Ананың анасы" (монолог) «Ананың анасы» әңгімесінен -
"Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан туылдыңдар! Ана мен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда? Кел ботам, өзіме! Артыңнан куып келетін ешкім де жоқ. Сен бұл елді шабуға келесің, бұл ел де басқа бір елді шабуға кеткен. Мен мына қыздың шешесімін. Қызым қазір он бесте. Дәл қызымның жасында өзім де сергелдеңге ұшырап едім. Соның суық ызғары табанымнан, қара таңбасы маңдайымнан әлі кеткен жоқ... Содан бері он бес жыл өтті. Күндіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын, соңдарыңнан қуып келіп тұрмын! Неғып қорықпай қуып келді демеңдер: он бесімде өзімде тап осы қызымдай едім, сендердің қолдарыңла кетсе, енді он бес жылдан соң қызым да тап қазіргі мендей бола ма? Мен үшін бұдан артық, қорқыныш та жоқ, қорлық та жоқ. Сол мені айдап әкелген! Берсеңдер тірі алып қайтам, бермесеңдер өліп қайтам! Қызым сендерге барғанда, күң болады, өзіммен қалса, тым болмағанда, өз етегімде еркін еркелейді. Сондықтан қызымды алып қайтамын!"
(3 топ интеллект карталарын қорғайды)
5-Атаулы күндер 1-Жүргізуші:Ендеше жазушымыз туралы көп мәлімет алдық деп ойлаймын. Сол мәліметтермен «Атаулы күндер» ойынын ойнап сергіп алсақ қалай қарайсыздар?
Жылдам әрі дұрыс жауап берген топ бағаланады.
2-Жүргізуші:Тамаша ой екен! Ойын шарты қандай?
1-Жүргізуші:Студенттерге слайдтан көрсетілген мәлімет пен жылдарды сәйкестендіреді, бұл мәлімет Ғабит Мүсіреповтың өмірімен байланысты болады.