ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ – ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Факультеті: «Физика технология»
Кафедрасы: «Электр энергиясы»
Тақырыбы: Кәсіпкерлікті еңбек ресурсымен қамтамасыз етудің мәні.
Орындаған:Жанаева Алина
Оқытушы кім? Неге қабылдаған адамды жазбағанбыз?
Алматы қаласы
Жоспар:
Еңбек ресурстары: қалыптастыру және пайдалану.
"Еңбек ресурстары" ұғымы.
Еңбек ресурстарын молықтыру және жұмыссыздық.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Ескерту:
Выровнять по ширине
Интервал – одинарный, мәтіннен кейін бос жолдар болмац қажет
Абзац 1 см
Шрифт Times New Roman
Тақырып толық ашылмаған, еңбекақы төлеу жүйесі туралы мәлімет жоқ, тарифтік мөлшерлеме, тарифтік тор, тарифтік кесте, еңбеақыны есептеу формуласы, еңбекақының түрлері туралы ақпарат жоқ
Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме қайда? [] тік жақша ішінде қай мәтінді нешінші әдебиеттен алғаныңызды көрсетуіңіз қажет
"Еңбек ресурстары" ұғымы.
Еңбек ресурстары-бұл қоғамның негізгі өндірістік күші, оның ішінде ел халқының еңбекке қабілетті бөлігі, ол өзінің психофизиологиялық және зияткерлік қасиеттерінің арқасында қоғамдық пайдалы қызметке қатыса алады, материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді өндіру.
Қазақстан соңғы жылдары экономикалық дамудың жоғарылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық қайта құрулар және оларды жүзеге асыру бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімді болашағын анықтайтын маңызды жәйті еңбек ресурстарын пайдалану болып табылады. Қазіргі жағдайда еңбек талабы өзгеруде, еңбек ресурстарының кәсіптік дайындығы күшеюде. Жұмыспен қамту еңбек нарығының түрі секілді жұмысшы күшін арттыруға арналған және білім жүйесін жетілдіру бағыты ұсынылады. Өзінің тәуелсіздігін алып, егемендігінің он алты жылдан астам уақыт дүниежүзілік қоғамдас деп танылған Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Қазақстан орталықтандырылған басқару жүйесінен жекеменшік сипаттағы экономикалық дамудың нарықтық реттеу түріне өтті. Мемлекеттік меншік еңбекті бөлу арқылы нарықтық экономиканың қалыптасуы негізінде жеке меншікке айналды. Нарықтық экономика жағдайында аса маңызды мәселелердің бірі қалыптасу, даму және еңбек ресурстарын бөлу мәселесі болып табылады.
Еңбек ресурстары ғылымның екі саласын — әлеуметтік саясаттың және еңбек үшін экономикалық ресурстар ілімінің негізін құрайды. Еңбек, еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту үшін экономикалық ресурстарды зерделеу мемлекеттік құрылым үлгісімен қарастырылады
Еңбекке қабілетті халық – бұл еңбек үрдісіне қатысу қабілеті халық, I-II топтағы мүгедектер, сондай-ақ еңбекке қабілетті жастағы жұмыс істемейтін, зейнетақы алатын тұлғаларды есепке алмағанда, ерлер-16-63, әйелдер-16-58 жас болып есептеледі.
Сонымен қатар еңбек ресурстарының негізгі бөлігі – бұл еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті тұрғындар. Бұдан басқа, еңбек ресурстарының құрамына жұмыс істейтін жасөспірімдер (еңбекке қабілетті жасқа жетпеген тұлғалар) және еңбекке қабілетті жастан жоғары жұмыс істейтін тұлғалар кіреді.
Еңбек ресурстары – бұл халықтың жұмысқа қабілетті бөлігі. Еңбек өнімділігі – еңбек ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |