11. Мінез-құлқында ауытқуы бар балалар. Ерте балалық аутизм сипаттамасы.
«Біртүрлі бала» (странный ребенок)
Ерте балалық аутизм сипаттамасы Психологияның теориясы мен тәжірибесінің, нейропсихологияның коррекциялық педагогиканың және арнайы психологияның қазіргі заманға сай даму сатысы балалардың психикалық дамуының әртүрлі ерекшеліктерін терең зерттеумен мінезделеді. Әртүрлі дамуында ауытқуы бар балалар саны көбеюде. Бұл жағдай балаларды тек оқыту және тәрбиелеу процесі
барысында зерттеу қажеттілігі туындайды, сондай - ақ әр бөлек
жағдайға коррекциялық әсер ету микро программаларын анықтау
қажет. Кейінгі кездері балалардың әртүрлі психикалық ауруларын
зерттеу және коррекциялау проблемасына көп зейін бөліне
бастады, көптеген әдебиеттер шыға бастады, қылықтарында және
қарым-қатынасында ауытқулары бар, оқыту және тәрбиелеу
бұзылыс проблемаларына коррекциялыұсыныстары берілген
әдебиеттер саны көп. Бірақ сонда да әлі көп сұрақтар анықталмаған және зерттелмеген. Сонымен, ерте балалық аутизм (ЕБА) проблемасына тоқталдым. ЕБА ауруында қарым-қатынас бұзылысы баланың бүкіл мінез - құлқын өзгертеді және оның аномальді дамуының қалыптасу барысында әсер етеді: ақыл-ойы артта қалуы, невротикалық бұзылыстар, сөйлеу және есту дефекттері және т.б бұзылыстар. Ерте балалық аутизмнің коррекциясы ерекше, жеткілікті күрделі мінездемелі. ЕБА психиканың шизофреникалық дефект құрылымына кіреді және рекше орын алады, себебі барлық аномалиялық дамулардан өзінің күрделілігімен және дисгормониялығымен ерекшеленеді. Аутизм термині (грек тілінен autism - өзім ) ең алғаш 1912 жылы Э.Блейлер адамның эмоциональды қажеттілігімен басқарылатын және реалды болмысқа тәуелді емес ойлаудың ерекше түрін белгілеу үшін енгізген. Аутизмнің пайда болуы әртүрлі болуы мүмкін. Жеңіл түрде ол психиканың конституциялық ерекшеліктерінде (мінездің акцентуациясы, психопатия) сонымен қатар тұрақты психикалық травмаларда (жеке тұлғанын аустикалық дамуы) кездесуі мүмкін. Сонымен қатар психикалық дамудың дөрекі аномалиясы ретінде болады (ерте балалық аутизм) ЕБА немесе Каннер синдромы - бұл балаланы сыртқы ортадан субьективті изоляциялану негізіндегі психикалық дамудың аномалиясы. «ЕБА синдромы» атты синдромын 1943 жылы Л.Каннер бейнелеген еді. Каннерден басқа тәуелсіз бұл синдромды 1944 жылы Г. Аспергером және 1947 жылы С.С.Мнухив сипаттады. Қазіргі кезде клиникалық суретте Каннер синдромының келесі белгілері маңызды болып табылады:
аутизм баланың шектелген (экстремальді) жалғыздығы;
стереотипті әрекеттер ретінде көрінетін тұрақтылыққа ұмтылыс, әртүрлі обьектілерді құмарлану, қоршаған ортадағы өзгерістерге қарсылық көрсету;
психикалық дамуының патологиясының ерте көрінуі (2,5 жасқа дейін).
Балалық шамамен 10000 баланың ішінде 3-6 жағдайында көрінеді, көбінесе ол қыздарға қарағанда ұлдарда жиі кездеседі. Психикалық дамудың бұзылысының қиындылығына қарамастан 1/3-1/4 жағдайларда жаспен патологиялық белгілердің әртүрлі деңгейдегі басылуына тенденция пайда болды. Ерте балалық аутизм синдромы, баланың жақындарын амалсыз жағдайға әкер тірейтін психикалық дамудың ерекше бұзылысымен байланысты. Бұл проблема нашар зерттелген және мұндағы көптеген сұрақтар әлі де ашық қалдырылғандықтан, мұндай балалардың оқытуын және тәрбиелеуін, коррекциялау процесін қиындатады. Мұндай баланың жанұяда пайда болысымен көптеген сұрақтар туындайды. Онымен қалай сөйлесу керек? Оны қалай тәрбиелеу хкерек? Калай және қандай мектепте оқыту керек? Осындай және осыған ұқсас көптеген сұрақтар 10 000 баланың ішінде жиырмасына қатысты жанұялар алдында ғана қойылады. Кейбір ата-аналар өздерінің балаларын ауру деп санамайды. Бір мезеттерде көрінетін жинақылық, жағдайды түсінуі, музыкаға, өлеңдерге, табиғат сезімділігі және бетінің «интеллектік» көрінісі, ата-аналарына әлі де баланың қолынан барлығы келетін сияқты көрінеді. Бірак, біраз уақыт өткен соң, бұл бала барлығын өзі түсіне алса да, жұмыс істисе де, үлкендермен сөйлескісі де келмейді.
ЕАБ-ның клиникалық-психологиялық кұрылымына және туындауы жөнінде кептеген көзқарастар бар. Ауыратын балалардың психикалық бұзылыстарын емдеу немесе коррекциялық тәсілдері өңделуде. Аутикалық балаларды тәрбиелеуде кездесетін ерекше проблемаға ерекше зейін бөлу қажет - бұл оларды тұрмыстық дағдылардың және өзіне қызмет жасау (самообслуживание) дағдыларының қалыптасу проблемасы. Көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, БЦП-мен (ДЦП) және ақыл-ойы артта қалумен ауыратын балалардың тұрмыстық қылықтарының және өзіне қызмет жасау (самообслуживание) дағдыларына оқытуда мол тәжірибе бар. Сонымен қатар, мұнда белсенділік пен бірігіп әрекеттесудің дамуының маңыздылығы болуы қажет, тұрмыстық жағдайларға оқытумен, сөйлеуді дамытумен, сенімділік және қамқорлык сезімін тудыру қажетгілігімен байланысты күнделікті «тізімді» жағдайларды қолдану қажет. Осындай принциптер және де басқа да оқыту тәсілдерін аутикалық балалармен жұмыс істеуде қолдануы мүмкін.
Мұндай коррекциялық тәсілдерде аутикалық баланың ортақ және индивидуалды ерекшеліктерін ескеру қажет. Коррекциялық жұмыста негізінде эмоционалды қатынастың дамуына және баланың ұлкендермен қоршаған ортадағы қарым – катанысына аффектілі дамуына, мінез-құлқының ішкі механизмінің қалыптасуына бағытталуы қажет.