Тақырыбы: «Ұлтына ұлағат қалдырған» Іс-шараның мақсаты: Студенттердің «Ғабит Мүсірепов –Ұлтына ұлағат қалдырған»



бет2/5
Дата07.11.2022
өлшемі32,38 Kb.
#48152
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғабит Мүсірепов

1- Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі кешімізде жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Келесі сөз кезегін студенттерге берсек

Студент 1: Ғабит Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында ана образын жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тақырыптарын байыта түсті. Ол «Ананың анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима», «Әмина», «Ана жыры», «Ана» шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М. Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады.
«Ашынған ана» деген әңгімесіндегі «бала ананың бауыр еті ғой, отқа да, суға да сүйреп салады екен. Өзегіңнен үзіліп түскен балаң үшін қалай отқа түспессің?» , - мына бір жолдар ананың бала үшін отқа да, суға да түсетіндігіне тағы бір мәрте куә болатындаймыз.


Студент 2: Қолынан қаламын түсірмей өткен алпыс жылдай уақыт ішіндегі елдің қоғамдық және мәдени өміріндегі қадау-қадау оқиғалар суреттер шығармашылығының өзекті тақырыбына айналды. Мүсірепов әңгімелері мен пьесалары,повестері мен романдары ұлттық әдебиеттің қалыптасуына игі ықпалын тигізді,
Олар қазақ қоғамы мен қазақ халқы психологиясындағы бүкіл әлеуметтік өзгерістерді шынайы бейнелеп береді.
30 жылдардың басында Мүсірепов әдеби шығармашылықтың өте бір күрделі саласы саналатын драматургияға ден қойған еді, сөйтіп,ол қазақ әдебиетінде осы жаңа жанрдың негізін салушылардың бірі.

Студент 3:Ғабит Мүсірепов тіл туралы былай деген; «Тілін білмеген түбін білмейді».
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат – мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге,сауатты жаза білуге үйрету.Тіл –ұлттың жаны.
Тілден биік Асқар жоқ
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ,-деп Ғ.Мүсірепов айтқандай,мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау,талантты жастарды іздеп табу мақсатында және өз елін, жерін,Отанын,туған халқының тілі мен салт-дәстүрін қасткерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу парыз болып табылады.
Студент 4:1937-1938 жылдарда қара дауылдай соғып тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат салысқан С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров т.б. бастаған ақын жазушылар нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығысыға душар етті. Дәл осы кездеде өз басына қауіп-қатер төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал бағытынан таймағандардың бірі- Ғабит Мүсірепов еді. Оның жазушы Бейімбет Майлинді қаралаушылар дүрмегіне қосылмай, «Беймбет халық жауы болса, мен де халық жауымын», деп сөйлегені бүкіл елге мәлім болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет