«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі Студенттер өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
бүгінгі шарада мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
бүгін шарада қуантқаны.....
мен өзімді.....үшін мақтар едім.
маған ерекше ұнағаны.....
шарадан соң маған........келді.
бүгін маған..........сәті түсті.
қызықты болғаны.....
......қиындық тудырды.
менің түсінгенім.....
енді мен......аламын.
1-жүргізуші: Міне, бүгін жазушының өнегелі өмір жолы мен артына қалдырған бай мұрасы- оқушысын жақсылыққа, адамгершілікке, Отаншылдыққа, халықтар достығына баулитын қымбат қазына, рухани азық екенін, сонымен бірге біздер үшін тәрбиелік мән- мағынасының да зор екендігін ұғындық. Сөзімді ұлы Абайдың :
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлдідеуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,- деген жыр шумағымен қорытындылаймын.