«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған мектепшілік көркем сөз оқу сайысы)



бет1/4
Дата23.10.2023
өлшемі34,53 Kb.
#120809
  1   2   3   4
Байланысты:
Мұқағали кеш


«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
(Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған мектепшілік көркем сөз оқу сайысы)


Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.
Кештің көрнекілігі: М.Мақатаевтың суреті, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Видео сюжеттер. Сазды музыка.

1-жүргізуші:


Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен қымбатты оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқан жарық жұлдыздай жарқырайды. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық – шынымен де бақытты.


2-Жүргізуші (МАРЖАН): 
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім - ақ,
Тәңірімнің жарытпай - ақ қойғаны - ай! – деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.


1-жүргізуші:
Иә, Мұқағали – ғажайып, сыршыл ақын.
Ендеше, шығармашылық айы қарсаңында ұйымдастырылған, ақиық ақынның шығармашылығына арналған мектепішілік мәнерлеп оқу сайысымызды бастайық!


2-жүргізуші: Бүгінгі сайыс 2 кезеңнен тұрады. Алғашқы «Өлең – сөздің патшасы» кезеңінде қатысушылар қалауы бойынша ақынның бір туындысын жатқа, мәнерлеп оқулары керек.


1-жүргізуші: Ал, «Білімді мыңды жығар» атты байқаудың екінші кезеңінде, қатысушылар ақынның өмірі мен өнері, өлеңі турасындағы сұрақтарға жаңылмай жауап беруі арқылы сыналатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет