және шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыруду; іскерлік мансап пен қызметтік-кәсіптік сатымен жоғарылауды іске асыру; кадрлар резервімен ұйымдастыру сияқты жұмыстар атқарады.