Тақырыбы: Кибербуллинг және онымен күресу жолдары Пәні: Информатика


Киберқылмысты қалай ажыратуға болады?



бет2/2
Дата21.05.2022
өлшемі26,76 Kb.
#35246
1   2
Байланысты:
Ғылыми жоба

Киберқылмысты қалай ажыратуға болады?


Сізге бейтаныс нөмірден қоңырау немесе хабарлама келіп сіздің банк картаңыз бұғатталғаны, картада күдікті транзакция жасалғаны немесе біреу оны бұзуға әрекеттенгені туралы келуі мүмкін.Ол кезде тез арада деректерізді жария етуге болмайды.Банкке хабарласып не болғаны туралы сұрау керек.Банк нөмірі карточка арқасында болады.

Сізге бейтаныс нөмірден қоңырау немесе хабарлама келіп сіздің жақыныңыз қиындыққа тап болғанын айтып тез арада мына шотқа ақша лақтырыңыз деп айтуы мүмкін.Бұл кезде асықпай туыстарыңызға қоңырау шалып жағдайларын білу керек.Туысыңыздың аман-сау екеніне көз жеткізіп алыңыз.


Сізде ипотекалық несие бар, телефон немесе хабарлама арқылы банктің «қызметкері» несие ұйымының деректемелерінің өзгеруіне байланысты ай сайынғы төлемді төлеу күні мен әдісін білуге ​​тырысады, аударуды ұсынады. Егер сіз несие алушы болсаңыз, банк қызметкерлері телефон арқылы шот туралы ақпаратты, карта нөмірін немесе басқа да құпия ақпаратты сұрамайтынын есте сақтаңыз.Ол кезде ешқандай әрекет жасамаңыз.Телефон тұтқасын қойып құқық қорғау немесе банкке қоңырау шалыңыз.
Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек?

Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін. Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:



  • әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта

  • ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін

  • осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса

  • бұл жағдайда не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт

  • 111 жедел желісіне қоңырау шал

  • біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс (велосипед теп, қыдыр, киноға бар)

Қорытынды
Желіде серфинг ең қауіпсіз болмауы мүмкін. Ал сіз киберқылмыстың құрбаны бола аласыз, оны болдырмау үшін желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.Бірақ кибершабуылдардан құтылу, біз анықтағандай, анонимділікке және басқа да көптеген фактілерге байланысты өте қиын.Сол себепті бір сайтқа немесе сілтемеге кірер алдын ол не туралы екенін біліп алған дұрыс.Өз қауіпсіздігің өзіңнің қолыңда.Ақылмен жұмыс жаса!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет