Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Міндеті: Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру;
Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапшаңдылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Өтілетін орны: Спорт алаңы.
Көрнекілігі: түрлі - түсті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар, конустар, ысқырық, уақыт өлшеуіш.
Сәлеметсіңдерме балалар?
Шаттық шеңбері: Қуанышты бүгін күн.
Қайырлы таң ататын,
Қайырлы таң , балалар.
Қайырлы таң апайлар,
Ақылды біз баламыз.
Айтқан тілді аламыз.
Жаттығу жасап, тынығып,
Өсіп, үлкен боламыз.
Қызығушылықты ояту кезеңі:
Балалар күшті, епті болу үшін не істеу керек екенін білесіңздерме?
Әрине спортпен шұғылдануларың керек, ия.Ол үшін біз үнемі спортпен дос болуымыз керек. Спортпен айналыссаңдар, күшті, епті боласыңдар. Қызылорда қаласының тумасы Илья Ильн, әлем чемпионы болған. Ермахан Ибрагимов, Геннадий Головкин .Қандай спорттың түрімен айналысқан. Бокспен. Олар көп еңбектеніп, спортпен айналысқанды жаны сүйетін болған. Бізде спортпен айналыссақ, ауырмаймыз.мықты, күшті боламыз, өсеміз.
Кел, балалар Кел бері, Қыздырайық денені, Ортамызда тұрып-аұ жүгірейік бір уақ. 1,2,3 1,2,3.
Жалпы дамытушы жаттығулар.
Жүру;
Аяқты көтеріп жүру.
Төрттағандап жүру.
Басқа, иыққа, қолға, жаттығулар жасау.
Тыныс алу жаттығулары.
Негізгі бөлім :
Қырандар мен Сұңқар тобы деп екі топқа бөлеміз. Кедергіден өту ойыны:
Кедергіден өтіп, алдындағы қолдармен іздерді басу арқылы ептілікті дамыту. Геометриялық пішіндерді дұрыс құра.
Гимнастикалық орындықтан өтіп, құрсаулармен секіру арқылы шапшаңдықты дамыту жаттығулары.
Ептілікті дамыту жаттығулары;Құрсаудағы шарикты үрлеу арқылы ептілікті қалыптастыру.
Үстелде тұрған стакандарды шар үрлеу арқылы түсіре алу қабілеті.
«Тез алып, тез қой!» ойын жаттығуы.
«Тыныс ал да, әдемі ойлан!» ойын жаттығуы.
Балалар демін сыртқа шығарғанда ойша елестетеді.
«Мен арыстандай айбаттымын!»
«Мен ілбістей жүйрікпін!»
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік достар!